«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттары
Бағдарламаны iске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
Бағдарлама 2004-2006 жылдар аралығындағы кезеңге iске асырылады және мәдени мұраны сақтау мен өркендетудiң негiзгi бағыттары:
оларды зерделеудiң тұтастай жүйесiн қалыптастыру, ежелгi және орта ғасырдағы кенттерге, қоныстарға, қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргiзу, олардың базасында қорық-мұражайлар құру, оларды туризм инфрақұрылымының жүйесiне енгiзу;
Қазақстанның қайталанбас тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қалпына келтiру, тұмшалау мен пайдалану;
ғылыми білім-білікті кеңiнен насихаттау, тарих ғылымының теориялық проблемаларын әзiрлеу, ғылыми, көркем және энциклопедиялық әдебиеттi шығару;
Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетi ескерткіштерінің томдарын жинағын баспаға дайындау жөнiнде жүйелі жұмысты жүзеге асыру;
облыстық мемлекеттiк инспекциялардың, қалпына келтiру ұйымдарының қызметiне бiрыңғай басшылықты қамтамасыз ету, тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғау саласында бекітілген бағдарламалар мен жобаларды iске асыру мiндетiне кiретiн тарихи-мәдени мұраны қорғау мен белсендi пайдалану жөнiнде республикада ұтымды құрылымды құру туралы мәселенi шешу;
мемлекеттiң мәдени мұрасы және ақпараттық ресурсының объектiсi ретiнде Ұлттық мұрағат қорын пайдаланудың тиiмділігін арттыру;
Достарыңызбен бөлісу: |