Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы



бет65/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

1905 жылы Ә. Бөкейханов Ресей конституциялық демократтар (кадет) партиясына мүшелікке қабылданды. Осы жылы Қарқаралыда орыс отаршылдығына қарсы өткен қозғалысқа басшылық жасап, петиция ұйымдастырды. Ресейдің I Мемлекеттік Думасына Семей облысынан депутат болып сайланады. 1905—1907 жылдары кадеттердің «Степной пионер», «Степной край», «Иртыш», «Омич», «Голос» атты газеттеріне белсенді түрде мақалалар жазып тұрды. Ә. Бөкейханов ғылыми жұмыспен де белсене айналысты. Мәселен, ол Орыс географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің жұмысына қатысты. Ол екі тілге бірдей жетік еді, қазақша да, орысша да еркін жазды. Оның қаламынан көптеген тарихи және этнографиялық туындылар, атап айтқанда, «Қырғыздар» («қазақтар» - авт.), «Сұлтан Кенесары Қасымовтың тарихына қатысты материалдар», «Қарқаралы уезіндегі қырғыздардың рулық құрылымы», Абай қазасына арналған «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» атты қазанамалық мақаласы, тағы басқа зерттеулері жарық көрді.
Халел Досмұхамедов — Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы1917 жылы ІІ жалпықазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметі — Ұлт кеңесі құрамына сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер — халық милициясын жасақтауға, Алаш қорын құруға, елден алым-салық қаражат жинау ісіне күш салды. Уақытша үкіметтен билікті күшпен тартып алған большевиктердің үстемдігі нығайған тұста, Кеңес үкіметінің басшысы В.И.Ленинмен, Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен бетпе-бет келіссөздер жүргізеді. Большевиктер Кеңес өкіметін толық мойындап, сөзсіз бағынуды талап етсе, олар Алашордаға ішінара билік беру (заң шығару, атқарушы билік, от жүргізу, өз әскері болу), қазақтар шоғырланған жерлерді түгел қазақтарға қайтару, әр жерде кеңес органдары тұтқындаған алаш қайраткерлерін түрмеден босату, оларды қудалауды тоқтату, қаржылай көмек беру сияқты маңызды мәселелерді өткір қоя білді.

Халел қажырлы қоғам қайраткері болумен қатар, ағартушы, ғалым, дәрігер екендігін де есте ұстауға тиістіміз. Ұлы Қазан төңкерісіне дейін қазақтар арасында арнаулы білімі бар 20 ғана дәрігер даярланды. Халел 1913-1920 жылдары Темір уезінде учаскелік дәрігер қызметін атқара жүріп, оба ауруын жою ісіне қатысады. Ауруға сапалы медициналық көмек беретін ешкімнің болмағанына, сүзектен, суық тиюден, мерезден, обадан, тырысқақтан, қарасан, қызылша, безгек, туберкулез т.б. аурулардан халық жаппай қырылып жатқан кезде, осынау үркердей топтың қарлығаштың қанатымен су сепкендей болмашы іс-әрекетінің өзі біраз адамдардың өмірін арашалап қалды. Сол бір үркердей топтың ішінде қазақтың Ибн-Синасы (Европаша Авиценна), ғұлама ғалымы, сан қырлы дарын иесі, Халел Досмұхамедұлының болуы, әрине, үлкен тағылым алар мақтаныш! Қазақ халқы алдындағы перзенттік парызына өмірінің соңғы сәтіне дейін адал болған Халел Досмұхамедовұлы – халқымыздың тарихы мен мәдени өмірінде өзіндік із қалдырған біртуар перзенттердің бірі. Күні кешеге дейін бүгінгі ұрпақ оны «Алашорданың» көрнекті қайраткерлерінің бірі ретінде ғана білген болса, оның ғылыми-ағартушылық, педагогикалық мұрасы жеткілікті зерттелмеді. Кезінде жеке адамға табыну мен заңсыздықтың құрбаны болған Халел Досмұхамедұлы өз өмірінің ішінде артына орасан зор сарқылмас мұра қалдырды. Бүгінгі жазылып отырған мақала арқылы , қайтпас та, қажымас қайраткер, дара да, дана тұлға, әмбебап энциклопедистің ғылыми мұрасын жан-жақты зерттеп, кеңінен насихаттап, сол мұраның асылдарын халқымыздың рухани мүддесіне жарайды деген сенімдеміз. Халел Досмұхамедов ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтың демократиялық бағыттағы зиялыларының көрнекті өкілдерінің бірі. Ол – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, ағартушы – педагог Қазақстанда және Түркістанда ғылым мен білім беру, денсаулық сақтау ісін талантты ұйымдастырушы болды. ХХ-ғасырдың 30-шы жылдардың екінші жартысынан бастап, валюнтаристік шешімдердің, қоғамдық және партия өмірі саласында өрескел жіберілген қателіктердің, әкімшілік-әміршілдік басқару әдісінің күшеюі, қазақ халқына қарсы бағытталған ауыр қылмыс түрінде байқалған және жеке адамға табынудың шектен шыққан өрескел көрінісінің кезеңі басталғанын тарихи құжаттар дәлелдейді. Белгілі ғалым, академик–жазушы Зейнолла Қабдоловтың сөзімен айтқанда, шын мәнінде халқымыздың ояну дәуірі туғызған алыптардың қатарында жарық жұлдыздар шоғыры секілді Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқаев есімдерімен қатар Халел Досмұхамедов есімінің аталуы бұл өмірге сирек келетін дарын иесі, әмбебап ғалым Халел бабамызға берілген әділ баға болып табылады. Халел Досмұхамедұлы Атырау облысы Қызылқоға өңірі, әсіресе Исатай мен Махамбеттей сынды қол бастаған батырларды пана еткен, Мұрат сынды ел мұңын жырлаған жыраулар шыққан, қазақ әдебиеті мен өнерінің талай-талай өкілдері өскен Тайсойған жерінде он тоғызыншы ғасырдың аяғында дүниеге келіп, сол заманның, сол қоғамның ең таңдаулы өкілдері ғана оқитын жоғары оқу орны Санкт-Петербургтегі Императорлық әскери–медициналық академияны алтын медальмен бітіру-бұл таңғажайып қабілеттің, табиғат сыйлаған ерекше дарынның белгісі емес пе? Студенттік жылдары Санкт-Петербургте жас Халел Досмұхамедовтың ағартушылық дүниетанымының қалыптасуына ерекше әсер еткен әлемге аты белгілі ғұлама ғалымдар академияның алғашқы ұстаздары: ғұлама физиолог-психолог, ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты, академик Иван Петрович Павлов, көрнекті шығыстанушы, академик Василий Васильевич Радлов, қазақ лингвистикалық мектебінің негізін салушы, Ресей ғылым академиясының мүше – корреспонденті, профессор Бодуэн де Куртунэ.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет