«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының (2004 ж.) стратегиялық маңызы
2004 жылдан бастап Елбасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы іске кірісті.
Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты елдің рухани және бiлiм беру саласын дамыту, мәдени мұрасының сақталуын және тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету.
Алға қойған мақсатқа қол жеткiзу мынадай мiндеттердi шешу арқылы жүзеге асы47рылады:
елдiң маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қайта жаңғырту;
Халықтың тарихи естелігі – ғасырлар бойы мәдени мұраға салынатын, барлық адамзат өркениетінің мәдени топтарын, халықтың, ұлттың, этностың өзін сақтап қалудың негізі болып қалу факторы болып табылады. Мәдени мұра өркениетті қоғамның ең маңызды себебі болып табылады, ол өзіндік рухани – өнегелілік пен материалдық құндылықтардан тұрып, ол бір ұрпақтан келесі ұрпаққа жай өтіп ғана қоймай, оларды жоғалтып алмас үшін, ұлттық, мемлекеттік масштабтағы үлкен күш пен құралдарды салуды талап етеді
Оның ең бірінші аспекті халықтың бай мәдени мұрасы арқылы қазақстандықтардың ұлттық сана сезімін дамыту мен бекітуге бағыттылған. «Мәдени мұраның» екінші маңызды аспектісі - әлемге бай ұлттық рухани қазынасын ашу. Бағдарламаның үшінші аспектісі – тарих, философия, этнография, тіл, әдебиет, көркем өнер, музыка және т.б ұлттық мәдени мұраны зерттеу жүйесін құру;
Достарыңызбен бөлісу: |