«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты
2004 жылдан бастап Елбасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы іске кірісті.
Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты елдің рухани және бiлiм беру саласын дамыту, мәдени мұрасының сақталуын және тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету.
Алға қойған мақсатқа қол жеткiзу мынадай мiндеттердi шешу арқылы жүзеге асы47рылады:
елдiң маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қайта жаңғырту;
мәдени мұраны, соның ішінде қазiргi таңдағы ұлттық мәдениеттi ауыз әдебиетiн, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудiң тұтастай жүйесiн жасау;
ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжiрибесiн қорыту, көркем және ғылыми толық дестелердi шығару;
әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттің таңдаулы жетiстіктерінің негiзiнде гуманитарлық бiлiм бepудің мемлекеттік тiлдегi толыққанды қорын жасау.
Қазақстанның қайталанбас тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қалпына келтiру, тұмшалау мен пайдалану;
ғылыми білім-білікті кеңiнен насихаттау, тарих ғылымының теориялық проблемаларын әзiрлеу, ғылыми, көркем және энциклопедиялық әдебиеттi шығару;
Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетi ескерткіштерінің томдарын жинағын баспаға дайындау жөнiнде жүйелі жұмысты жүзеге асыру;
облыстық мемлекеттiк инспекциялардың, қалпына келтiру ұйымдарының қызметiне бiрыңғай басшылықты қамтамасыз ету, тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғау саласында бекітілген бағдарламалар мен жобаларды iске асыру мiндетiне кiретiн тарихи-мәдени мұраны қорғау мен белсендi пайдалану жөнiнде республикада ұтымды құрылымды құру туралы мәселенi шешу;
мемлекеттiң мәдени мұрасы және ақпараттық ресурсының объектiсi ретiнде Ұлттық мұрағат қорын пайдаланудың тиiмділігін арттыру;
Достарыңызбен бөлісу: |