Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы



бет5/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

Қожа Ахмет Ясауи (1093 ж.ш., кейбір деректерде 1103, 1041, Сайрам (Исфиджаб) — 1166 ж. Түркістан (Ясы)) — түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, пәлсапашы.

Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани хикмет/ Диуани Хикмат» (Хикмат - жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайтара басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұқара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.«Диуани Хикметтен» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.

Қожа Ахмет Ясауи ислам діні мен жергілікті дәстүрді сабақтастырып, халықтың рухани түрғыдан кемелденуіне өз үлесін қосты. Оның қарымды қаламынан туған «Диуани Хикмет» атты еңбегінде Құран-Кәрімнің сүрелері мен аяттарына мысалдар келтірілген. Елді бейбіт өмір мен ибалылыққа шақырды. Хақты танудің бірден бір жолы ислами ілім жинау екендігін жете түсінді. Сауаттылық пен еңбекқорлық арқылы тұлғаның қараңғылықтан құтылып, жарық сәулеге енетіндігін жазды. Сәбилік күннен берілген өнегелі тәлім-тәрбие бала бойына бітетін іргетас іспеттес деген болатын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет