Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


«Қазақстан-2050» стратегиясындағы қазақ тілін дамытуға қатысты ұстанымдар



бет189/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

«Қазақстан-2050» стратегиясындағы қазақ тілін дамытуға қатысты ұстанымдар

Президент Н.Ә. Назарбаев « Қазақстан 2030 » стратегиясын іске асырудың негізгі қорытындыларын шығарып , Қазақстан халқына « Қазақстан - 2050 » стратегиясы : қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты » атты Жолдауын арнады . Тәуелсіздік күні қарсаңында жолданған құжатта бұған дейін ел өмірінде орын алған елеулі оқиғалар мен жеткен жетістіктер жайы сөз болды . « Қазақ тілі - біздің рухани негiзiмiз » деп сөзін жалғаған мемлекет басшысы « 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне , латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек . Бұл – ұлт болып , шешуге тиіс принципті мәселе . Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз . Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге , балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне , ең бастысы қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады » , - дей келе , қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп , кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналатынын нық сеніммен атап өтті . Көп ұлтты қалыптасқан Қазақстанда тіл саясатының салауатты жүргізілуі қоғамның саяси орнықтылығын қамтамасыз ететін факторларының біріне айналды.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту жөнінде арнайы қабылданған мемлекеттік бағдарлама бар. «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында (Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекітілген) нақты шаралар қолға алынды. Бұл бағдарлама әкімшілік, білім беру, қызмет бойынша жоғарылау, қызмет көрсету және басқа да өмірдің әр түрлі салаларына арналған бірнеше арнайы және жеке бөліктерді қамтиды. Бағдарламаны жүзеге асырудың үш кезеңі бар. Бірінші кезең – 2011-2013 жылдар, екінші кезең – 2014-2016 жылдар және үшінші кезең – 2017-2020 жылдарды қамтиды. Нәтижесінде мемлекеттік тілде сөйлейтіндердің көрсеткішін 20 пайыздан 80 пайызға дейін, кейін 95 пайызға жеткізу жоспарланған. Бағдарламаны кезең-кезеңмен іске асыру өз нәтижесін беруде.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында аса маңызды үш мемлекеттік бағдарлама атап өтілді. Басты бағдарламалардың бірі – тілдерді дамыту, мемлекеттік тіл мәртебесін одан әрі нығайтудың міндеттері белгіленді. Жолдауда Елбасы «Біз сол сияқты орыс тілін және өзге де қазақстандық этностар тілін дамытатын боламыз. Мен қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін әрдайым айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін» деп жастардың шет тілдерін тереңірек меңгеруіне ерекше көңіл бөлу керек екенін және қазақстандықтардың үш тілді білуінің заман талабына сай екенін нақтылады.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы 1997 жылғы 11 шiлдеде қабылданды. Осы Заңда: «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» – деп бекітілген. Сонымен бiрге, «Үкiмет, мемлекеттiк органдар мемлекеттiк тiлдi, яғни қазақ тiлiн барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы мен дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi» – деп көрсетiлген.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет