Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Қазақстан Республикасындағы қазақ тілін дамыту саясаты



бет188/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

Қазақстан Республикасындағы қазақ тілін дамыту саясаты

Қазақ тілін дамыту саясаты Қазақстанның байырғы емес тұрғындары өкілдерінің құқығын бұзбай жүзеге асырылуға тиіс. "Іс қағаздарын жаппай қазақ тіліне аударуда басқа ұлт өкілдерінің құқығын сақтау қажет",- деді президент Н.Ә.Назарбаев. "Іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру секілді шараларды бір жақты ұғынуға болмайды. Іс қағаздары қазақ тіліне көшіріледі деген сөз құжат айналымы екі тілде - орыс және қазақ тілдерінде жүргізіледі дегенді білдіреді",- деді Н.Назарбаев. Елбасының айтуынша, мемлекеттік қызметкерлердің 20 процентке жуығы - қазақ емес ұлттардың өкілдері. Олардың басым бөлігі, президенттің айтуынша, мемлекеттік тілді жеттік меңгерген. "Соңғы мәліметке сәйкес, Қазақстанда тұратын 6 млн. азшыл ұлттар өкілдерінің 1,5 миллионға жуығы қазақ тілін біледі",- деді президент. Н.Назарбаев келесі жылға арналған бюджетте мемлекеттік тілді дамытуға 2 млрд. 700 млн. теңге қарастырылғанын еске сала кетті.

Ежелгі қазақ жерінде тәуелсіздік таңының елең-алаңында, яғни 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болған-ды. 1995 жылы қабылданған Ата заңның 7-бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп тайға таңба басқандай айқын жазылып, конституциялық шешім жасалды. Осыдан екі жыл кейін қабылданған «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңында «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тілі» деп тағы да атап көрсетіліп, оны барша азаматтардың еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасалатындығы айтылған болатын. Үкімет осы Заңның жүзеге асуы жөнінде көптеген қаулы-қарарлар алды. Тілдердің қолданыс аясын кеңейту бағытында арнайы мемлекеттікбағдарламалар жасалды. Сөйтіп сан жыл теперіш көріп келген ана тілдік кеңістікте қозғалыс басталып, ол қоғамдық өмірде еркін қолдануға бет алды. Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында іс-қағаздары мемлекеттік тілге көшіріле бастады. Қазақ тілінде шығатын бұқаралық ақпарат құралдардың саны арта түсті. Осындай оң өзгерістермен қатар қазақ тілі қоғамның көптеген салаларында әлі аударма тіл дәрежесінен аса алмай тұр. Оның терең саяси және құқықтық негіздері бар.

Соңғы 300 жылдай уақытта қазақ қоғамы өз алдына толыққанды мемлекет болып, өз билігіне өзі ие бола алмады. Қазақ өркениетті ұлт ретінде қалыптаса алған жоқ. Толып жатқан қиыншылықтар қазақ елінің капитализмді бастан өткермей, феодализмнен социализмге «қарғып» кетуінен, яғни қоғамның табиғи жетілмеуінің де туындады.

Кеңес өкіметі Азамат соғысын аяқтап, бірсыпыра нығайып алғаннан кейін ұлттық мәселелерде кейбір қайшылықты саясат жүргізе бастады. Бұл ұлттық республикаларға әсер етіп, кейде асыра сілтеушілік те болмай қалмады. Қазақ ССР Халық комиссарлар кеңесінің 1921 жылғы 2 ақпанындағы «Республика мемлекеттік органдарында қазақ және орыс тілдерін қолдану туралы» декретінде «республиканың бүкіл орталық және губерниялық мекемелері іс қағаздарын және өзара қарым-қатынасты орыс тілінде жүргізеді» деп жазылды





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет