Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


ХХ ғ. 20-30 жж. бай-кулактарды жою саясаты – орта шаруаларға жасалған зорлық-зомбылық болғандығын негіздеңіз



бет123/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

ХХ ғ. 20-30 жж. бай-кулактарды жою саясаты – орта шаруаларға жасалған зорлық-зомбылық болғандығын негіздеңіз.

Байлар мен кулактарды тап ретінде жою — Кеңес өкіметінің ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру барысында меншік иелерін, ауқатты шаруалар қожалықтарын күшпен жою шаралары.

1927 жылы желтоқсанда ірі бай шаруашылығын тәркілеу жөніндегі заң жобасын әзірлейтін арнайы комиссия құрылды. 1928 жылы наурызда Қазақстан Өлкелік комитетінің бюросы ол заң жобасын бірнеше рет қарап, нақтылады. Осы жылдың тамыз айында Өлкелік комитет тәркілеу науқанына тікелей басшылық жасайтын комиссия ұйымдастырды. Комиссияның төрағасы болып Е. Ерназаров тағайындалды, оның құрамына О. Исаев, Н. Нұрмаков, Г. Тоғжанов, О. Жандосов және т. б. кірді. 1928 жылдың 27 тамызында Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінде тәркілеу жөніндегізаң жобасы қабылданды.Республиканың барлық аудандарынатәркілеуді өткізу жөнінде нұсқаулар жіберілді. Заң бойынша малы, дүние—мүлкі тәркіленіп, өзі жер аударылуға тиісті ірі байларға: көшпелі аудандарда ірі қараға шаққанда400—ден астам малы бар,жартылай көшпелі аудандарда 300—ден астам малыбар, отырықшы аудандарда 150—ден астам малы барлар және бұрынғы сұлтандар мен хандардың ұрпақтары жатқызылды.



1929 жылы 20 ақпанда КСРО ОАК мен Халық Комиссарлар Кеңесі “Еңбек туралы заңдар кодексін кулактар шаруашылықтарында қолдану тәртібі туралы”, 21 мамырда “Еңбек туралы заңдар қолданылуға тиісті кулактар шаруашылықтарының белгілері туралы” қаулылар қабылдады. Қазақстанда ірі байлар шаруашылықтарын тәркілеу 1928 жылдан жүзеге асырыла бастады. Аталмыш құжаттар негізінде 1929 жылы 10 қазанда Қазақ АКСР-і Халық Комиссарлар Кеңесі қабылдаған қаулысы бойынша бай-кулактар қатарына жылдық табысы 300 сомнан асатындар, саудамен айналысатындар, диірмені барлар, т.б. жатқызылды. И.В. Сталин 1929 жылы сәуірдегі БК(б)П ОК мен Орталық бақылау комиссиясының пленумында “кедей — жұмысшы табының тірегі, орташа шаруа — одақтасы, кулак — тап жауы” деген тұжырымды ұсынды. Сол жылы 29 желтоқсанда өткен марксшіл аграршылар конференциясында Сталин кулактарды тап жауы ретінде жоюды күн тәртібіне қойды. 1930 жылы 15 қаңтарда БК(б)П ОК В.М. Молотов басқарған арнайы комиссия құрды. Жергілікті жерлердің партия комитеті жанында “үштіктер” ұйымдастырылды. Қазақстандағы республика “үштіктің” құрамына Ж. Құрамысов (төрағасы), А. Альшанский мен А. Асылбеков (мүшелері) енді. Ол 1930 жылы 23 қаңтардағы мәжілісінде Қазақстандағы 20 мыңға жуық байлар мен кулактар шаруашылықтарын тәркілеп, жаппай ұжымдастыру жүріп жатқан аудандардан көшіріп, өнеркәсіп құрылыстарынан, темір жолдардан шалғай жатқан аудандарға тарата қоныстандыру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, ол жерлерге сырттан жер аударылып әкелінетін 30 мыңдай кулактардың отбасыларын орналастыру көзделді. 1930 жылы 30 қаңтарда БК(б)П ОК бюросының “Жаппай ұжымдастыру аудандарындағы кулактар шаруашылықтарын жоюға байланысты шаралар туралы” қаулысы қабылданып, онда бай-кулактарды жою жолдары нақтыланды. Жергілікті жерлердегі өкімет орындарына “кулактарға қарсы күресте барлық қажетті шараларды қолдануға” рұқсат етілді. 1930 жылы 10 ақпанда Қазақ өлкелік партия комитетінің арнайы комиссиясы республикада бай-кулактары жойылуы тиіс 20 ауданды белгіледі. Науқанды жергілікті жерлерде жүзеге асыру ОГПУ органдарына жүктелді. Бай-кулактарға жазалар белгілеу Мәскеуде шешілді. КСРО Заң халық комиссариатының төрағасы Н. Янсеннің 1930 жылы 3 ақпандадағы нұсқауы бойынша “кулактардың контрреволюцияшыл белсенді тобы” тез арада қамауға алынып, олар “қастандық актілерін ұйымдастырушылар” ретінде ату жазасына кесілетін болады. Жазалауға ұшыраған байлар мен кулактар Конституцияда белгіленген азаматтық құқықтарын пайдалану мүмкіндіктерінен айырылды. Кулактардың өз беттерінше басқа жаққа көшулеріне, мал-түліктерін сатуларына тиым салынды. Байлар мен кулактарды жоюды 4 айдың ішінде аяқтау міндеттелді. Кулактар мен байларды тәркілеу барысында көптеген заңсыздықтар орын алды. Кейбір жерлерде кулактар қатарына орташа шаруалар ғана емес, кедейлер де жатқызылды. Тіпті әскерилерді, агрономдарды, дәрігерлерді, мұғалімдерді кулак ретінде қабылдап, қуғын-сүргінге ұшырату оқиғалары да кездесті. Науқанды жүзеге асыру барысында Кеңес өкіметіне қарсы насихат жүргізді деген бір адамға қатысты іс бойынша бірнеше адамды топтап соттату әдетке айналды. Контрреволюциялық топтар мен ұйымдар құрғаны жөнінде ешқандай мәліметтер болмаса да, олар РКСФР Қылмыс кодексінің 58-бабының 11-тармағымен айыпталып, ату жазасына кесілді. Қазақстанда 22 мың адам қамауға алынды. 1930 жылы 1 шілдеге дейін олардың 12 мыңы (кедейлер мен орташалар) түрмеден босатылды. 4 мыңдайы жер аударылды. Қазақстанда барлығы 54625 шаруашылық бай-кулакқа жатқызылып, тәркіленді. 1930 жылы қараша-желтоқсан айларында бай-кулактар, ауқатты шаруалар шаруашылықтарын қайта айқындау жұмысы қарқын алды. 1931 жылы 3—7 ақпан аралығында өткен Қазақ өлкелік партия комитеті мен Өлкелік бақылау комиссиясының біріккен пленумы байлар мен кулактарға қарсы күресті онан әрі күшейте түсуді ұсынды. Нәтижесінде 1931 жылы Қазақстаннан тыс жерлерге 5500 шаруа бай-кулак ретінде жер аударылды. Кеңес өкіметі жер аударуды 1932 жылы ғана тоқтатты. Байлар мен кулактарды тап ретінде жою Қазақстан ауыл шаруашылығына орасан зор апат әкелді. Шаруалардың ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, іскер бөлігі күшпен жойылды, мұның өзі, әсіресе, дәстүрлі мал ш-н күйзеліске ұшыратты.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет