Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


«Қазақ жері», «қазақ мемлекеті», «қазақ елі» атауларының пайда болуы қазақтар үшін ортақ этникалық сананы күшейткендігін дәлелдеңіз



бет20/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

«Қазақ жері», «қазақ мемлекеті», «қазақ елі» атауларының пайда болуы қазақтар үшін ортақ этникалық сананы күшейткендігін дәлелдеңіз.

Қазақ халқының қалыптасуы XY ғ. екінші жартысы мен XYI ғ. бас кезінде, тәуелсіз Қазақ хандығы қалыптасқан кезде аяқталды. Сөйтіп, халықтың қалыптасуының тағы бір жағдайы - өз мемлекетінің аты қалыптасты. Қазақ хандығында біртіндеп ру-тайпалық сана әлсіреп, жалпы қазақтарға тән этникалық сана күшейді. «Қазақ жері», «қазақ мемлекеті», «қазақ елі» деген түсініктер кең өріс алды. Этникалық тарихи-хронологиялық қалыптасудың үш түрі бар: ру-тайпа, халық, ұлт. Бұл әр бірлестікте өзіндік этникалық сана болады. Этникалық сана - бұл адамның өзін белгілі этникалық бірлестіктің мүшесі деп санауы. Халық болып қалыптасуының алғашқы кезеңінде қазақтарда халықтық этникалық сананың орнына ру-тайпалық сана басым болды. Мысалы: «Сен қай рудансың?» деген сұраққа жауап беруші ең алдымен өзінің руын, сосын тайпасын, сосын жүзін айтатын болған. Олар өзін қазақпыз деп, елден тыс шыққанда ғана айтады.

«Қазақ» термині «еркін,кезбе» деген мағынада аударылған. Бұл аударма терминнің әлеуметтік мәнін көрсетеді.Демек, XIV-XV ғасырларға дейін қазақ даласында орын тепкен мемлекеттердің де «қазақ» халқының қалыптасуына қоқан үлесі мол. Қазақ халқының толық қалыптасып аяқталуы XIV-ғасырдың екінші жартысы XV-ғасырдың бірінші жартысы. Қазақ хандығында біртіндеп ру-тайпалық сана әлсіреп, жалпы қазақтарға тән этникалық сана күшейді. «Қазақ жері», «қазақ мемлекеті», «қазақ елі» деген түсініктер кең өріс алды. Этникалық тарихи-хронологиялық қалыптасудың үш түрі бар: ру-тайпа, халық, ұлт. Бұл әр бірлестікте өзіндік этникалық сана болады. Ғалымдар қазақ халқының қалыптасуын түрік этногенезінің басталуына жатқызады. Түркі кезеңіндегі шаруашылық-мәдени өмір кейін түркі халықтарының көбіне тән болды. Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпалары монгол шапқыншылығы қарсаңында біртұтас халық болып қалыптасуға даяр еді. Оған қимақ-қыпшақ конфедерациясы мысал болады.

«Қазақ» (этноним) деген атаудың шығуы туралы көп пікір бар. Ғылыми тұрғыдан жазба әдебиетте «қазақ» атауының пайда болуы туралы толық тұжырым жоқ. Енесейде табылған YIII ғасырдағы түрік ескерткішінде «қазғақ ұғылым» - «қазақ ұлым» деген сөз тіркесі кездеседі. IX-X ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды мекендеген үш қарлық тайпаларының жалпы «хасақтар» деген аты болған. Қарлықтардың қазақ этногенезіне тікелей қатысы болғаны белгілі.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет