Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Қазақстандық бірегейлік пен бірліктің іргетасы – діни әралуандылыққа негізделген жалпыұлттық құндылық



бет198/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

Қазақстандық бірегейлік пен бірліктің іргетасы – діни әралуандылыққа негізделген жалпыұлттық құндылық

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлады мемлекет басшысының сайтынан.

«Қоса беріліп отырған Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы бекітілсін», - делінген сәрсенбіде Ақорда сайтында жарияланған жарлықтың мәтінінде.

Сонымен құжатқа сәйкес, тұжырымдаманың мақсаты – азаматтық қағидаттарына және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарына негізделген қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамыту.

Тұжырымдаманың міндеттері: азаматтық қағидаттарында қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту жөнінде барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының бірыңғай жұмыс жүйесін, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтары негізінде жаңа қазақстандық патриотизмді құру; ел дамуының стратегиялық мақсаттары төңірегіне топтасқан, қазақстандық бірегейлік пен бірлік қағидаттарында тәрбиеленген «Мәңгілік Ел» жаңа қазақстандық патриотизм ұрпағын қалыптастыру; еңбек және кәсіпқойлар қоғамын қалыптастыру, онда отбасы, достық, бірлік, сондай-ақ еңбексүйгіштік, адалдық, оқығандық пен білімділік, үштілділік сияқты құндылықтар дәріптеледі; орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың тарихи ескерткіштер мен халықтың рухани-мәдени мұраларын нығайтуға, сондай-ақ Қазақстан қоғамының рухани бірлігі қағидаттарына негізделген мемлекеттің зайырлы сипатын дамыту жөніндегі шараларға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды іске асыруы. Сонымен қатар, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың Тұжырымдама іс-шараларын, сондай-ақ болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметін мониторингтеу, есеп беру және бақылау тетігін қалыптастыру.

Хабарда айтылғандай, Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту жөніндегі бүкіл жұмыс ҚХА аясында және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы төңірегінде мына бағыттар бойынша жүргізілетін болады.

Құжатқа сәйкес, тұжырымдама әлеуметтік институттардың, мемлекеттік басқару органдарының, үкіметтік емес сектордың, бизнес құрылымдарының және ел азаматтарының жүйелі, жоғарыдан төмен және бір деңгейдегі өзара байланысы қағидаттарына негізделіп іске асырылады.

Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері: 2015 – 2020 жылдар: ҚХА туралы заңнаманы жетілдіру; елдегі қоғамдық келісім кеңестерінің жүйелерін одан әрі дамыту; ҚХА медиация жүйесін және ҚХА қайырымдылық жүйесін қалыптастыру; қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру; заңнаманы жаңғырту және ҮЕҰ-ны мемлекеттік қолдаудың жаңа нысандарын (гранттар мен сыйлықтар) енгізу. 2021 – 2025 жылдар: білім беру жүйесін үш тілге көшіруді аяқтау; ҮЕҰ-ның жергілікті басқаруға қатысуын кеңейту; елде қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыруды жетілдіру; «Мәңгілік Ел» құндылықтарын қоғам мәдениетінің негізі ретінде бекіту; жаңа қазақстандық патриотизмді нығайту үшін жағдайлар жасау; өскелең ұрпақтың бірегейлігі және оларды әлеуметтендіру саласының тетіктері мен инфрақұрылымын дамыту және нығайту.

«Қоғамдық келісімді, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті одан әрі нығайту, Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына табысты қосылуы үшін болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру Тұжырымдаманы іске асырудың басты нәтижесі болады», - делінген жарлық мәтінінде.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет