Жылдың қазан айынан шығады



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата15.03.2017
өлшемі10,49 Mb.
#9991
1   2   3   4   5   6

Сауле АБДЫГАППАРОВА,

директор ИЭиБ

 ðàìêàõ ìåæäóíàðîäíîé ïëàòôîðìû «G-Global».

В  наше  время,  использование  информационных 

компьютерных  технологии  все  чаще  встречается  на 

наших занятиях. Нам предоставилась возможность ис-

пользовать обучающую программу «Еnglish Discoveri-

es Online» на уроках английского языка.

Она  дает  возможность  студентам  улучшать  свои 

навыки в области аудирования, чтения и говорения на 

английском языке. Насколько мы знаем, что эта обу-

чающая программа имеется только в нескольких вузах  

Казахстана.

Нам повезло! Благодаря сотрудникам Департамен-

та информационных технологий все компьютеры на-

ходятся  в  рабочем  состоянии  и  всегда  подготовлены 

к  уроку.  На  практических  занятиях  по  английскому 

языку  мы  можем  проверить  свой  уровень  знаний  по 

английскому языку, так как есть тестовые задания для 

всех  видов  деятельности.  Программа  самостоятельно 

оценивает работу студента и фиксирует   все оценки в 

разделе « Моя успеваемость».

Встроенный словарь и учебник по грамматике име-

ет справочный характер, что облегчает работу над по-

ниманием текстов для чтения  и  аудирования.

Эту программу можно использовать для самопод-

готовки и  совершенствования  английского языка. В 

связи с этим было бы желательно, чтобы эта програм-

ма находилась в широком пользовании студентов в чи-

тальных залах и общежитиях.

Хотим    выразить  особую  благодарность  ректору 

нашего Университета за проявленную заботу об обе-

спечении студентов современными средствами инфор-

мационных технологий.



Студенты  1-курса каз. отд .

специальности «Полиграфия» 

института Промышленной

   

               инженерии им. А.Буркитбаева.

Еліміздің жоғары оқу орындарындағы білім беруді 

ақпараттандыру мәселесі «Қазақстан-2030» ұзақ мер-

зімді  даму  стратегиясының  төртінші  басымдығында 

айқын  көрсетілген.  Қазақстан  Республикасының  «Бі-

лім  туралы»  Заңында,  ҚР  білім  беру  жүйесінің  даму 

Тұжырымдамасында  еліміздегі  сапалы  білім  беру-

ді  дамытудың  бір  тармағы  білімді  ақпараттандыру 

екені  белгілі.  Осы  тұста  университетімізде  жаңа 

заман  талаптары  мен  қажеттіліктеріне  сай  оқыту 

технологияларының  оқу  үрдісіне  жаппай  енгізілуі 

студенттердің  ақпараттық  технология  құралдарын 

еркін  қолдануына  мүмкіндік  беріп  отыр.  Бұл 

студенттердің  сапалы  білім  алуына  және  меңгерген 

білімін  болашақта  ұтымды  қолдануына  жасалып 

отырған қолайлы жағдай. 

Қазіргі  уақытта  ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларға  негізделген    әр  түрлі  тіл  үйрену 

бағдарламалары,  мультимедиалық  жүйелер,  білім 

беру веб-сайттары жоғары оқу орындарында кеңінен 

қолданылуда.  Университетіміз  ақпараттық-компью-

терлік,  интерактивті-мультимедиалық  жүйелермен, 

бағдарламалармен  қамтамасыз  етілген.  Соның  ішін-

де  тіл  үйренудің  ең  ұтымды  тәсілі    –  шет  тілдері 

кафедрасының  оқытушылары  бізге  ағылшын  тілінен 

сабақ беру тәжірибесінде қолданылып отырған Engl-

ish Discoveries Online  жүйесі. Бұл веб-сайт бізге өте 

ұнайды. 


English  Discoveries  Online  –  бұл  заманауи 

ақпараттық-коммуникациялық  технологияға  негіз-

делген  көпдеңгейлі  (Basic-тен  Advanced-ке  дейін) 

үйрену жүйесі және ағылшын тілін үйретудің ең үздік 

әдістемесі.  Ақпараттық технологияға негізделген бұл  

оқыту кешені әр түрлі стильдегі оқу жүйесін қолдануға 

арналған.  Оқу  мәтіндерінің  тақырыптары  өмірдің 

барлық саласын қамтыған. Бастысы, берілген әр түрлі 

тапсырмалар  жүйесі  тілдік  қатынастың  төрт  түрлі 

сөйлесу әрекетін: оқылым, тыңдалым, жазылым, айты-

лым  және ағылшын тілінің грамматикасын (Reading, 

Listening, Writing, Speaking and Grammar) біздің жетік 

меңгеруімізге толық мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 

ағылшын  тілінің  дыбыстары  мен  сөздерінің  айтылу-

ын  ажыратуға  (Speech  Recognition)  машықтандыру 

тапсырмалары  да  молынан  берілген.    Мысалы,  Spe-

aking  бойынша  берілген  әр  түрлі  диалогтар  оларды 

нақты  өмірдегі  жағдайда  қолдануымызға  ыңғайлы 

құрастырылған.  Writing  бойынша  әр  түрлі  тапсыр-

маларды  орындау  арқылы  біз  ағылшынша  сауатты 

жазуға  үйренеміз.  Listening  бойынша  бейнеклиптер, 

аудиожазбалар, TV- шоу, радио-телебағдарлама  мате-

риалдарын тыңдау арқылы бізге ағылшын сөздері мен 

сөйлесу  үлгілерін  тыңдап-түсінуге  мүмкіндік  береді. 

Reading бойынша әр түрлі үлгідегі мәтіндерді, қызықты 

әңгімелерді  оқып,  әр  түрлі  тапсырмаларды  орындау 

арқылы олардың мазмұнын түсінуге және дұрыс оқуға 

жаттығамыз.  Ең  күрделісі  және  қызықтысы  –  Gram-

mar. Мұнда грамматикалық тапсырмалар күрделі бол-

са да,  әр түрлі күлкілі анимациялар арқылы берілген-

діктен, қызығушылықпен орындайсың.  

Бұл веб-сайтты құрастырушылар тіл үйренушілерге 

веб-сайт  қауымдастығына  (Constantly  updated  Co-

mmunity  website)  шығуға  да  мүмкіндік  жасағанын 

айтқан жөн. Сондықтан практикалық сабақпен қатар, 

веб-сайт арқылы  әлемнің әр тарабынан ағылшын ті-

лін  үйренуші  жастармен,  өзіміздің  оқытушымызбен 

онлайн  режимде  сұхбаттаса  аламыз.    Ал  оның 

ағылшынша сөйлеуге дағдылануға, тілдік біліміміздің 

деңгейін көтеруге ықпалы зор.  Оны тәжірибеде өзіміз 

де байқап жүрміз. 

 Қазіргі студенттер, ертеңгі мамандардың мемлекет 

экономикасының дамуына белсенді араласуы олардың 

терең,  сапалы  білімдеріне  тікелей  байланысты.  Он-

дай сапалы, заман талабына сай жоғары білім берудің 

ұйытқысы – сол оқу орнының басшысы.  Сондықтан, 

біздің  сапалы    білім  алуымызға,  көптілді  бәсекеге 

қабілетті  инженер  маман  болып  қалыптасуымызға 

барлық  жағдайды  жасап  отырған  университет  рек-

торы,  академик  Жексенбек  Мәкейұлы  Әділовке 

алғысымызды айтамыз.  

English  Discoveries  Online  жүйесінің  үздіксіз 

жұмысын қамтамасыз етуде Ақпараттық  технология-

лар  департаментінің  директоры  Аққыз  Құраққызы 

басқарып отырған ұжымға және ағылшын тілі бойын-

ша білімімізді ұштап, жетілдіруге зор үлестерін қосып 

жүрген оқытушыларымыз Дариға Бекова, Динара Ер-

шиманова,  шет  тілдері  кафедрасының  меңгерушісі 

Гүлнара  Айтжанова  апайларымызға  білім  алушылар 

тарапынан зор алғысымызды білдіріп, еңбектеріне та-

быс тілейміз.  

С. ЖАҚСЫЛЫҚОВ,                                           

                              Жоғарғы технологиялар және

тұрақты даму институның 1-курс студенті 

ENGLISH DISCOVERIES ONLINE

  – 

тіл үйренудің ұтымды жүйесі

  Заман талабына сай

  Ритм КазНТУ

КОМПЬЮТЕРНЫЕ ТЕХНОЛОГИИ 

НА ЗАНЯТИЯХ ПО 

АНГЛИЙСКОМУ ЯЗЫКУ



ЖАЌСЫ ОЌЫСАЅ ЖАЄДАЙЫЅ ДА ЖАЌСАРАДЫ

БАС РЕДАКТОР:  

  

Марат ӘБДІХАЛЫҚ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Бақдәулет ҚҰМАР       -     

кафедра меңгерушісі, т.ғ.д.

Аспандияр ӨМІРБЕКОВ -  

Қазақ тілі кафедрасының

                                         аға оқытушысы

Тілшілер:                 

Бану ШАЛОВА, 

                                      Эльмира ОРАЛБАЕВА

Газет беттеуші:       

Дидар СӘРСЕНБЕКОВ

Қоғамдық негіздегі 

фототілшілер:        

Дамир ТАИРОВ, Елена ПАПЭ

Газет  Қазақстан  Республикасы  Мәдениет    және  ақпарат 

министрлігінде 1359-Г куәлігімен тіркелген.

*Жарияланған мақаладағы автор пікірі  редакцияның көзқарасын 

білдірмейді.

*Редакцияға түскен қолжазба  қайтарылмайды, 3 компьютерлік  

беттен асатын  материалдар қабылданбайды. Суреттер JPEG, 

TIFF  форматтарында  ғана қабылданады.

* “РАС” газетіне  жарияланған  мақала көшіріліп басылса, сілтеме  

жасалуы міндетті.

Қ ұ р ы л т а й ш ы с ы :   Қ . И . С ә т б а е в   а т ы н д а ғ ы   Қ а з а қ   Ұ л т т ы қ   т е х н и к а л ы қ   у н и в е р с и т е т і

Газет :“ЭКОЖАН”  өндірістік кооперативінің баспаханасында басылды. Мекен-жайы: Қарағанды қ., Садоводов көшесі, 14. Тел.:+77212-44-23-60. Таралымы: 2000 дана Көлемі: 3 б.т. Тапсырыс:№    

МЕКЕН-ЖАЙЫ: 480013, Алматы қ., Қ.Сәтбаев көшесі, 22 үй

     Мұнай ғимараты, 904 бөлме. Тел./факс: 292-67-03. 

Тел.: 257-71-19. Ішкі тел.: 73-23, 71-19.

Электронды мекен-жайы: http://ras.ntu.kz;   e-mail: ras@ntu.kz

12

ҚазҰТУ-да  профессор-оқытушылар  арасында 



жыл сайын өтетін дәстүрлі «Денсаулық» Спартакиа-

дасы спорттың бес түрі бойынша аяқталды. Осыған 

дейін  шахмат,  үстел  теннисі,  волейбол,  баскетбол-

дан өткен жарыстардың қорытындысын газетімізде 

жариялаған болатынбыз. 

