Жылдардағы Қазақстандағы мәдени құрылыс және ағарту



Дата27.12.2022
өлшемі41,07 Kb.
#59943
Байланысты:
55-60 тарих


55. 1920-1940 жылдардағы Қазақстандағы мәдени құрылыс және ағарту.
Қазакстанда болып жатқан жағдайлар мынадай міндеттердің жуық арада шешілуін қажет етті. Ол еңбекшілердің сауатсыздығын жою еді. Осы мақсатга 1924 жыддың кекегіңде "Республикада сауатсыздықты жою" қоғамы құрылды. Осы қоғамның күшімен 1927 жылы Қазақстанда 200 мыңдай адам оқытыла бастады. Алайда бұл уақытгың талабына және сол кездегі қалыптасқан жағдайға жауап бере алмады. Сондықтан да 1931 жыдцың желтоқсанында республикада 15 пен 50 жас арасындағы еңбекші тұрғынға міндетті түрде сауатсыздықты жою мақсатында оқу жүктелінді. Жылдан жылға халыққа білім беру мақсатында жұмсалатын қаржы арта тусті. 1939 жылы Республика тұрғындарының сауаты 65 пайызға көтерілді. Қазақ тұрғындарының арасында 60 пайызға жетті. Түгелдей сауатгандырылган аудандарға Алматы, Қарағанды, Орал, Шымкент, Тараз, Риддер, Лениногорск қалалары жатқызылды. Республиканың қүрылғанына 20 жыл толуына қарсы сауатсыздықты жою негізінен аяқталды. Сауатсыздықты жою мен қатар оқу-ағарту жұмыстары белсене түрде дамыды. 1926 жылдың мамыр айында республикалық СНК "КАССР-де бірдей еңбек мектебінің уставы" қабылданды. 1930-1931 жылдары көшпелі және отырықшы аудандарда жалпыға бірдей білім беру ендірідді. Орта мектептерде жоғарғы кластарды нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Колхоздар мен совхоздардың қаржысына интернаттар ашу жүйесі кеңейтіле түсті. 1940 жылы Қазақстанда 44 мыңнан астам оқушылар бодды. Соғыстың алдында 20 жоғарғы оқу орны, 118 арнаулы орта білім беретін орын жұмыс істеді. Оларда 40 мың адам оқыды. Одан басқа 1940 жылы еліміздің әр түрлі аудандарында 20 мыңнан астам қазақстандықтар оқып, білім алды.
Республиканың ересек тұрғындарының арасындағы сауатсыздықты жою, жалпыға бірдей бастауыш мектепті оқуды ендіру, халыққа білім беруді дамыту немесе жетілдіру, профессионалдық білім беру, мектепке Шығыс халықтарыньщ қыздарына жоғарғы білім беру осылардың барлығы ұлтгық интелегенцияның қалыптасуына қажетті жағдай туғызды.

Әлеуметтік саясатты іске асыруда бірқатар жетістіктерге қол жетті. 1940 жылы Қазақстанда 3100 -дей магазин, 600-дей асхана мен ресторандар, 200-дей жана емхана және 120-дай аурухана салынды. Мәдени-ағарту мекемелерінің жүйесі қалыптасты.

Сонымен сауатсыздықты жою жалпы білім беретін мектептерді көбейту жөнінде елеулі табыстарға қол жетті: жаңа советтік интеллигенцияны қалыптастыру процесі жүргізідці. Советгік Қазақстанның ғылымы өркендеді, әдебиет пен өнер дамыды. 1930 жылы жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру тәртібі енгізідді. 1932 жыддың аяғында Қазақстан тұрқындарының 42%-і сауаттанды. Бастауыш мектепте оқитындар саны 1928 жылғы 305 мыңнан 540 мыңға дейін орта мектепте оқитындар — 23 мыңнан 65 мыңға дейін көбейді. Жұмысшылар мен шаруалар қатарынан қазақ совет интеллигенциясын даярлау кең көлемде жүргі-зідді. Абай атындағы қазақтың педагогикалық институты, С.М.Киров атындағы қазақтың мемлекеттік университеті, кен-металлургия, медицина, зоотехникалық- мал дөрігерлік, а.ш. т.б. институттары, ондаған арнаулы орта білім беретін оқу орывдары ашылды. Мыңдаған қазақ жігітгері мен қыздары РСФСР, Украина, Белоруссия, Өзбекстан т.б. туысқан республикалардың жоғары оқу орындарында білім алды. Республикада ғылымды өркендетуде 1932 жылы СССР Ғылым академиясының қазақстандық базасының ашылуы маңызды қадам болды. Ол 1938 жылы СССР Ғылым академиясының филиалына айналды. Мәдени даму рухани өмірдің бүкіл саласын қамтыды. 1936 жылы майда Москвада қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі өтті.

56. Сталиндік қуғын-сүргін, олардың ауқымы және ауыр салдары. Саяси сенімсіздік және халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау. Бекмаханов ісі.


1930 жылдары Кеңес Одағында социалистік қатынастар қалыптасып, сталиндік тоталитарлық жүйе толық орнықты.
1928 жылы Кеңес үкіметінің басшылығына келген И. Сталин 1929 жылды «ұлы бетбұрыс» жылы деп атады. Халықтың есінде ешбір жазықсыз миллиондаған адамның өмірін әкеткен сталинизмнің «ұлы бетбұрыс» кезеңі мәңгі қалды.
БК(б)П ОК-нің 1923 жылғы маусымда өткен мәжілісінен кейін ұлттық идеялардың көріністерін қатаң қуғындау басталды. Ұлт зиялыларының өкілдері ұлтшыл басмашылармен байланыс және Кеңес үкіметін құлатуға ұмтылғандары үшін айыпталды, қуғын-сүргінге ұшырады. 1922 жылы басшылық қызметтегі «Алаш» партиясының бұрынғы мүшелері орындарынан қуылып, ал 1924 жылы бірқатар қазақ коммунисі республикадан Орталыққа шақыртылып алынды. Қазақстандағы 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайдың күрделілігі В.И. Лениннің ізбасарлары И. Сталин мен Л. Троцкий және басқалардың арасындағы билік, көсемдік үшін тайталаспен ерекшеленді.
Аштық пен жаппай қуғын-сүргін, тоталитарлық режимнің жазықсыз адамдарды қуғындауы мен күштеп жер аударуы осы жылдардағы басты оқиғалар болды.
Қазақстанда халыққа қысым жасау саясаты, әсіресе, 1925 жылы қыргүйекте БК(б)П Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшылығына Ф.И. Голощекиннің келуімен күшейді. 20 жылдардың соңында ел ішінде адамдардың бір-біріне деген жаппай сенімсіздігі, қорқыныш пен қорғансыздық күйі белең алды.
1928 жылдың соңында «буржуазияшыл ұлтшылдар» атанған «Алашорданың» бұрынғы қайраткерлерінің бәрі тұтқындалды. «Алаш» партиясының өкілдерін қудалау мақсатында кез келген айла-шарғы пайдаланылды. Баспасөзде олардың атын қаралайтын мақалалар жарияланып, тікелей арандату әрекеттері жасалды, олардың отбасы мүшелері, жақындары тұтқындалды.
Оларға «буржуазияшыл-ұлтшылдар» деген айып тағылды. Сол жылы 44 алашордашы тұтқындалып, оның ішінде Ж. Аймауытов, Ә. Байділдин, Д. Әділев ату жазасына кесіліп, үкім орындалады. Ал қалғандары түрмеге қамалады.
Ұлт зиялыларының екінші тобы 1930 жылдың қыргүйек-қазан айларында тұтқындалып, оның 15-і Ресейге жер аударылды. Бұл кезеңде Ж. Аймауытов, Ә. Байділдин, Д. Әділевтер атылып, қалғандары әртүрлі мерзімге түрмеге жабылды. Олардың кейбіреулері (М. Дулатов т.б.) лагерьлерде қайтыс болды, қалғандары (А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев т.б.) жазасын өтегенімен «Алашорданың» қызметіне араласқаны үшін қайта айыпталып, 1937-1938 жылдары атылды.
1937 жылы БК(б)П ОК-нің, И.В. Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары мен олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың» қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты.
1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жауы» немесе «халық жауының сыбайластары» және т. б. айыптар тағылды. Танымал қазақ зиялылары, Алаш қайраткерлері саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың отбасы мүшелері де жазықсыз қудалау көрді.
«Халық жауларының» көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының мәжілістерінде, «екілік» пен «үштік» атанғандар мен НКВД-ның ерекше кеңестерінде құпия жағдайда шешіліп жатты. 1930 жылдардың ортасында Л. Мирзоян, Ү. Құлымбетов, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов. О. Жандосов, Т. Жүргенов сынды көрнекті партия және мемлекет қайраткерлері «халық жаулары» ретінде тұтқындалды.
1920-1950 жылдардағы заңсыз қуғын-сүргіннің бір көрінісі – мемлекет және оның қызмет иелері мен органдарының қарапайым адам құқықтарын жаппай өрескел бұзып, аяққа таптауы болды. Бұл заңбұзушылық қуғын-сүргін саясатын жүзеге асыру барысында бұқаралық сипат алып, оған заңдық негіз бен жариялылық түр берген Кеңес заңдарының нормалары нұсқаулармен бүркемеленді.
Бұл кезең қолданылған қылмыстық жазалардың ерекше қаталдығымен сипатталады. Мысалы, 1926 жылғы РКФСР Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлімінің I тарауында көрсетілген контрреволюциялық қылмыстардың 17-сінің 12-іне ең жоғарғы жаза – ату жазасын қолдану қарастырылды. Азаматтарды «халық жауы» деп жариялап, азаматтық құқықтардан айыру, мемлекеттен қуу, дүние-мүліктерін тәркілеу, қатаң оқшаулау арқылы еркінен айыру тәрізді жазалау шаралары да кеңінен қолданылды. Тоталитарлық тәртіп адамдардың өздеріне тағылған айыптауларды әділ, жан-жақты талқылайтын соттың болуын талап ету сияқты ажырамас құқығын да теріске шығарды.
Қазақстандықтарға көбінесе жапон, кейде герман тыңшылары деген айып тағылып, айыптаушылар мен сотталғандардың «мойындауы» ешқандай дәлелдеусіз жүзеге асырылды. Көршілердің, қызметтестердің, тіпті таныстар мен туыстардың берген жалған мәліметтеріне негізделген, «Кеңес үкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізді» деген айыптау да кең таралды.
Қазақстанда, сондай-ақ азаматтарды ұлтшылдық және ұлтшыл ұйымдар құру арқылы республиканы Кеңес Одағының құрамынан бөліп алуға тырысты деген айыптау да кең қолданылды. Көптеген адам террорлық әрекеттер, диверсия, саботаждарды жүзеге асыруға дайындық жасағаны, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне қарсы экономикалық контрреволюциялық әрекеттер ұйымдастырғаны үшін деп негізсіз қуғын-сүргінге ұшырады. БК(б)П-ның Алматы обкомы мен Халық комиссариатының бұрынғы хатшысы Ж. Садуақасовқа, жазушы С. Сейфуллинге, ағарту халық комиссары Т. Жүргеновке 1937 жылы көп айыптың бірі ретінде «Ырғызда, Қарақұмда, Сарысуда және басқа да аймақтарда болған көтерілістерді ұйымдастырған» деген айып тағылды. Жазушы С. Сейфуллинге «Жапонияның протектораттығындағы Қазақ буржуазиялық мемлекетін құрмақ болған» деген ақылға сыймайтын айып тағылды. С. Сейфуллиннің әйелі, Т. Рысқұловтың әйелі мен қызы, Т. Жүргеновтің әйелі, С. Қожановтың әйелі және т.б. көптеген қазақ, орыс және өзге ұлт қайраткерлерінің әйелдері, балалары жазықсыз азап шекті. Қазақстан коммунистік партиясы «ұлтшылдық вирусының тамырына балта шабу» жөнінде қаулы қабылдады. Көп ұзамай қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымының докторы Ермұқан Бекмаханов 25 жылға сотталды.
1944 жылы басталып, 1952 жылы Ермұқан Бекмахановтың 25 жылға сотталуымен аяқталған даудың басы «Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі» деген ғылыми тұжырым еді.
Қазіргі тарих ғылымында орныққан бұл тұжырымды әуел баста көтерген ғалым сегіз жыл әуре-сарсаңға түсіп, ақыры бір жарым жылын ГУЛАГ абақтысында өткізді. Бекмахановтың саналы ғұмырының он екі жылдық сергелдеңіне кейбір отандық тарихшылар да «үлес» қосты.
Республика басшылығы «ұлтшыл» Бекмахановты қатаң айыптай отырып, осынау «ұлтшылдықты жөргегінде тұншықтырмаған» сол кезде Қаныш Сәтбаев басқарған Қазақ ССР Ғылым академиясын аяусыз сынады.. Соның нәтижесінде Бекмаханов қана емес, басқа да ұлтшылдар «табыла қалып», қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші Есмағамбет Ысмайылов, Қажым Жұмалиев, т.б. ғалымдар да сотталды. Ал Қаныш Сәтбаев Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Қамауға алу туралы сөз бола бастағанда КГБ офицерлерінің бірінің астыртын жанашырлық ескертуінен кейін Мұхтар Әуезов те табан астында Мәскеуге ұшып кетті.
Бекмахановтың еңбегінде Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың «феодалдық-монархиялық қозғалыс» деп аталмай, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі ретінде қарастырылуынан шыққан даудың соңы қазақ ғалымдарының осылайша тағы да жаппай қуғын-сүргінге ұшырауына әкеліп соқты.
57. Халық шаруашылығының әскери өмірлік жағдайларға көшуі. Халықтарды, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен мәдениет объектілерін Қазақстан өңірлеріне эвакуациялау. Отан соғысы жылдарындағы тыл қызметкерлерінің батылдығы. (1941-1945 жж.).
1941-1945 жылдардағы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретінде тарихқа мәңгі енді. Бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасты. Соғыстың басталуы және оның сипаты туралы тарихи деректерге сүйенетін болсақ:

Шабуыл жасаспау туралы (1939 ж. 23 тамыз) Кеңес Одағымен жасаған келісімді фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда бұзып, соғыс жарияламастан КСРО аумағына аяқ астынан басып кірді.

1940 жылдың орта кезеңінде-ақ (18 желтоқсан) Гитлер КСРО-ға басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрлықтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты қысқа мерзім ішінде (3-4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді. Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық-түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.

Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: "Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін«,— деп әскери комитетке өтініш берді. Қазақстаннан соғыс майдандарында 100-ге жуық ақындар мен жазушылар шайқасқан. Республика бойынша 2 миллионнан астам адам әскери даярлықтан өтті.Қ


Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Европа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты.

Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар — шығыстың қос шынары: пулеметші Мәншүк Маметова мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болды.

Кеңес Одағының батыры, Қазақстан республикасының қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов те Берлин үшін ұрыстарға өз жауынгерлерін бастап кірді. Берлинге шабуыл жасауға жерлестеріміз Есжанов, И.Я.Сянов, Х.Қайдаусов, З. Тұрарбеков, Х. Көбеков, Т. Бигелдинов, А.Еремеев, Н.Шелихов және т.б. көптеген адамдар қатысты. Жас офицер Р.Қанқарбаев өзінің досы Г.Булатов пен бірге рейстаг терезелерінің біріне алғашқыларының бірі болып алқызыл Жеңіс туын желбіретті, ал Орал өңірінің жас офицерлері Қ.Меденов пен Р.Қараманов Берлин ратушасының төбесіне тікті.
58. Қазақстандықтардың майдандық іс-қимылдарға, партизандық қозғалысқа қатысуы. Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары. Батыс Қазақстан тұрғындарының Еңбек және жауынгерлік ерліктері.
Партизандық қозғалыс үлкен саяси маңызға ие болды. Партизандық бөлімдер мен партиялық астыртын жұмыс жүргізушілер жергілікті тұрғындар арасында үлкен ауқымды жұмыстар жүргізді. Парақшалар, астыртын жұмыс газеттері арқылы, жеке əңгімелерінде олар басып алынған территорияларда тұрған кеңес адамдарына кеңес-герман майданындағы жағдай туралы шынайы ақпараттар берді, басқыншы биліктің жаласы мен өтірігін жоққа шығарды, фашистік езгіден азат болу жəне жаудың түпкілікті талқандалатындығына сенімді қолдады. Қорыта келе, неміс-фашист əскерлерімен басып алынған территориядағы кеңес адамдарының бүкілхалықтық күресі ауқымы, саяси жəне əскери нəтижесі бойынша фашизмді талқандаудың маңызды əскери саяси факторы мағынасына ие болды. Қазақстандықтар басқа да кеңес ұлт өкілдері қатарында соғыс жүріп жатқан аумақтың қай бөлігінде соғысса да, Отан алдындағы борышын абыроймен атқара білді. Партизандар қозғалысына қатысқан қазақстандықтар туралы мəселе əлі де талай тың зерттеулерді қажет етеді.

Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Европа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты.Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар — шығыстың қос шынары: пулеметші Мәншүк Маметова мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болды. Кеңес Одағының батыры, Қазақстан республикасының қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов те Берлин үшін ұрыстарға өз жауынгерлерін бастап кірді. Берлинге шабуыл жасауға жерлестеріміз Есжанов, И.Я.Сянов, Х.Қайдаусов, З. Тұрарбеков, Х. Көбеков, Т. Бигелдинов, А.Еремеев, Н.Шелихов және т.б. көптеген адамдар қатысты. Жас офицер Р.Қанқарбаев өзінің досы Г.Булатов пен бірге рейстаг терезелерінің біріне алғашқыларының бірі болып алқызыл Жеңіс туын желбіретті, ал Орал өңірінің жас офицерлері Қ.Меденов пен Р.Қараманов Берлин ратушасының төбесіне тікті.


1941 жылы 22 маусымда ¥ л ы Отан соғысы басталған мезетте-ақ одақтың басқа аймақтары тәріздес Батыс Қазақстан /Ақтөбе, Гурьев, Батыс Қазақстан облыстары/өңірінде де соғыстың алғашқы күні-ақ халық жиындары мен ереуілдер өтіліп, оған батысқазақстандықтар белсене қатысып, Отанды қорғауға дайын екенін білдіріп, еріктілер тізіміне жазыла бастады.Мәселен, соғыс басталған, яғни 22 маусым күні Ақтөбе қаласында өткен жалпы қалалық жиынға 20 мыңнан астам халық жиналса, Гурьев облысының Мақат кәсіпшілігінде - 1500 адам, Форт- Шевченкода - 3000 адам қатысқан жиындар өтілсе, Батыс Қазақстан облысындағы іргелі білім ордаларының бірі - Орал пединститутында жиын өтіп, Отан қорғауға қасық қаны қалғанша шайқасуға ант қабылдап, студенттер В.Жевак, И.Афанасьев, А.Нестеренко, Д.Черняев, З.Мүқанов, Л.Ошибов, т.б. тізімге бірінші болып жазылды.Кейін мүндай жиындар өңірдің барлық өндірістік мекемелерінде, колхоздарда, оқу орындарында өтілді. Жиынға қатысушылар үлкен жігерлілікпен, патриоттық сезіммен Отанын қорғау басты борышы екенін сезіне отырып, тез арада майданға жіберуді талап етіп, әскери комиссариаттарға өз өтініштерін білдіре бастады. Олардың қатарларында табиғатынан нэзіктілік пен батырлықты байқатқан ел басына қауіп төнген уақытта Томирис, Бопай апаларындай жауға қарсы шығып, майданға аттануға өз өтініштерін білдірген қазақтың қыздары да болды. Мәселен, Гурьев қаласында да соғыстың алғашқы күндерінде 23 қыздан майданға жіберу туралы өтініш түссе, Ақтөбе қалалық әскери комитетке 25 маусымның өзінде-ақ 392 арыз түссе, оның 90-ы отбасын қүрған әйелдер болды, ал 27 маусымға дейін Ақтөбе облысынан өтініш білдірген әйел-қыздардың саны 140-тан асқан.Тіпті кейбір отбасылы қыз-келіншектер Отанын жаудан қорғауды бірінші кезекке қойып, өз балаларын мемлекет қарауына қалдырып, өздері ер азаматтарымен бірге майданға баруға батыл шешім қабылдады. Солардың бірі - Ақтөбе қалалық балалар бақшасының тәрбиешісі Т.А. Сидельникова Отанын қорғауға эзір екенін, 3 жастағы баласын балалар үйіне қалдырып, өз еркімен Қызыл Армия қатарына алуға өтініш білдірсе, Некрасов көшесі 66 үйінің түрғыны А.Р. Бучацкой радиодан Сыртқы Істер Халық Комиссариатының орынбасары Молотовтың сөзін естігеннен кейін, Кеңес Одағының азаматы ретінде күйеуімен бірге майданға аттанып, Отанын ақырғы демі біткенше қорғауға эзір екенін айтып, өз еркімен өтініш жазды. Мүндай еріктілер қатары аймақта күн сайын артып отырды.Дегенмен де, майданға аттанушылардың саны артқанымен оларды әскери іске үйретуде өзіндік қиындықтар кездесті. Олардың ең бастысы - әскери басшы командирлерінің жетіспеуі болды. Соғыс алдындағы сталиндік репрессияның өршіген кезеңінде әскер басшыларының 55 пайызы жазықсыз қуғындаудың қүрбаны болды. Азамат соғысының от-жалынында шыңдалған 43 мыңға жуық Қызыл .Армия командирлері сталиндік лагерьлерде опат болды. Даңқты командирлер, эскери теоретиктер репрессия түзағына ілініп, қолбасшыларының қатары сиреген болатын. Қорғаныс халық комиссариатындағы Әскери Кеңестің мүшелерінен, небэрі 10-ақ адам жазықсыз жаладан аман қалды. Міне, осындай орасан қиыншылықтарға тап болып, байырғы командалық корпусының қатары сиреген.Кеңестік Қарулы Күштер ¥ л ы Отан соғысына өте қиын жағдайда кірісті.
• Мәншүк Мәметова. 1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-ші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға-сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.
• Әлия Моладағұлова. Әлия Молдағұлова үш рет жауға қарсы контршабуылға шықты. Бұл ұрыстарда ол 23 неміс солдаты мен офицерлерін жойды. Әлияның жау десе қаны қайнайтын еді. Ол өзінің жасаған істеріне қанағаттанбай, әлі де жауды торып жүріп жойғысы келетін. Әлияның соңғы шайқасы траншеяда өтті. Ол неміс офицерімен бетпе-бет келіп, қоян-қолтық ұрыста күш тең емес болып, ол фашисттің қолынан сытылып шығып, автоматпен неміс офицерін атты. Фашист өлер алдында пистолеттен Молдағұлованың кеудесіне оқ атып үлгеріп, Әлия ерлікпен қаза табады.
• Хиуаз Доспанова. Ол қан майданда 300-ден аса жауынгерлік операция орындап, аса маңызды жау шебін талқандайды. Түн қараңғысында жауға қырғидай тиген ол соғыс кезінде ұшақтан 14 рет құлаған екен. Төрт мәрте ауыр жарақат алса да, есін жиысымен ұрыс даласына қайта оралып отырған Кеңес Одағының батыры М.Чечнева өзі Хиуаздың шеберлігі жайлы былай деп жазған еді: Хиуаз ұшағын нысанаға ылғи да дәл апаратын және өз аэродромына да сондай дәлдікпен қайта оралатын. Хиуаз бен оның ұшқыш құрбыларын немістер "Түнгі мыстандар" деп атап, олардың әуеден бағыттаған соққысын үрейлене күткен екен.
59. Н.С.Хрущевтің партиялық-мемлекеттік басқару және экономикалық даму жүйесіндегі реформасы, оның үстірт сипаты.
КСРО-дағы 1957 жылғы экономикалық реформа – 1957-65 жылдары жүргізілген халық шаруашылығын басқару реформасы. Ол 1930 жылдардың ортасынан бастап қолданылып келе жатқан орталықтандырылған салалық басқару жүйесін[1] орталықтандырылмаған, аумақтық-бөлінген жүйемен ауыстырумен сипатталды, ол кеңес әдебиетінде «территориялық принципке негізделген басқару жүйесі» деп аталды. [2]. КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы және (1958 жылдан) КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы Н.С.Хрущевтің есімімен байланысты. Реформа КСРО территориясын «экономикалық әкімшілік аудандарға»[3] бөлуден, КСРО-ның облыстары, аумақтары мен республикалары шегінде аумақтық халық шаруашылығы кеңестері желісін құрумен, оларға кәсіпорындар кіретіндіктен тұрды. бұрын индустриялық және агроөнеркәсіптік министрліктерге бағынатындар берілді. Реформаның бастамашыларының пікірінше, өндірісті басқару жүйесін орталықсыздандыру оның өсуін арттырып, өнім сапасын жақсартуға, ресурстарды бөлуді оңтайландыруға, жабдықтарды жөндеуге кететін шығындарды азайтуға, материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастыруды жақсартуға мүмкіндік береді. Алайда, 1930 жылдардың ортасынан бастап қалыптасқан қатаң орталықтандырылған салалық басқару жүйесін бұзуға бағытталған реформаның алғашқы жылдарындағы орталықсыздандырудың қысқа кезеңі біртұтас техникалық саясаттың бұзылуына және өнеркәсіп пен экономикалық байланыстардың ыдырауына әкелді. ауыл шаруашылығы. Экономикалық кеңестерді ұлғайту және әкімшілік экономикалық аудандарды біріктіру арқылы жағдайды түзету әрекеті республикалық және одақтық экономикалық кеңестер мен салалық мемлекеттік комитеттер түріндегі басқарудың аралық буындарының пайда болуына әкелді. Салалық басқару органдарының қарамағында болған ғылыми-зерттеу, жобалау және жобалау ұйымдары аумақтық органдарға бағынуын жалғастырған өнеркәсіптік кәсіпорындардан ажыратылды. Бұл кәсіпорындарды жобалау, салу және реконструкциялау сапасының төмендеуіне әкеліп соқты, жаңа технологияларды, машиналар мен жабдықтарды енгізуді баяулады және соның салдарынан өнеркәсіп өнімдерінің сапасының төмендеуіне әкелді. Дегенмен, бұл реформа айтарлықтай экономикалық өсуге әкелді.
Кеңестік экономиканы шаруашылық кеңестер арқылы орталықтандырылмаған басқару тәжірибесі бірнеше себептерге байланысты өзін ақтамады. Оның басты себебі, қалыптасқан орталықтандырылған басқару жүйесін түбегейлі құрылымдық қайта құруға қарамастан, реформаның бұл жүйенің мәніне емес, формасына ғана әсер етуі болды.
60.Қазақстанның тоқырау жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы (ХХ ғасырдың 70-80 жылдары). Дағдарыс құбылыстарының өсуі, басқарудың әкімшілік әдістері.
ХХ ғ. 70-жылдарының басында 60-шы жылдардың ортасында басталған экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бұрмаланып және көп ұзамай реформаны жүргізу тоқтатылып, тарихымыздағы тоқырау кезеңі басталған болатын.
“Тоқырау” кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен дамыды. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32% жұмсалды. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 2 есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда 3 еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндіру одан әрі шоғырланып, орталықтандырылды. 1975 жылы республиканың барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен жабдықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген дүние жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Машина жасау және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12%-ке жетті.
Бұл көрсеткіштер оныншы және он бірінші бесжылдықтарда да кеміген жоқ. 1980 жылға дейін 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар іске қосылды, өндірістің жаңа салалары пайда болды. Дегенмен осы жылдарда КСРО-ның бірыңғай халық шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кеткен Қазақстан экономикасы қарқынды дами алған жоқ. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды. Одақтық ведомстволар республиканың шикізат ресурстарын өздеріне тасып алып, аса зор пайда тапты. Бірақ, олар Қазақстан бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржы жұмсамады. Олар өз қарауындағы кәсіпорындар арқылы жылына 15 млрд. сом жалпы табыс алып отырса да, республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн. сом немесе 1 проценттен аз қаржы аударды. Міне, осындай және тағы да басқа себептерге байланысты өнеркәсіп өнімінің кейбір түрлерін өндіру жөніндегі жекелеген экономикалық көрсеткіштер бойынша жоспарлық тапсырмалар орындалмады. Өндірісті жоспарлауда кемшіліктер орын алды, жаңа өндірістік қуаттар кешігіп іске қосылды. Еңбек тәртібін бұзушылыққа жол берілді, ғылым мен техниканың жетістіктері өндіріске жеткілікті дәрежеде тез енгізілмеді. Осының әсерінен, республика өндіріс орындары 1981 ж. 760 млн. сом, 1982 ж. – 1,0 млрд., 1983 ж. – 1,3 млрд., 1984 ж. –1,65 млрд. сомға жоспарлы өнімді берген жоқ. Сонымен бірге өндіріс тиімділігі мен өнім сапасын арттыруда, ғылыми-техникалық дамуда, қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде капиталистік мемлекеттерден кейін қалу күшейе түсті.
Бұл жылдарда жалпы өнім көрсеткішін өсіру ауыр өнеркәсіпте негізгі мақсатқа айналды. Күрделі құрылыста да жұмысты атқарудың ұзақ мерзімге созылуы салдарынан ұлттық байлықтың едәуір бөлігі істен шығып қалып жатты. Қымбатқа түсетін, жоғары ғылыми-техникалық көрсеткіштерге жетуді қамтамасыз етпейтін өндіріс орындары салынды. Бірақ, осыған қарамастан республиканың басшылығы партияның кезекті съездерінде ірі өнеркәсіп орнының, шахтаның, мұнай кәсіпшілігінің, комбинаттардың, зауыттардың қатарға қосылғаны туралы зор жігерленген рухта есеп беріп отырды. Еңбекті, материал мен ақшаны көп жұмсаған кәсіпорын және оның басшыларының көрсеткіші жоғары бағаланды. Республика ілгерілеу қарқынынан айырыла бастады, шаруашылықтың барлық саласында іркіліс көбейіп, қиыншылықтар үсті-үстіне жинақталып, шиеленісе түсті, шешілмеген проблемалар көбейді. ІХ бесжылдықта жоспардың күрт төмендетілгеніне қарамастан өнеркәсіп көлемі 12,6%-ке орындалмады. Оныншы бесжылдық - 25%-ке, ал он бірінші – 3,6%-ке орындалған жоқ. Соның салдарынан қаралып отырған жылдарда ұлттық табыстың өсу қарқыны баяулап, 80-ші жылдардың бас кезінде экономикалық тоқырауға жақындатқан деңгейге дейін төмендеді. Мысалы, республика ұлттық табысын 60-70%-ке өсіру міндеті қойылса, ол іс жүзінде 36%-ке ғана орындалды. Республиканың көптеген шаруашылық қызметкерлері ұлттық байлықты молайту қамын ойламай, қайта белгілі бір салаға материал мен еңбекті, жұмыс уақытын көбірек жұмсап, оны қымбатырақ бағаға өткізуге әуестенді. Осының салдарынан өнімнің “жалпы саны” өскенімен, бірақ тауарлар жетіспеді. Қазақстан дамыған басқа елдерге қарағанда өнімнің бір өлшеміне шикізатты, энергияны, басқа да қуаттарды едәуір көп жұмсады. Мәселен, АҚШ пен Жапония өнімнің бір өлшеміне бізге қарағанда шикізат пен энергияны 30-40% кем пайдаланды. Елдің экономикасының ондаған жылдар бойы экстенсивті жолмен дамығаны көбінесе осы себептен еді.
Өндірісті көлемі жағынан басымырақ өсіру идеяларында тәрбиеленген республика басшылығы үсті-үстіне жаңа шығындар жұмсау әдісімен әрекет жасады, отын, энергетика салаларын ұлғайтты, өндіріске табиғи ресурстарды жеделдете тартты. Мысалы, Маңғыстауда өндіретін мұнайдың және онымен қосылып шығатын газдың тек қана 8-10% ғана пайдаланылды. Аса ірі кәсіпорындар салу арқылы шикізат салаларын дамытуға бағыт ұстау ғылыми прогресс арқылы өркендейтін өндірісті тежеді, өңдеу, қайталап өңдеу, жаңа тауарлар шығару салалары баяу дамыды.
Өндірістің теңестірілмеуі, әкімшілік арқылы басқарылуы жағдайында жылдық, тоқсандық және айлық тапсырмаларды өзгертіп отыру үйреншікті іске айналды. 1981-1985 жылдары Қазақстанда әртүрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300-ден астам рет өзгертілген. Күрделі құрылыстарда бітпеген объектілер саны өсті, жоспарлы құрылыстардың орнына жоспардан тыс көптеген құрылыстар салынды, қосып жазу, құрылыс материалдарын талан-таражға салу көбейді. 70-жылдарда құрылыста бригадалық-мердігерлікті дамыту қозғалысы басталды. Оның негізінде жұмысшылардың өндірісте қорларды пайдалануда тәртіп орнату, еңбекақы төлеуде теңгермешілікті жою, неғұрлым көбірек дербестік алу жолындағы ұмтылысы жатқан еді. Бригадалық мердігерлікті сөз жүзінде бәрі қолдады және насихатттады, ал іс жүзінде мердігерлік әдіс көптеген нұсқаулар арқылы жоққа шығарылды.
Бұл кезде Қазақстанда экономиканы дамытуда интенсивті жолға көшу және ғылыми-техникалық прогресті өрістетуге бағыт алынды. Қызықты идеялар мен ұсыныстар аз болған жоқ, жаңашылдар мен өнертапқыштардың саны көбейді, тек 1981-1985 жылдары жаңашыл ұсыныстар берген авторлардың саны 818,8 мың адамға жетті. Алайда, олар өндіріске ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізу практикасында аз ықпал жасады. Көптеген кәсіпорындарда өндірістің бүкіл процесі емес, тек жеке учаскелері ғана автоматтандырылды немесе комплексті механикаландырылды. 80-ші жылдардың орта кезінде өнеркәсіптегі жұмысшылардың үштен бірі, құрылыста жартысынан астамы ауыр қол еңбегін атқарды, олардың творчестволық белсенділігі төмен болды. Кәсіпорындарда социалистік жарысты ұйымдастыру жасанды сипат алды. Ресми мәлімет бойынша бұл жылдары жарысқа жұмысшылардың 90% қатысқанымен, мұның өндірістің өсу қарқынына, еңбек өнімділігіне, өнімнің сапасын жақсартуға, өндірісті жетілдіруге ықпалы болған жоқ. Өндірісте немқұрайлылық, салақтық, ынта-жігерсіздік тағы басқа да келеңсіз көріністер үйреншікті әдетке айналды.
Тоқырау кезеңін қамтыған үш бесжылдық аралығында ауыл шаруашылығын 1965 жылдан басталған реформалау әрі жалғастырылды. Аграрлық салаға қаржыны көптеп бөлу, селоның әлеуметтік проблемаларын шешу, шаруашылық есепті енгізу, ауыл шаруашылық өнімдерінің сатып алу бағасын арттыру шаралары белгіленді. Осы бағытта тек 1971-1978 жж. ауыл шаруашылық саласына 58,2 млрд. сом бөлінді. Мұның нәтижесінде 1985 жылға дейін негізгі егін шаруашылығы жұмыстары – жер жырту, тұқым себу, дәнді дақылдарды жинау, мал шаруашылығы саласындағы жұмыстар 75-90% техникаландырылды. Алайда, ауыл шаруашылығы проблемаларын тек күрделі қаржыны көбейту арқылы шешу жолы тиісті нәтиже бермеді. Аграрлық секторда аса маңызды орын алатын жердің құнарлылығын арттыру, электрлендіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындар жеткілікті дәрежеде салынбады. Сондай-ақ село еңбеккерлерінің әлеуметтік-экономикалық проблемалары шешілмей қалды, сөйтіп бұл салада күткен бетбұрыс болмады, нәтижесінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру тұрақсыз болды. Егістіктің шығымдылығы азайды, мал шаруашылық өнімдерін өндіру төмендеді.
Бұл кезде ауыл шаруашылығы секторының құрамында едәуір ұйымдық өзгерістер енгізіліп, колхоздардың есебінен совхоздардың саны көбейді. 1960 жылы республикада 879 совхоз бен 1355 колхоз болса, 1985 жылы колхоздар есебінен совхоздар саны 2140-қа өсіп, 388 колхоз қалды. Сөйтіп, меншіктің кооперативтік-колхоздық түрінің үлес салмағы едәуір төмендеді. Бірақ, осыған қарамастан колхоздық меншіктің одан әрі жетілуін байқауға болады. 1971-1985 жылдары совхоздардың өнімі көбеймей бір орында тұрып қалса, колхоздарда ол орта есеппен 200 мың сомға дейін өсті.
Мал шаруашылығының жем-шөп базасы нығайтылды, жем-шөптік дақылдар егілетін алқаптар ұлғайтылды. Дегенмен мұның барлығы тек экстенсивтік шаруашылық негізінде іске асырылды. Атап айтқанда, жемшөптік дақылдар егілетін алқаптар сегізінші бесжылдықтағы 6678,4 мың гектардың орнына ІХ бесжылдықта 8824,6 мың гектарға дейін жеткізілді. 1985 жылы жоспарланған 50 млн. қойдың орнына тек қана 35 млн. қой болды. Оған шопанның ауыр еңбегіне немқұрайлы қарау, малды күтіп бағудағы қазақтың еңбек дәстүрін елемеу, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан, сыннан өткен технологиясының жоғалып кетуі үлкен әсерін тигізді.
Бір айтып кететін жағдай, бұл жылдары мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіру басталды. Сондай-ақ ет және сүт өндіретін кешендер мен мал бордақылайтын алаңдар салынды, малды өсіріп, күтетін мамандандырылған шаруашылық бірлестіктері, құнажындар өсіретін фермалар құрылды. Жалпы қуаты 23 мың ірі қара малды жедел өсіріп, бордақылайтын төрт кешен: Алматы облысы бойынша 10 мың басқа арналған “Жетіген”, Шығыс Қазақстан облысында 5 мың басқа есептелген “Ждановский”, Орал облысында 5 мың басқа арналған “Правда” газеті атындағы, Ақмола облысында 3 мың басқа арналған “Шалқар” кешендері жұмыс істеді. Қарағанды облысында шошқа өсіріп бордақылайтын “Волынский” кешені қатарға қосылды. 1976 жылдың басына қарай 575 мың бас ірі қара мал, 418 мың шошқа, 1,7 миллионнан астам қой өнеркәсіптік негізде күтіп бағылды.
Бірақ, осы жылдарда ауыл шаруашылығында келеңсіз жағдайлар қалыптаса бастады. Мал аурулары көбейіп, нәтижесінде мал саны азайып кетті. Азық-түліктік астық өндіру жөнінен одақта алдыңғы орындардың біріне шыққан республика жыл сайын жемге арнап басқа жерлерден миллиондаған тонна астық сатып алып отырды. Мұнда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сақтау, халыққа сату ісі сұранысты қанағаттандырмады. Көліктің, элеваторлардың, қоймалардың жетіспеушілігінен, жолдың нашарлығынан жыл сайын жиналып алынған өнімнің 20%-тен 40%-ке дейінгісі ысырап болды. Ауыл тұрғындарының еңбегі тиісінше бағаланбай, олар қалаларға, басқа жақтарға көшіп кетуге мәжбүр болды.
Аграрлық сектор саласында енгізілген жаңа сатып алу бағасы көбінше өнімнің өзіндік құнын ақтамады. Зиянмен жұмыс істейтін шаруашылықтардың саны артты. Егер 1970 жылы ондай шаруашылықтардың үлес саны совхоздардың 26%-ін, колхоздардың 4%-ін қамтыса, 1985 жылы совхоздардың 53% , колхоздардың 49% зиянмен жұмыс істеді. Ауыл, село еңбекшілеріне еңбекақы төлеуде теңгермешілік күшейді, адамдар көбінесе ақшаны жұмыстың нәтижесі үшін емес, жұмысқа шыққаны үшін алды. Еңбекте ақы төлеу оның өнімділігінің өсуінен басып озды.
Республиканың жергілікті жерлеріндегі ауыл шаруашылығы өндірісін ұтымды ұйымдастыру, оның тиімділігін арттыру бағытындағы кейбір ізденістер басшы органдар тарапынан қолдау таппады. 80-ші жылдардың басында жүргізілген сансыз көп қайта құрулар, эксперименттер, бағаның, интеграция мен мамандандырудың жаңа түрлерін және т.б. енгізу ауыл шаруашылығының берекесін кетірді. Одан болдырған ауыл шаруашылығы қатаң әкімшілік бақылауға алынып, аяғында келіп дағдарысқа ұшырады. Істің жағдайын жаңа шешімдер қабылдау жолымен өзгертуге тырысу елеулі нәтиже бермеді.
ХХ ғ. 70 және 80 жж. бірінші жартысында Қазақстанда халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде бірсыпыра істер атқарылды, жұмысшылар мен қызметшілердің орташа айлық табысы едәуір өсті. 70-жылдардың І-ші жартысында халық шаруашылығының өндірістік салаларында жаңа еңбек ақы белгіленді, ең төменгі жалақы 70 сомға жеткізілді. Колхозшылардың кепілді еңбек ақысы көбейді, халықтың төмен айлық алатындары орташа айлық алатындар дәрежесіне көтерілді. Осы жылдары халықты қоғамдық тұтыну қоры есебінен қамтамасыз ету біраз жақсарды. Оның едәуір бөлігі жәрдем, зейнетақы және стипендия төлеуге, тегін білім алуға, денсаулық сақтауға, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалды. 1971 жылы колхозшылар үшін де жұмысшылар мен қызметкерлерге белгіленгендей зейнетақы белгілеу тәртібі енгізілді. 1972-1974 жж. соғыс және еңбек мүгедектеріне айлық орташа зейнетақы 33%-ке көбейтілді, ал 1975 ж. Отан соғысының мүгедектеріне қосымша жеңілдіктер енгізілді.
Алайда, бұл шаралардың халықтың тұрмыс дәрежесін көтеруге ықпалы аз тиді. Өйткені мемлекеттің және кәсіпорындардың бағаны көтеруі, тауарлар сапасының нашарлауы, тапшылықтың өсуі, еңбек ақы төлеудегі теңгермешілік және т.б. халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуіне әкеп соқтырды. Оған ақшаның құнсыздануы әсер етті, тек 1970-1986 жж. құнсыздану 20%-ке өсті. Әлеуметтік саладағы ең өткір проблеманың бірі тұрғын үй проблемасы болды. Халық санының өсуіне байланысты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі аяғына дейін шешілмеді, оған үй салуға бөлінген қаржының азаюы себеп болды, тұрғын үй құрылысының жоспары орындалмады. Тек, 11-ші бесжылдықта ғана республикада 1,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмеді, мектеп, аурухана, балалар бақшасын салу жоспары орындалмады.
Сөйтіп, тоқырау кезіндегі келеңсіз процесстер әлеуметтік саланы мықтап шарпыды. Әлеуметтік-мәдени саланы дамытуға қаржы бөлудің “қалдықтық принциптері” қалыптасты, яғни ол салаға таза өндірістік мақсаттардан артылған қаржы ғана бөлінді.
Қорыта келгенде, 70-80-жылдары республика экономикасында тұтастай Одақтың халық шаруашылығына тән үйлесімсіздіктердің бәрі көріне бастады. Бұл ең алдымен басқарудың әміршіл-әкімшілдік әдістерінің әбден орнығуы еді. Экономикалық ынталандыруды жоққа шығара отырып, қалыптасқан жүйе экономиканы экстенсивтік даму жолында ұзақ ұстап қалды. Мемлекеттік меншіктің іс жүзінде ведомстволық меншікке айналдырылуы өндіріс қызметкерлерін құрал-жабдықтарынан алыстатуға алып келді. Еңбекақы төлеу жүйесі еңбектің нәтижесімен байланыстырылмады. Кәсіпорындардың ешқандай дербестігі болған жоқ. Халық шаруашылығы иесіздіктен, жаңа техника мен технологияны нашар енгізуден үлкен зиян шегіп жатты. Экономикалық ведомстволар түріндегі орталықтың әміріне бағыну республикадағы жағдайды одан әрі қиындата түсті. 80-ші жылдардың ортасында республика экономикасы дағдарыс жағдайына ұшырады. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет