Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басындағы патша үкіметінің аграрлық саясаты –  Қазақстандағы революциялық бас көтерулердің негізгі алғы шарттарының бірі болғандығын дәлелдеңіз



бет41/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басындағы патша үкіметінің аграрлық саясаты –  Қазақстандағы революциялық бас көтерулердің негізгі алғы шарттарының бірі болғандығын дәлелдеңіз.

Аграрлық саясат — ауыл шаруашылығы мен бүкіл аграрлық-өнеркәсіпітк комплексті әлеуметтік экономикалық тұрғыда ұдайы дамытуды қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы.Аграрлық саясаттың басты артықшылықтарынң бірі - әрбір одақтас республикалардың өндіргіш күштері дамуының ерекшеліктері мен өзгешеліктерін, олардың еліміздің халық шаруашылығының бірыңғай АӨК-тің құрамдас бөлігі ретінде қоғамдық еңбек бөлінісіндегі алатын орнын белгілеу.[1]

Қазақ халқының занды құқығын мүлде елеп-ескермеудің бір белгісі қоныс аударушы шаруалар санының одан әрі арта түсуі болды. Бұл ретте жергілікті халықтың өкілдерімен алдын ала кеңесу, ақылдасу деген атымен болған жоқ. 1906 жылы Ресей Министрлер Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпин шаруаларды Ресейдің азиялық бөлігіне жаппай қоныс аудару туралы шешім қабылдады. Шаруалар қауымын ыдырату, оларды Қазақстанға қоныс аудару жөніндегі реформа Столыпиннің аграрлық реформасы деп аталды.

Бұл реформаның көздеген негізгі бағыты қоныс аударушы шаруалар қозғалысының кеңінен етек алуын қамтамасыз ету болатын. Шаруалардың шығысқа карай атап айтқанда, Қазақстан аумағына қоныстануға құқық берілді. Ал олардың бұрынғы жерлеріне қайтып оралуына елеулі түрде шек қойылды. Шаруаларды жер телімдерімен қамтамасыз ету қазақтардан тартып алынған жерлердің есебінен құрылған отаршылдық қоныс аудару қорынан жүзеге асырылды.

Жергілікті қоныс аудару мекемелері шаруаларға хутор салу үшін 45 десятинадан, егін егуге 15 десятинадан жер бөліп беруге міндеттелінді. Жер бөлумен айналысатын мекемелерге жергілікті халықтың жерін тартып алып, олардың жеріне келімсек шаруаларды орналастыруына рұқсат етілді. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында қазақтардың егін суару құрылыстары да тартып алынды.

Шаруаларға ең құнарлы жерлерді іздеп тауып, көріп келетін адамдарды кедергісіз жіберіп тұру құқығы берілді. Шаруалардың темір жолмен жүруге де жеңілдіктері болды. Оның үстіне, патша үкіметі шаруалардың Қазақ жеріне емін-еркін қоныс аударуын кеңінен насихаттады. Мәселен, 1907 жылы Ресейдің орталық губернияларындағы шаруалар арасында осы тақырыпқа арналған 6,5 миллион дана кітапша мен парақша таратылған. Оларда үкімет шаруаларды Ресейдін азиялық бөлігіне неғұрлым көбірек қоныс аударуға шақырды. Ол басылымдарда Қазақстан мен Сібір аумағында қалай ыңғайлы орналасуға болатыны жөнінде практикалық ұсыныстар мен кеңестер берілді.

1917 жылға қарай жергілікті байырғы халықтың пайдалануындағы 45 миллион десятина жер тартып алынды. Бұл кезде Қазақстанға қоныс аударған шаруалардың жалпы саны 1,5 миллионға жуықтап қалған болатын.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет