Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


ХІV-ХV ғғ. қазақ халқының қалыптасу үрдісінің аяқталғандығын дәлелдеңіз



бет19/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

ХІV-ХV ғғ. қазақ халқының қалыптасу үрдісінің аяқталғандығын дәлелдеңіз.

XV-XVI ғғ. Қазақ халқының және оның этникалық территориясының қалыптасуының ұзаққа созылған процессі негізінен аяқталды. Қазақ халқының этникалық құрамын Орта Азияның басқа да түркі тілдес халықтарындағыдай әр тілді тайпалар мен халықтар құраған. Олар: сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, түрік, түргеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ, найман, арғын, керей, қоңырат, жалайыр, дулат және т.б. Қазақстан территориясын мекендеген тайпалар. Бұлардың көпшілігінде өз уақытында мемлекеттері болған. Ертедегі түріктердің көптеген ру-тайпа аттары қазақтарда күні бүгінге дейін сақталған.

Қазақ халқының қалыптасуы XY ғ. екінші жартысы мен XYI ғ. бас кезінде, тәуелсіз Қазақ хандығы қалыптасқан кезде аяқталды. Сөйтіп, халықтың қалыптасуының тағы бір жағдайы - өз мемлекетінің аты қалыптасты.

Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан территориясында XIV- XV ғ. болып өткен əлеуметтік –экономикалық жəне этникалық – саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Тарихи əдебиетте В.В.Вельяминов-Зерновтан бастап, Шығыс-Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпаларының 1 бөлігін Жошы ұрпағы Керей мен Жəнібектің басшылығымен Шу мен Талас өзендерінің жазығына көшуі Қазақ хандығы құрылуының басталуы болды деген пікір бар.Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол улан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды жəне түбегейлі шешуші роль атқарды.1456 жылы Керей мен Жəнібек ханның Əбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті – қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоңыс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді. Бұл оқиғанның мəн-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өкімет үшін өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Əбілхайыр құрған «көшпелі өзбектер» мемлекеті пайда болды. Осы мемлекеттің территориясы XV ғ. орта шенінде Сырдариядан Сібір хандығына дейінгі Ұлан байтақ жерді алып жатты. Алайда бұл мемлекеттің ішіндегі өкімет үшін күрес бір сəтте толастаған жоқ. Əбілхайыр хан өзінің саяси душпандарын-Жошы əулетінен шыққан султандарды құдалауын тоқтатпады. Өкімет үшін күрес барысында Дешті – Қыпшақтан өздерін қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шөберелері-Керей мен Жəнібек XV ғ. 50 жылдары орта шенінде қарамағандағы ауылдарымен Шу өзенінің бойына көшіп кетуге мəжбүр болды.Қазақ хандығының нығаюы. Тарихи деректемелер алғашқы қазақ хандарының хандықтың территориясын кеңейтуге, Сырдария өңіріндегі қалармен Шығыс Дешті – қыпшақтың қырдағы аудандарындағы өз билігін нығайтуға бағытталған белсенді сыртқы саясаты туралы баяндайды. Əбілқайыр хандығы мен Моғолстанның құлдырауын пайдалана отырып, Керей мен Жəнібек XV ғасырдың 60 жылдырдың соңында қазақтар мекендеген бүкіл территорияның біріктіру жолында ойдағыдай күрес бастады.Қазақ хандығының саяси –экономикалық базасын ңығайту үшін Сырдария бойындағы қалаларды қарату төтенше маңызды еді. Осы орайда, қазақ хандығының алдына 3 үлкен тарихи міндет қойылды: 1.Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті – Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дағдылы тəртібін қалпына келтіру (бұл тəртіп Əбілқайыр хандығындағы аласапран арқылы бұзылған) көшпелі шаруалардың көкейтесті мүддесі еді. 2.Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстінен орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркестан) т.б. қалалары қазақ хандығына карату. Бұлар осы өңірдегі саяси- экономикалық жəне əскери- стратегиялық берік база болатын. 3.Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территолриясын біріктіру. Бұлардың ішіндегі ең маңызды міндет – Сырдария жағасындағы қалаларды қарату күресі болды.Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті – Қыпшақ даласы үшін күресте қазақ хандығының басты бəсекелесі жəне ата жауы Əбілқайыр хан еді. 1468 жылы қыста ол қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа атанды, бірақ сапары сəтсіз болып, жорық жолында қаза тапты. Əбілқайырдың қаза болуы қазақ хандығының ңығайуына жəне территорияның көлемінің кеңеуіне үлкен себеп болды. Ол өлгеннен соң, оның елігінде қиянкескі феодалдық қырылыс басталып, хандық ыдырай бастады. «Өзбек ұлысының» шаңырағы шайқалды, ірі шиеліністер басталды. Оның қарамағындағы үлкен бөлігі Керей мен Жəнібек ханға көшіп кетті. Əбілхайыр хан 40 жыл билеген Шығыс Дешті –Қыпшақ даласын жəне ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте өзіне қосып алды. XV ғасырдың 70 жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп, қазақ хандығының территориясын əлқайда кеңейіп, нығайды. Оған тұс-түсынан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты. XV ғасыр мен XVІ ғасырдың арасында (1500 жыл) Мұхаммед Шайбани ханның Дешті – Қыпшақтан ығысып жаулап алуы Орта Азия тарихындағы, əсіресе қазақ пен өзбек үшін елеулі оқиға болды. Бұл ең алдымен қазақ хандығының жерін кеңітіп, беделін арттырып, ерікті елдігін нығайтты. Бұрынғы дəуірлерде бытыранқы болып келген қазақ тайпаларының басын бір жерге қосуға, қазақтың этникалық территориясын біріктіруге, сонау қола ғасырдан басталған қазақтардың халық болып қалыптасу барысын біржолата аяқтатуға мүмкіндік берді. Бұрын Ақ Орда мен Əбілқайыр хандығында қолданылған «өзбек- қазақ» деген жалпы атау бір-бірімен ажырады. «Қазақ» термині бірте-бірте Шығыс Дешті –Қыпшақ пен Жетісада қалыптасқан халықтың тұрақты атына айналды. «Өзбек» термині Мұхаммед Шайбаниге еріп кеткен тайпалардың этникалық атауы ретінде Орта Азияда ғана қолданылатын болды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет