Листинг компаниясы жөніндегі ақпарат
1997 жылдың сәуір айында
Қазкоммерцбанк қазақстандық банктердің
алғашқысы болып CCF (Credit Commerciale
de France) франция банкінің қолдауымен
«твиннинг» бағдарламасын жүзеге асыра
бастады. Бұл бағдарлама ЕҚДБ-мен
қаржыландырылып, институционалдық
жылдам дамуға бағытталған. 1999
жылы твиннинг аяқталып, Банк
еурооблигациялар нарығында белсенді
әрекеттерге көшті.
1997 жылы Банк үшін және бүкіл
қазақстандық банк секторы үшін
маңызды жетістікке қол жеткізілді.
Сол уақытқа дейін ҚР үкіметін ғана
қарызгер ретінде мойындаған немістің
мемлекеттік «Hermes» экспорттық
сақтандыру компаниясы, Банкті
қарызгер ретінде бекітті. Сондай-ақ, 1997
жылы Қазкоммерцбанк өзінің бірінші
халықаралық синдикатталған несиесін
алды.
1997
2001 жылы
Банк елімізде
бірінші болып
халықаралық қаржы
институты — DEG
неміс банкінен ұзақ
мерзімді 7 жылдық
несиені тікелей
алды (үкіметтің
кепілдігінсіз).
2001
2003 жылы ЕҚДБ
Қазкоммерцбанктің
акционерлік капиталына
қатысу туралы Келісімге
қол қойды, кейін Банктің
15% жай акциясын сатып
алды.
2003
1998
1998 жылғы
мамырда Банк
қазақстандық
корпоративтік
эмитенттердің
ішінде бірінші
болып 3 жылға
еурооблигациялар
шығару арқылы
100 млн. АҚШ
долларын
құрайтын
қаражатты тартты.
2002
2002 жылдан бері
«Москоммерцбанк»
КБ (ШЖҰ) (бұрынғы
Аймақаралық
кәсіпкерлікті дамыту
банкі) Қазкоммерцбанктің
Ресей Федерациясындағы
сенімді әрі стратегиялық
серіктесі болып табылады.
2005 жылғы мамырда
Қазкоммерцбанк
Москоммерцбанктің
жарғылық капиталындағы
60,04% үлесін сенімді
басқаруға алды. 2007
жылғы ақпанда банк
акцияның 52,11% сатып
алып, 2008 жылы өз үлесін
100% жеткізеді.
2005
2005 жылғы желтоқсанда
Қазкоммерцбанк 1,3 млрд.
доллар сомасына синдикатталған
қарыз туралы келісімге
отырды. Бұл Қазақстанда ғана
емес, бүкіл Орталық және
Шығыс Еуропадағы және ТМД
аймағындағы ең ірі мәміле
болды. Ал халықаралық Trade
Finance және Global Trade Review
басылымдары аталған мәмілені
«2005 жылдың мәмілесі» деп
атады.
2007
2007 жылғы желтоқсанда
Алматыда орналасқан қаржы
орталығы ғимараттарының
кешенінде Қазкоммерцбанктің
Бас кеңсесінің ашылу салтанаты
өтті. Ашылу салтанатына елбасы
қатысып, жергілікті ақпарат
жүйесін іске қосты.
2006
2006 жылғы қарашада
Қазкоммерцбанк Лондон қор
биржасында (LSE) 45,7 млн. $-ға
акцияларды орналастырып,
IPO-ны сәтті аяқтаған ТМД-дағы
алғашқы банк болды.
2005 жылғы сәуірде
Қазкоммерцбанк дамыған
нарықтағы жаңа Доу-Джонс
индексіне енген (Dow Jones
CDX.EM Diversified Index) ТМД
территориясындағы бірінші банк
болды.
2005 жылдың маусымында ЕҚДБ
арнайы бағдарлама шеңберінде
Қазкоммерцбанкке шағын және
орта бизнесті несиелендіру
процесстерін өзінше басқаруға
барлық өкілеттілікті берді.
2005 жылғы шілдеде ABN AMRO
Қазкоммерцбанкке зейнетақы
активтері мен «ABN AMRO
КаспийМұнайГаз» (қазіргі–
«ГРАНТУМ ЖЗҚ» АҚ) жинақтаушы
зейнетақы қорының 80.01%
үлесін сату туралы екі компания
келісімге келді.
2007 жылдың сәуір айында
Қазкоммерцбанк КАЗКОМ атты
жаңа сауда белгісін шығарды.
Жаңа бренд бөлшек нарықтағы
клиенттер үшін түсінікті әрі
ыңғайлы болу мақсатында
шығарылды. 2011 жылы
консалтингтік Brand Finance
компаниясы мен The Banker
журналы Қазкоммерцбанк
брендінің құның 389 млн.
долларға бағалады. Сондай-ақ,
бренд қазақстандық банктердің
арасында ең қымбаты және әлем
бойынша ең қымбат брендтерінің
көрсеткішінде 280-ші орынды
иемденді.
2007 жылғы желтоқсанда
Тәжікстан Республикасының
Әділет министрлігінде жарғылық
капиталы 10 млн. долларды
құрайтын Қазкоммерцбанктің
еншілес банкісі тіркелсе, ал
2008 жылы аталған еншілес
банк Тәжікстан аумағында
жұмыс жасауға рұқсат беретін
лицензияны алды.
2006 жылғы наурызда
Қазкоммерцбанк осымен
сегізінші рет халықаралық
Global Finance журналының
жыл сайынғы зерттемелерінің
қорытындысы бойынша
«Дамушы нарықтарда үздік банк:
Қазақстан» номинациясының
жеңімпазы атанды. Сонымен
қатар, ол «Саудалық
қаржыландыруда үздік банк»
және «Валюталық нарықта
үздік банк» номинациялары
бойынша жеңімпаз болды.
Қазкоммерцбанк әлемнің басқа
да қаржы басылымдарының —
Euromoney және The Banker
бойынша «Қазақстанның үздік
банк» марапатына ие болған.
18
19
ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ 2015
Листинг компаниясы жөніндегі ақпарат
2008 жылғы
шілдеде
арабияның жеке
инвестициялық
Alnair Capital
Holding қоры
банктің ірі
акционері болды.
2009 жылы
аталған қор
Қазкоммерцбанк
акцияларындағы
үлесін 28,6% дейін
көбейтті.
2011 жылғы сәуірде
КАЗКОМ IBM
корпорациясымен
бірге IBM Power
Systems серверлік
плтаформасының
негізінде жаңа DATA-
орталықты іске қосты.
Аталған жаңа орталық
үш орталықтың бір-
біріне 1200 км. жақын
орналасқанның
алғашқысы болып
банктің ақпараттық
инфрақұрылымын
апаттан қорғап, шұғыл
жағдайларда тұрақты
жұмыс істеуіне мүмкіндік
береді.
2008
2008 жылғы қазанда ҚР үкіметі ел экономикасының
нақты секторына қолдау көрсету мақсатында
жасалған шараларды жүзеге асыру үшін
стратегиялық серіктес ретінде Қазкоммерцбанкті
таңдады. 2009 жылғы қаңтарда Қазкоммерцбанк
пен оның негізгі акционері «Самұрық-Қазына»
ҰӘҚ-мен өзара түсіністік туралы Меморандумды
жүзеге асыру туралы құжаттарға қол қойды.
Аталған меморандумда банктің экономиканың
нақты секторына қолдау көрсету бойынша
Мемлекеттік тұрақтандыру бағдарламасына
қатысудың негізгі шарттары көрсетілген. Бұл
бағдарламаның шеңберінде 2009 жылғы мамырда
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Қазкоммерцбанктің
21,2% акцияларын сатып алды. 2009 жылы
мемлекеттің және ҰӘҚ қатысуымен ипотекалық
заемдарды қайта қаржыландыру бағдарламасы
іске қосылды. 2012 жылы Қазкоммерцбанк қайта
қаржыландырудың үш жылдық мемлекеттік
бағдарламасын аяқтады. Нәтижесінде 7,7 мың
қарыз алушылардың несиесі біршама жеңілдетілді.
2011
2011 жылғы мамырда
Қазкоммерцбанк
борыш капиталының
постдағдарыс нарығында
300 млн.доллар
сомасына 7-жылдық
еурооблигацияларды
орналастырған
қазақстандық банктердің
алғашқылардың бірі
болды.
2015
2015 жылғы маусымда Банк Стресстік
активтер қорынан 250 млрд. теңге
мөлшерінде депозит алды.
2015 жылғы желтоқсанда Кеңес
Ракишев 56,75% мөлшерінде, тікелей
немесе жанама бақылаудағы Банктің
шығарылған және орналастырылған
жай акцияларының үлесімен ККБ
бақылаушы акционері атанды.
2012 жылғы қарашада
ККБ-ның жеке тұлғаларға
арналған интернет
платформасында –
Homebank.kz – тіркелген
пайдаланушылардың
саны 400 000 адамға
жетті.
2012
2014 жылғы желтоқсанда
ККБ мен Кеңес Ракишев
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-
нан «БТА Банкі» АҚ-
ның акцияларын сатып
алу туралы алдын ала
келісімге келгенін
хабарлады. 2014 жылғы
желтоқсанда Банк
акционерлерінің жалпы
жиналысы ККБ мен БТА-
ның бірігу үлгісін бекітті.
2014
2015 жылғы шілдеде «Самұрық-
Қазына» ҰӘҚ-нан БТА акцияларын
сатып алу бойынша мәміленің
аяқталғаны туралы, сондай-ақ екі
банктің арасында активтер мен
міндеттемелерді бір мезгілде беру
туралы мәміленің аяқталғаны жөнінде
хабарланды. БТА Банкі ҚР ҰБ банктік
лицензиясын қайтарды және ККБ
тобынан таратылды.
20
21
ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ 2015
Листинг компаниясы жөніндегі ақпарат
20
21
2.2. Еншілес және
тәуелді ұйымдар
Қазкоммерцбанк банктік топтың (бұдан әрі – «Топ») бас компаниясы болып табылады, оған
қаржы есептілігіне шоғырландырылған келесі еншілес компаниялары кіреді:
Атауы
Қызметті
жүргізетін ел
Қатысу үлесі/дауыс беруші
акциялардың пайызы
Қызмет түрі
2015 ж. 31
желтоқ-
сандағы
жағдай
бойынша
2014 ж. 31
желтоқ-
сандағы
жағдай
бойынша
2013 ж. 31
желтоқ-
сандағы
жағдай
бойынша
«Қазкоммерц Секьюри-
тиз» АҚ
Қазақстан
Республикасы
100%
100%
100%
Бағалы қағаздар
нарығындағы операциялар
«Процессинг компания-
сы» ЖШС
Қазақстан
Республикасы
100%
100%
100%
Төлем карточкалары бойын-
ша процессинг операцияла-
рын және басқа да байла-
нысы бар операцияларды
жүзеге асыру
Kazkommerts
International B.V.
Нидерландтар
Корольдігі
100%
100%
100%
Халықаралық капи-
тал нарығынан Банк үшін
қаражат тарту
KazkommertsFinance II
B.V.
Нидерландтар
Корольдігі
100%
100%
100%
Халықаралық капи-
тал нарығынан Банк үшін
қаражат тарту
«Казкоммерцбанк» ЖАҚ
Тәжікстан
Республикасы
100%
100%
100%
Коммерциялық банк
КБ «Москоммерцбанк»
(АО)
Ресей
Федерациясы
100%
100%
100%
Коммерциялық банк
«КУСА ККБ-1» ЖШС
Қазақстан
Республикасы
100%
100%
-
Стрес активтерін басқару
«КУСА ККБ-2» ЖШС
Қазақстан
Республикасы
100%
100%
-
Стрес активтерін басқару
«КУСА ККБ-3» ЖШС
Қазақстан
Республикасы
100%
-
-
Стрес активтерін басқару
«БТА Секьюритис» АҚ
Қазақстан
Республикасы
100%
-
-
Бағалы қағаздар
нарығындағы операциялар
және активтерді басқару
«АлемКард» ЖШС
Қазақстан
Республикасы
100%
-
-
Процессинг орталығы
«Титан-Инкассация»
ЖШС
Қазақстан
Республикасы
100%
-
-
Инкассация
«Казкоммерц Life»
Өмірді сақтандыру ком-
паниясы» АҚ
Қазақстан
Республикасы
100%
100%
100%
Өмірді сақтандыру
«Қазкоммерц-Полис»
Сақтандыру компания-
сы» АҚ
Қазақстан
Республикасы
100%
100%
100%
Сақтандыру
«Грантум» ЖЗҚ АҚ
Қазақстан
Республикасы
82.52%
82.52%
82.52%
Зейнетақы қоры
«Grantum Asset
Management» АҚ
Қазақстан
Республикасы
100%
100%
100%
Зейнетақы активтерін
басқару
Kazkommerts Capital II
B.V.
Нидерландтар
Корольдігі
-
100%
100%
Халықаралық капи-
тал нарығынан Банк үшін
қаражат тарту
Kazkom Realty ЖШС
Қазақстан
Республикасы
-
100%
-
Стрес активтерін басқару
«Қазкоммерцбанк
Қырғызстан» ААҚ
Қырғыз
Республикасы
-
95.75%
95.75%
Коммерциялық банк
«БТА Банк» АҚ және
онымен байланысты ен-
шілес компаниялар*
Қазақстан
Республикасы
-
47.42%
-
Коммерциялық банк
«Казкоммерц Секьюритиз» АҚ
акционерлік қоғам болып табылады және өз қызметін
1997 ж. бастап Қазақстан Республикасы заң-
намасына сәйкес жүзеге асыруда. Компания-
ның негізгі қызметі брокерлік және дилингтік
операцияларды қосқанда, бағалы қағаздар-
мен операциялар жүргізу, инвестициялар мен
корпоративтік қаржы бойынша кеңестер бе-
ру, бағалы қағаздар тарату және андеррайтинг,
агент ретінде бағалы қағаздар сатып алу және
сату болып табылады. Компанияның ААҚ-тан
АҚ-қа ауысуына байланысты ҚРҰБ-мен 2006 ж.
17 мамырда брокерлік және дилингтік опера-
цияларды жүргізу үшін №0401201207 лицен-
зия берілді, 2006 ж. 17 мамырда компания ин-
вестициялық қоржынды басқаруға ҚРҰБ берген
№0403200439 лицензиясын алды.
2015 жылғы 17 қыркүйекте Банк, нәтижесінде
«GRANTUM ASSET MANAGEMENT» зейнетақы ак-
тивтерін инвестициялық басқаруды жүргізетін
ұйым» АҚ «Казкоммерц Секьюритиз» Акцио-
нерлік қоғамына қосылған өзінің еншілес ұйым-
дарын қайта ұйымдастыру үдерісі аяқталғаны
жайлы хабарлады. Сөйтіп, қайта ұйымдастыру
нәтижесінде «Grantum Asset Management» АҚ
өз қызметін тоқтатты, бұл ретте «Казкоммерц
Секьюритиз» АҚ «Grantum Asset Management»
АҚ-тың барлық құқықтары мен міндеттемелері
бойынша құқығын иеленушісі болып табылады.
«Процессинг компаниясы» ЖШС
жауапкершілігі
шектеулі серіктестік болып табылады және өз
қызметін 2004 ж. 9 шілдеден бастап Қазақстан
22
23
ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ 2015
Листинг компаниясы жөніндегі ақпарат
Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асы-
рады. Компания Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінде №64313-1910-ЖШС нөмірімен
тіркелген. Компанияның негізгі қызметі төлем
карточкалары және олардың басқа түрлері бо-
йынша операцияларды жүзеге асыру болып
табылады.
Kazkommerts International B.V.
компаниясы
жауапкершілігі шектеулі серіктестік (B.V.) болып
табылады және өз қызметін Нидерланды Ко-
рольдігі заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Компанияның негізгі қызметі Банк үшін шетел
капитал нарығынан қаржылық ресурстар тарту
болып табылады. Компанияның облигациялар
мен басқа да бағалы қағаздарды шығаруды қос-
қанда, қарыздар мен қаражат алуға, сондай-ақ
жоғарыдағы қызметтерге қатысты келісімдерге
отыруға арналған 1997 ж. 1 қазанда Нидерлан-
ды Сауда Палатасымен берілген №24278506 ли-
цензиясы бар.
Kazkommerts Finance II B.V.
компаниясы жауап-
кершілігі шектеулі серіктестік (B.V.) болып та-
былады және өз қызметін Нидерландтар Ко-
рольдігі заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Компанияның негізгі қызметі шетел капитал на-
рығынан Банк үшін қаржылық ресурстар тарту
болып табылады. Компанияның банктік опера-
циялардың жекелеген түрлері мен өзге қыз-
метті жүзеге асыруға 2001 ж. 13 ақпанда Нидер-
ланды Сауда Палатасымен берілген №24317181
лицензиясы бар.
«Қазкоммерцбанк Тәжікстан» ЖАҚ.
Банк Тәжікстанда еншілес банк ашуға 2007 ж. 6
қыркүйекте ҚРҰБ-нің №93 рұқсатын алды. «Қаз-
коммерцбанк Тәжікстан» ЖАҚ-тың 2008 ж. 24
қаңтарда Тәжікстан Ұлттық Банкімен берілген
ұлттық және шетел валютасында банк опера-
цияларын жүзеге асыруға арналған №33/1 ли-
цензиясы бар. Банктің негізгі қызметі коммер-
циялық банктік қызметті жүзеге асыру, шетел
валютасымен операциялар жүргізу, қарыздар
мен кепілдіктер беру болып табылады.
«Москоммерцбанк» Коммерциялық банк
(ак-
ционерлік қоғамы), бұдан әрі — «МКБ» 2010 жы-
лы, өз кезегінде 2001 жылы құрылған «Моском-
мерцбанк» коммерциялық банкті (жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі) қайта құру нысанында қай-
та ұйымдастыру арқылы құрылды және оның
барлық кредиторлары мен борышкерлеріне қа-
тысты, сонымен қоса тараптармен дауланатын
міндеттемелерге қатысты құқықтық мирасқо-
ры болып табылады. МКБ өз қызметін Ресей Фе-
дерациясының (бұдан әрі – «РФ») заңнамасына
сәйкес 2014 жылғы 17 желтоқсанда банк опера-
цияларын жүргізуге берілген № 3365 лицензия
және 2014 жылғы 17 желтоқсанда жеке тұлға-
лармен банктік операциялар жүргізуге берілген
№3365 лицензия негізінде жүзеге асырады. Со-
нымен қатар МКБ-нің бағалы қағаздар нарығын-
да кәсіпқойлық қатысушы ретінде Брокерлік қыз-
метін жүзеге асыруға 2008 ж. 18 сәуірде берілген
№177-11190-100000, депозитарлық қызметін жү-
зеге асыруға 2008 ж. 18 сәуірде берілген №177-
11200-000100, дилерлік қызметін 2008 ж. 18
сәуірде берілген №177-11192-010000 лицензия-
лары бар. МКБ қызметі Ресей Федерациясының
Орталық банкімен (бұдан әрі – «РОБ») реттеледі.
МКБ жеке, корпоративтік клиенттерге және қар-
жылық институттарға кең көлемде банк өнімдері
мен қызмет түрлерін ұсынады. Қызметінің басым
бағыттары шағын және орта бизнес кәсіпорында-
рына кредит беру және бөлшек сауда, корпора-
тивті сектор болып табылады
«Казкоммерц Life»
өмірді сақтандыру компа-
ниясы» АҚ акционерлік қоғам болып табылады
және өз қызметін Қазақстан Республикасы заң-
намасына сәйкес жүзеге асырады. Компанияның
негізгі қызметі өмірді сақтандыру болып табы-
лады. Компанияның сақтандыру (қайта сақтан-
дыру) қызметтерін көрсетуге арналған 2011 ж. 6
қаңтардағы ҚР ҰБ-мен берілген №2.2.42 лицен-
зиясы бар.
«КУСА ККБ-1» ЖШС, «КУСА ККБ-2» ЖШС, «КУ-
СА ККБ-3» ЖШС
2011 ж. желтоқсанда Қазақс-
танда қабылданған Қазақстан Республикасы-
ның «Банк және қаржы ұйымдарының қызметін
тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселе-
лері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» за-
ңына сәйкес банктің жұмыс істемейтін (стресс)
активтерін сатып алу және оларды басқару үшін
құрылған жауапкершілігі шектеулі серіктестік-
тер болып табылады.
«БТА Секьюритис» АҚ
бағалы қағаздарды шы-
ғару және орналастыру бойынша қызметтерді,
қаржылық кеңес беру қызметтерін, брокерлік
қызметтерді, активтерді сенімгерлік басқару
бойынша қызметтерді, сондай-ақ үлестік ин-
вестициялық қорларды басқару бойынша қыз-
меттерді көрсетеді. 2015 жылдың ішінде «БТА
Банкі» АҚ мен «Қазкоммерцбанк» АҚ-тың бірігуі
аясында БТА Секьюритистегі қатысу үлесі толы-
ғымен «Қазкоммерцбанк» АҚ-на берілді.
«АлемКард» ЖШС
2002 жылы құрылды. 2012
жылға дейін Компанияның негізгі қызметі тө-
лем карталарына қызмет көрсету және процес-
синг жүргізу бойынша қызмет көрсету болып та-
былды. 2012 жылы Компания «Самал-Тауэрс»
бизнес-орталығымен 10 жыл мерзімге сенім-
герлік басқару шартын жасады. 2015 жылдың
ішінде «БТА Банкі» АҚ мен «Қазкоммерцбанк»
АҚ-тың бірігуі аясында «АлемКард» АҚ-тағы қа-
тысу үлесі толығымен «Қазкоммерцбанк» АҚ-на
берілді.
«Титан-Инкассация» ЖШС 2002
жылы құрыл-
ды. Компанияның негізгі қызметі Қазақстан-
да заңды және жеке тұлғаларға инкассация бо-
йынша қызмет көрсету болып табылады. 2015
жылдың ішінде «БТА Банкі» АҚ мен «Қазком-
мерцбанк» АҚ-тың бірігуі аясында «Титан-Инкас-
сация» ЖШС-дегі қатысу үлесі толығымен «Қаз-
коммерцбанк» АҚ-на берілді.
«Казкоммерц Life» өмірді сақтандыру компа-
ниясы» АҚ
акционерлік қоғам болып табылады
және өз қызметін Қазақстан Республикасы заң-
намасына сәйкес жүзеге асырады. Компанияның
негізгі қызметі өмірді сақтандыру болып табы-
лады. Компанияның сақтандыру (қайта сақтан-
дыру) қызметтерін көрсетуге арналған 2016 ж.
22 ақпандағы ҚР ҰБ-мен берілген №2.2.42 ли-
цензиясы бар. 2015 жылғы 16 қыркүйекте Банк
еншілес сақтандыру ұйымдарын қайта ұйым-
дастыру үдерісі аяқталғаны жайлы хабарлады.
Нәтижесінде «БТА Банктің өмірді сақтандыру
жөніндегі «БТА Өмір» еншілес компаниясы» Ак-
ционерлік қоғамы (бұдан әрі – «БТА Өмір» АҚ)
«Қазкоммерц Life» өмірді сақтандыру компа-
ниясы» Акционерлік қоғамына қосылды. «БТА
Өмір» АҚ клиенттерінің алдындағы барлық мін-
деттемелері «Казкоммерц Life» өмірді сақтан-
дыру компаниясы» АҚ-ға өтті.
«Казкоммерц-Полис» Сақтандыру компания-
сы АҚ
акционерлік қоғам болып табылады жә-
не өз қызметін 1996 ж. Қазақстан Республикасы
заңнамасына сәйкес жүзеге асыруда. Компания-
ның негізгі қызметі мүлікті, жүкті сақтандыру, ав-
токаско, көлік құралдары иелерінің азаматты-құ-
қықтық жауапкершілігін сақтандыру, басқа да
азаматтық жауапкершілікті сақтандыру және қай-
та сақтандыру болып табылады. Компанияның
сақтандыру және қайта сақтандыру қызметтерін
көрсетуге арналған 2015 ж. 11 желтоқсандағы ҚР
ҰБ-мен берілген №2.1.13 лицензиялары бар.
2014 жылғы 18 желтоқсанда «БТА Банктің енші-
лес компаниясы «БТА Сақтандыру» АҚ (бұдан
әрі – «БТА Сақтандыру» АҚ) мен «Казкоммерц-
Полис» Сақтандыру компаниясы» АҚ (бұдан
әрі — «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ) акционер-
лерінің бірлескен кезектен тыс жиналысын-
да «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ-ын ерікті қай-
та ұйымдастыру және «БТА Сақтандыру» АҚ-ның
«Казкоммерц-Полис» СК» АҚ-на қосылу ныса-
нында ерікті қайта ұйымдастыру туралы шешім
қабылданды.
2015 жылғы 30 маусымда, 2014 жылғы 19 жел-
тоқсандағы Қосылу шартына және 2015 жыл-
ғы 30 маусымдағы тапсыру актісіне сәйкес «БТА
Сақтандыру» АҚ активтері, міндеттемелері мен
24
25
ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ 2015
Листинг компаниясы жөніндегі ақпарат
меншікті капиталы «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ-
на тапсырылды. Операциялардың нәтижесінде
Банкке тиесілі «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ ак-
цияларының саны 505,995 дейін артты, «Казком-
мерц-Полис» СК» АҚ-дағы Банктің үлесі 99.62%-
ға дейін төмендеді («БТА Сақатандыру» АҚ-тағы
миноритарлық акционерлер болғандықтан).
2015 жылдың үшінші тоқсанында («БТА Сақтан-
дыру» АҚ-ның «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ-на
қосылғанынан кейін) Банк миноритарлық акцио-
нерлерінің көбінен «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ
акцияларын сатып алды, нәтижесінде Банктің
«Казкоммерц-Полис» СК» АҚ-дағы үлесі 99.67%-
ға ұлғайды.
2015 жылғы 10 қарашада Банк еншілес сақтан-
дыру ұйымдарын қайта ұйымдастыру үдерісі
аяқталғаны жайлы хабарлады. Нәтижесінде
«БТА сақтандыру» АҚ «Казкоммерц-Полис» СК»
АҚ-на қосылды. «БТА сақтандыру» АҚ барлық ак-
тивтері мен міндеттемелері «Казкоммерц-По-
лис» СК» АҚ-на өтті.
«Грантум» ЖЗҚ» АҚ.
Қазақстан Республика-
сы зейнетақы жүйесінің реформалануы нәти-
жесінде 2014 ж. ақпанда «ГРАНТУМ» ЖЗҚ» АҚ
өз салымшыларынан зейнетақы жарналарын
қабылдауды тоқтатты және барлық зейнета-
қы активтерін «Бірыңғай Жинақтаушы Зейнета-
қы Қоры» АҚ-ның басқаруына тапсырды. 2014
жылғы 20 маусымда «Грантум» ЖЗҚ» АҚ акцио-
нерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында
«Грантум» ЖЗҚ» АҚ ерікті тарату туралы шешім
қабылданды және тарату комиссиясы тағайын-
далды. 2015 жылғы желтоқсанда Банктің енші-
лес компаниясы «Грантум» ЖЗҚ» АҚ тарату
комиссиясының шешіміне сәйкес меншікті ка-
питалын өз акционерлері арасында бөлді. 2015
жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ак-
цияларды шығарудың күшін жою және заң-
ды тұлғалардың тізілімінен «Грантум» ЖЗҚ» АҚ-
ын алып тастау бойынша рәсімдер аяқталмай
қалды.
2015 жылғы «05» маусымда
Kazkommerts Capital
2 B.V.
компаниясы тарату рәсімінің аяқталуына
байланысты Нидерланды Корольдігі Сауда пала-
тасының сауда тізілімінен алынып тасталды.
2015 жылғы 16 ақпанда Банк оған тиесілі
«Қаз-
коммерцбанк Қырғызстан» ААҚ
-тың жай ак-
цияларын Банктің Директорлар кеңесінің 2015
жылғы 29 қаңтардағы шешімімен бекітілген ак-
цияларды сату шартының негізінде, саны –
293 975 дана көлемінде акцияларды сатып алу-
сату шарты бойынша сатты.
«Лондон-Алматы» СК АҚ.
2015 жылғы 21 шіл-
дедегі Сатып алу-сату шартына сәйкес Банк Ак-
тивтер мен міндеттемелерді бір мезгілде тап-
сыру туралы шарт аясында «БТА Банкі» АҚ-нан
осыдан бұрын алған, саны 1 497 946 дана (үлесі
99,86%) көлемінде «БТА Банкі» Акционерлік қо-
ғамының еншілес ұйымы «Лондон-Алматы»
Сақтандыру компаниясы» АҚ-дағы (бұдан әрі –
«БТА») өзіне тиесілі жай акцияларды сатты.
«БТА Ипотека» АҚ.
2015 жылғы 18 қыркүйекте
Банк Сатып алу-сату шарты бойынша 2015 жыл-
ғы 15 маусымдағы Активтер мен міндеттеме-
лерді бір мезгілде тапсыру шартының аясында,
БТА-дан осыдан бұрын алған, саны 55 000 000
дана (үлесі 100%), көлемінде «БТА Банкі» АҚ
еншілес ипотекалық ұйымы «БТА Ипотека» АҚ-
дағы (бұдан әрі – «БТА») өзіне тиесілі жай акция-
ларды сатты.
«БТА Банкі» АҚ және оның еншілес компания-
лары (бұдан әрі – «БТА Банкі» АҚ).
2014 жылғы
30 маусымда Банк пен К.Х. Ракишев мырза, әр-
қайсысы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-нан БТА-
ның 46,5% үлесінен сатып алды; сол уақытта
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ БТА-ның 4,26% көлемін-
дегі қалған үлесін Сенімгерлік басқару шарты
негізінде Банкке тапсырды, бұл Банктің 50%-дан
артық дауыстар мен БТА-ға операциялық бақы-
лау жүргізуді қамтамасыз етті. Сатып алынған
күнге БТА-дағы бақыланбайтын иелік етудің та-
нылған үлесі (53,5%) сатып алынған банктің те-
ңестіргіш таза активтерінің танылған құнында-
ғы иелік етудің ағымдағы үлесінің мөлшерлес
бөлігі бойынша бағаланды және 74 149 млн тең-
ге құрады.
2014 жылдың үшінші тоқсанында Банк пен К.Х
Ракишев мырза миноритарлық акционерлерден
әр акцияның құны 0,24162 теңгені құрайтын БТА
жай акциялардың 11 783 301 082 данасын сатып
алды. Қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес,
БТА-ның миноритарлық акционерлерінен сатып
алынған акциялардың барлығы Банк мен К.Х.
Ракишев мырза арасында бірдей данаға бөлінді
(бір жай акцияның құны 0,24162 теңге).
2014 жылғы 31 желтоқсанға БТА сатып алу-
дың бастапқы есептік құны нарықтық деректер
негізінде анықталды. Несиелер (клиенттер мен
банктерге ұсынылған) бойынша сатып алынған
талаптардың әділ құны 527 917 млн теңге және
тиісінше 60 676 млн теңге құрды, олардың жал-
пы құны шарттарға сәйкес 3 403 990 млн теңге
және тиісінше 66 433 млн теңге құрды. Аталған
шарттар бойынша ақша ағымдарына қатысты
өндіріп алу күтілмейтін сомалар сатып алынған
күнге ең жақсы баға 2 796 371 млн теңге және
тиісінше 9 560 млн теңге құрады.
2015 жылғы 15 маусымда Банк пен БТА активтер
мен міндеттемелерді бір мезіглде тапсыру тура-
лы шартқа қол қойды. Шарттың аясында БТА ак-
тивтері мен міндеттемелерінің бір бөлігі ККБ-ға
берілді, ал ККБ-ның проблемалық активтерінің
бір бөлігі БТА-ға өтті.
Шартқа сәйкес, БТА-дан ККБ-ға берілгені:
•
бұрынғы деректемелер мен есеп-шоттарды
сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалар-
дың БТА-дан ашылған барлық ағымдағы жә-
не жинақ есеп-шоттары сол шоттарда қалған
бар қалдығымен қоса;
•
бұрынғы деректемелер мен есеп-шоттарды
сақтай отырып, клиенттердің белсенді кар-
талық есеп-шоты төлем карталарымен бірге,
осы есеп-шотта қалған қалдығымен қоса;
•
корпоративті, шағын, орта және бөлшек биз-
нес клиенттеріне берілген кредиттер бойын-
ша талап ету құқығы.
•
БТА-ның жұмыс істеп тұрған филиалдары
мен бөлімшелері;
•
негізгі қаржының бір бөлігі, тауарлы-мате-
риалдық құндылықтар, бағалы қағаздар мен
ақшалар;
•
БТА-ның еншілес ұйымдарының акцияла-
ры (үлестері) – «БТА Банктің еншілес компа-
ниясы БТА Сақтандыру» АҚ, ««БТА Өмір» БТА
Банктің өмірді сақтандыру бойынша енші-
лес компаниясы» АҚ, «СК Лизинг» АҚ, «БТА
Банкі» АҚ-ның еншілес ұйымы БТА Секьюри-
тис» АҚ, «БТА Банкі» АҚ-ның еншілес ұйымы
«БТА Ипотека» АҚ, «БТА Банкі» АҚ еншілес
ұйымы «Лондон-Алматы» Сақтандыру ком-
паниясы» АҚ, «БТА Банкі» АҚ еншілес ұйымы
«АлемКард» ЖШС, «Титан Инкассация» ЖШС.
Ал өз кезегінде ККБ-дан БТА-ға берілгені:
•
Кредиттер бөлігі бойынша корпоративтік
бизнес клиенттеріне берілген талап ету
құқығы;
•
Жылжымайтын мүлікпен қатысты стрес ак-
тивтерін басқарумен айналысатын еншілес
компания «Kazkom Realty» ЖШС-не қатысу
үлесі.
26
26
27
ГОДОВОЙ ОТЧЕТ 2015
27
27
27
Активтермен және міндеттемелермен ауы-
су аяқталғаннан кейін және БТА банктік ли-
цензиясын өткізген соң ККБ БТА-ға басқару
ісін өзінің ірі акционерлеріне табыстады жә-
не 2015 жылғы 30 маусымнан бастап БТА-ны
өзінің шоғырландырылған қаржы есебінен
алып тастады.
2015 жылғы 25 қыркүйекте «БТА Банкі» АҚ-мен
эмитент ретінде «Самұрық-Қазына» қорынан
өзінің 27 351 461 050 жай акцияларын (4,26%)
сатып алу рәсімі аяқталды, оның нәтижесін-
де БТА акцияларын сенімгерлік басқару тоқ-
татылды. БТА акцияларын сенімгерлік басқа-
ру шарты Қазкоммерцбанк пен БТА біріктіру
үлгісі асында сенімгерлік басқарушы ретінде
Қазкоммерцбанк және сенімгерлік басқару-
дың құрылтайшысы ретінде «Самұрық-Қазы-
на ҰӘҚ» АҚ арасында 2014 жылғы 31 қаңтарда
жасалған.
2015 жылғы 9 желтоқсанда Банктің Директор-
лар кеңесімен белгіленген шарттармен БТА шы-
ғарылған (эмитеттелген) 608 374 602 366 жай
акцияларды иеліктен шығару туралы Банктің
директорлар кеңесімен шешім қабылдан-
ды. Аталған шешімді іске асыру аясында 2015
жылғы 28 желтоқсанда Банк пен Банктің ірі ак-
ционерлері К.Х. Ракишев мырза мен Н.С. Суб-
ханбердин әрқайсысы 294 246 757 376 дана
көлемінде БТА акцияларын сату шарттарын жа-
састы. 21,2 млрд теңге көлемінде шығарып алы-
нудан пайда болған шығын меншікті капитал-
дағы өзгертулер туралы шоғырландырылған
есепте «Еншілес компанияның шығуы» тарма-
ғында көрсетілген. 2015 жылғы 30 маусымдағы
жағдай бойынша бақылау күшінің жойылу және
елеулі түрде ықпалдың болмауына байланыс-
ты БТА-дағы инвестициялар инвестициядан са-
туға арналған қолда бар инвестицияларға қайта
топтастырылды.
Директорлар кеңесі Банктің
басқару органы болып табы-
лады, Банкті стратегиялық
басқаруды, қаржы-шаруашы-
лық қызметін және тәуекел-
дерді басқару жүйесін бақы-
лауды жүзеге асырады, Банк
акционерлерінің жалпы жи-
налысымен мақұлданған
Банктің шешімдері мен саяса-
тын орындайды. Кодексе сәй-
кес Директорлар кеңесінің
төрағасы және басқарма тө-
рағасының рөлдері келесідей
ажыратылған: Директорлар
кеңесінің төрағасы Директор-
лар кеңесінің жұмысын ұйым-
дастырады, басқарма төрағасы
Банктің ағымдағы қызметі-
не басшылық етеді. Директор-
лар кеңесінің отырыстары қа-
жеттілігіне қарай, бірақ айына
кемінде бір рет өткізілуі тиіс.
2.3. Өндірістік құрылым
Кадрлар және
әлеуметтік
әселелер
бойынша комитет
Сыртқы
аудитор
Ішкі
аудит
қызметі
Корпоративтік
хатшы
Аудит бойынша
комитет
Стратегиялық
жоспарлау
және
тәуекелдерді
шолу
жөніндегі комитет
Достарыңызбен бөлісу: |