Соңғы  спорт  түрі  мини-футболдан  11  коман-

да  арасындағы  сайыста  қызықты  футбол  өнерін 

көрсеткен  ректорат  командасы  бірінші  орынды 

жеңіп алды. Команда құрамында Алмас Әбілқайыр, 

Сәрсенбек Жүсіпбеков, Дархан Ақпанбетов, Айдар 

Сасанбаев, Ернат Текішев, Серік Нұрманов ойнады. 

Ө.А.  Байқоңыров  атындағы  Тау-кен-металлургия 

институтының  командасы  екінші  орынға  шықса, 

Ә.Ж. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия 

институтының командасы үшінші орынға көтерілді. 

«Денсаулық-2013» 

Спартакиадасындағы 

спорттың осы бес түрінен өткен жалпы командалар 

арасындағы  жарыс  қорытындысында  I-ші  орын-

да  ректорат  командасы  (жалпы  есепте  12  ұпай), 

II-ші  орында  Тау-кен-металлургия  институтының 

командасы  (15  ұпай),  III-ші  орында  Өнеркәсіптік 

инженерия  институтының  командасы  (19  ұпай) 

тағайындаған жүлделерді өзара бөлісті.  

«Профессор-оқытушылар  арасындағы  осынау 

дәстүрлі «Денсаулық» Спартакиаданың жыл сайын 

ұйымдастырылуына  университетіміздің  кәсіподақ 

комитетінің  төрағасы  Г.А.Мұраталиевтің  мұрын-

дық болған еңбегі зор»,-дейді жарыстың бас төрешісі 

Н.М.Ахметжанова. 



Бақдәулет ҚҰМАР

Кейінгі  жылдары  жоғары  оқу  орындарында,у-

ниверситеттерде  қазақ  тілінде  оқитын  студенттер 

саны  артып  келеді.  Соған  орай  біздің  Қазақ  Ұлттық 

техникалық  университетінде қазақ тілінде техникалық  

пәндерге  арналған  оқулықтар,оқу  құралдары, 

әдістемелік нұсқаулардың саны өсуде. Соның ішінде 

студенттер қауымының көңілінен шыққан авторлары 

профессорлар Назарбаева С.М., Сурашев Н.Т. баспа-

дан  жарық  көрген  оқулығы  «Көтеру  –  тасымалдау 

машиналары және робот техникасы». Сонымен қатар 

оқу құралы «Көтеру – тасымалдау машиналары» және 

осы оқулықтардың электронды нұсқасы кітапхана за-

лында бар.

Шыны  керек  қазіргі  заманда  студент  қауымға 

әдебиеттерді оқуға ынталандыру, оқулықтың мазмұны, 

айтайын  деген  ойы  анық,  қарапайым  оқырманға 

түсінікті  етіп  жазу    керек,  сонда  ғана  техникалық 

пәнге арналған   оқулықтарды сүйсіне оқиды.

Жоғарыда  аталған  оқулыққа  келсек,  қазақ 

тобындағы  студенттердің  барлығы  университет  кі-

тапханасынан оқулықты жаздыртып алып, дәрістерде 

кеңінен қолданыс табуда.

Дәріс тыңдаған студенттер берілген үй тапсырма-

сын  және  өткен  материалды  оқулықтан  толығымен 

оқып пысықтайды.

Оқулықтың  бір  ерекшелігі:  дәрістер  рет-ретімен, 

қарапайым  құрылғыдан  бастап  күрделі  көтеру-та-

сымалдау  машиналарымен  аяқталады.  Сөздері  мен 

сөйлем  құрылымы  анық,  түсінікті,  мазмұны  бір-

келкі  бір-бірімен  сәйкестендіріліп  жазылған.Мы-

салы  оқулықта,  тақырыбы  крандар  болса,  алдымен 

крандардың  қолдану  салаларын,  пайдалану  ерекше-

ліктері, артықшылығы мен кемшіліктері көрсетілген, 

крандардың  негізгі  түрлері  мен  жіктелуі  өте  тама-

ша  жазылған.Сонан  соң  әр  кранның  ерекшелігі  мен 

техникалық  көрсеткіштері,  құрылымы  және  жұмыс 

істеу  үрдісі  сауатты    жазылған.  Крандардың  негіз-

гі  тетіктері  мен  механизмдерін  жеке  қарастырған.

Соңынан,  кранның  есептеу  кинематикалық  сызба-

сы  келтіріліп,  теорялық  және  есептеу  әдістемелері 

көрсетілген.Әр  тақырыптың  соңында  бақылау 

сұрақтары берілген. Барлық материалдар суреттермен, 

сызбалармен,  қажетті  кестелермен  толықтырылып 

жазылған. Оқулықтағы кездесетін техникалық арнайы 

сөздіктердің тізімі кітаптың соңында қазақша – орыс-

ша    -  ағылшын  тілінде  келтірілген.  Бір  айта  кететін 

жағдай,  зиялы  ғалымдар  арасында  терминологиялық 

сөздіктер  туралы  тартыстар  болып  жатқан  жайы 

бар,  бірақ  біздің  ойымыз  авторлар  терминологиялық  

сөздіктерді  дәл  орнына  шеберлікпен  тауып  қойған 

секілді.Мысалы «арқан» демей «канат», немесе басқа 

әдебиеттерде «блокты» және «лебедканы » - екеуін де 

«шығыр» десе, авторлар «блокты » - «ойық дөңгелек» 

(блок) ал, лебедканы « лебедка» деп қалдырған. Лен-

талы  конвейерлерде  қолданылатын  жетекші  немесе 

тарту барабандарын – «атанақ» демей авторлар «бара-

бан» деп қалдырған, немесе «казловой кранды» - «еш-

кілі кран» демей «төрт тағанды кран» деп атаған және 

т.с.с.


Қысқасы 

авторлардың 

құрастырған 

терминологиялық  сөздіктері  оқырман  қауымның 

көңілінен шықты.

Көтеру  –  тасымалдау  пәнінен  зертханалық  және 

курстық жоба жоспарланған. 

Зертханалық  сабаққа  арнап  авторлар  көлемі  76 

парақтан тұратын 15 зертханалық жұмысқа әдістемелік 

нұсқа жазған. 

Оқулық  сол  саладағы  материалдарды  толық 

қамтыған  (410  бет),  оған  дәлел  басқа  әдебиеттерді 

қолданбай-ақ,  зертханалық,  курстық  жұмысты,  тіп-

тен диплом жобасын орындағанда аталған оқулықтан 

қажетті материалды табуға болады. 

Қорыта айтқанда, осындай оқулықтарды басқа да 

техникалық пәндерге университетіміздегі оқытушылар 

жазса  деген  үміттеміз.  Сонда  студент  қауымның  ой 

өрісі кеңейіп, оқу сапасы анағұрым жақсарар еді, тіп-

тен мұғалімдердің де студенттерге қойған талабы мен 

сұранысы орынды болар еді.

        


 

С.ҚОЖАМҚҰЛОВА, 

Ә.Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік 

инженерия институтының 

3-курс студенті

Сауатты жазылєан  оќулыќ – білім кґзі



  Қазақша оқулық

Қ . Т ұ р ы с о в  

атындағы    Геоло-

гия  және  мұнай-газ 

ісі  институтының  

Г е о л о г и я л ы қ   

түсіру, 

пайдалы 


қазба  кен  орында-

рын  іздеу  мен  бар-

лау  кафедрасының 

кезекті  отырысын-

да  Қ.Тұрысов  және 

Ш.Есенов  атындағы 

шәкіртақы    иегерлерін    марапаттау  рәсімі  өтті.  Бұл 

үздік және университетіміздің қоғамдық өміріне бел-

сене қатысатын  студенттерге Қ.Тұрысов және Ш.Есе-

нов жанұяларының атынан бір жыл бойы ай сайын бе-

рілетін шәкіртақы болып табылады. 

Қ.Тұрысов атындағы  шәкіртақы  иегерлері  болып 

3-курс студенттері Гүлайра Керімбаева, Гүлзат Айғали, 

Айнұр  Микибаева,  2-курс  студенті  Ақбота  Аронова 

танылса, Ш.Есенов атындағы шәкіртақыға 3-курс сту-

денті Берік Оспанов пен 2-курс студенті Анар Сейітова 

ие болды. Сонымен қатар, бір реттік берілетін «Үздік 

студент»    шәкіртақысы  1-курс  студенттері  Тоғжан 

Абдуллаева  мен  Камила  Көпбаеваға  және  «Үздік 

оқытушы»    сыйақысы  Ағила  Хабиева  мен  Ерғали 

Әуелханға  берілді.  Отырыста  кафедра  меңгерушісі 

Ақылбек  Жүнісов  Әлия  Қаратайқызына:  «Біздің  сту-

денттерімізге  деген  ықыласыңыз  олардың  оқуына, 

өміріне жаңа бір серпін, ерекше талпыныс береді деп 

сенеміз. Студенттеріміздің Қ.Тұрысов, Ш.Есенов ата-

лары сияқты аты өшпес геолог болып жетілуіне шы-

найы тілек білдіреміз», – деген алғысын жеткізді. 

Институтымыздың  оқытушылары  мен  студент-

теріне  ерекше  көңіл  бөліп,  қолдау  көрсетіп,  осындай 

шәкіртақылармен марапаттайтын жалғыз кафедра осы 

Геологиялық  түсіру,  пайдалы  қазба  кен  орындарын 

іздеу және барлау кафедрасы екенін айта кеткен жөн. 

Кафедрамызда  осындай  ұлы  тұлғалардың  атындағы 

шәкіртақылар саны көбеюде. 

2012  жылдың  қарашасынан  геолог  Б.Берікболов 

атындағы  шәкіртақыға   осы  оқу  жылының  басында 

3-курс студенттері Жансая Тоқшылықова мен Жандос 

Габдуллин ие болған еді.



                                        Гүлайра КЕРІМБАЕВА,

Қ.Тұрысов атындағы Геология және 

мұнай-газ ісі институтының 3-курс студенті 

БЕЛГІЛІ АЗАМАТТАР 

АТЫНДАЄЫ

ШƏКІРТАЌЫ

Жуырда  Қ.И.Сәтбаев  атындағы 

ҚазҰТУ-дың  Ғылыми  кеңесі  мақұл-

дап,  баспаға  ұсынуымен  тарих 

ғылымдарының кандидаты, доцент До-

салы  Салқынбектің  “Қайраткер  Ыды-

рыс Мұстамбайұлы” атты ғылыми мо-

нографиясы жарық көрді. 

Кітап  тарихшыларға,  саясаттану-

шыларға,  жоғары  оқу  орындары  сту-

денттеріне, Отандық зиялы  қауым мен 

тарихи тұлғалардың өмір тарихын зерт-

теушілерге арналған. 

Мемлекет 

қайраткері 

Ыды-

рыс  Мұстамбайұлының  ұлт  мүддесі 



жолындағы  қоғамдық-саяси  қызметі 

тың  мұрағат  деректері  негізінде 

шығарылған кітап авторына қаламыңыз 

ұштала берсін демекпіз!



                                          

Редакция

ЖАЅА КІТАП ЖАРЫЌ КҐРДІ



  Спорт

«ДЕНСАУЛЫЌ -2013» СПАРТАКИАДАСЫ АЯЌТАЛДЫ



Мини-футболдан жеңімпаз атанған ректорат командасының 

ойыншылары. Солдан оңға қарай, отырғандар: 

А. Әбілқайыр, С. Нұрманов,  тұрғандар: А. Сасанбаев, 

Е.Текішев, С.Жүсіпбеков, Д. Ақпанбетов.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет