Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


жылғы және 1995 жылғы Конституцияларға салыстырмалы талдау жасаңыз



бет245/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

1993 жылғы және 1995 жылғы Конституцияларға салыстырмалы талдау жасаңыз.

- 1993 жылғы 28 қаңтардағы Конституция:

1993 жылғы 28 қаңтарда Республика егемендігінің қалыптасуын заң жүзінде аяқтаған және шынайы конституционализмнің орнығуын жалғастырған Қазақстанның кеңестен кейінгі алғашқы конституциясы қабылданды. Соның негізінде республикада ұлттық қауіпсіздікті, азаматтық құқықтар мен бостандықтардың нақты кепілдіктерін, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруды қамтамасыз етудің жаңа сапалы кезеңіне көшу басталды.

1993 жылғы конституция, бір партиялық саяси басқарудан, монополиялық экономикалық жүйеден, күш көрсету идеологиясынан бас тартып, Қазақстан қоғамы дамуының оң серпіні үшін өріс ашты.

1993 жылғы конституция Қазақстан өзін қазіргі заманғы өркениеттің құрамдас бөлігі ретінде білдіреді, ол тату көршілік пен көптарапты әрі өзара тиімді ынтымақтастықты қалайды, жалпы адамзаттық құндылықтардың жолын ұстанады деп жария етті.

-1995 жылғы 30 тамыздағы Конституция:

Қазақстандағы болып жатқан демократиялық өзгерістер 1995 жылы қабылданған Ата Заңында өзінің басты көрінісін тапты.

Жаңа конституцияға оның алдыңғысымен салыстырғанда көптеген өзгеріс, ғылыми қағидалар енгізілді:

• Егер бұрынғы Ата Заң 4 бөлім, 21 тарау, 131 баптан тұрған болса, кейінгісі көлемі жағынан едәуір қысқарып, 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.

• Онда еліміздің экономикалық күш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті кепілдікті құқықтар беретін көкейкесті мәселелерді шешу ескерілді.

• Жаңа Ата Заң құқықтық мемлекет құруға бағдарланған. Конституцияның кіріспесінде: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», – делінген.


Мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот биліктеріне бөлінеді. Конституция бойынша Қазақстан президенттік республика болып табылады.

• Президент елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейтін мемлекет басшысы, ең жоғарғы лауазымды адам болып есептеледі.


• Конституцияда парламенттің орны мен атқаратын қызметі айқын белгіленген. Ол – заңдар шығарып, қабылдайтын орган. Парламент сенат және мәжіліс палаталарынан тұрады. Бұған дейін парламентте мұндай екі палата деген ұғым болған емес.
• Жаңа конституцияда екі палаталы парламенттің ерекшеліктері де жан-жақты көрсетілген. Жоғарғы мемлекеттік органдар жүйесіндегі үкіметтің тиісті орны, сот билігінің, прокуратураның қызметтері де айқындалған.

Бұрынғы Ата Заңда көрсетілген, бірақ жете тиянақталмаған көптеген маңызды мәселелердің түйіні кейінгі конституцияда жаңаша шешілген. Оны, әсіресе жер, тіл, азаматтық, негізгі құқықтар мен бостандық сипаты туралы, қос палаталы парламент құрылымы және президентті айып тағу арқылы қызметтен кетіру мәселесі жөніндегі баптар мен тармақтардан айқын көруге болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет