1. Қазақ тілінің қолдану аясының тарылу себептерін ашып, ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипатына талдау жасау Тіл ұлттық негізгі белгісі ретінде халықтық болмыс-бітімнің сақталуында шешуші рөл атқарады, оның рухани мәдениітінің бір бөлігі болып табылады. Қазақ тілінің қолдану аясының тарылу себептері туралы сөз еткенде, тарихқа тереңірек үңілуге туралы келеді. Бұл мәселе сонау 1920-30 жылдары оңды шешіліп, бірқатар тәжірибе жинақталғаны белгілі жайт. Тіл саясаты өрескел бұрмаланып, оның орнына Сталиннің ұлттарды ұлттық рухани қазынасынан айыруды көздейтін «біртұтас кеңес халқын жасау» саясаты орнықты. Бұл бағыттағы жұмыстар жергілікті халықтың және Кеңес Одағында, соның ішінде қазіргі Қазақстан Республикасында тұратын ұлттық топтардың мүдделері ескерілмей жүргізілді.
Тіпті, қазіргі қазақ қоғамындағы көп талқыланып, шешімін таппай келе жатқан мәселенің бірі – мемлекеттік тіл қолданысының жай-күйі. Ел тәуелсіздігі қарсаңында 1989 жылы Тіл туралы арнайы заң қабылданып, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Заңның 4-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi» – деп, оның мәртебесі арнайы заңда тұңғыш рет көрсетілді. Еліміздің Ата заңы Республика Конституциясының 7-бабында да «1.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» екендігі тайға таңба басқандай айқын жазылды. Қазақ тілі заңдық мәртебеге ие болды. Осылайша, Тәуелсіздікпен бірге қазақ тілі дамуының жаңа кезеңі басталды