Жылымық (Оралхан Бөкей)



бет2/3
Дата06.10.2023
өлшемі66,4 Kb.
#112950
1   2   3
Байланысты:
Zhylymy 1179 B 1256 KEJ ORALKhAN

. -^ г =стағэн).
- і---
--------
— - ±2 --е- ебе^ н бе? (үнсіздік). ,»—-т ~і- =-- - -селе жатқан. Атып келе жатқан таңмен бірге
-сг-ог-^эғы жұлдыздар да бірсін-бірсін еріп біткен. Аға-сз-.л—е- г-. кәйлек — тек таңның ақ көйлегі ғана дүниені -;=-"-.-е^ :з:-"с- л.;•' = ;-,-айтпай на керек, сен сол сібірлеп *--: = - - = --= -. тг-,--і-,'5ша сұлулығын, анау жер мен көктің т. -- -:х^ізғы жазылыгіі күн нұры түртіп оятңан соң, қимай қоштасқанын көре алмадың. Сен §рнда ертеңгі
_£--= ң уыз ұйқысында жатып, қадала қарағанымды сезе :- і-= ■%. Қарамауға дәтім жетпес еді. Енді үш-төрт сағаттан кейін аттанасың. Мен соншалықты әдемі түс —
.."■■■ '**- \
Күні бүгінге дейін ойлаймын: көзіне қамшы тигеи | :-. = : і ^-эдай боздап жүрген шағында, қуанышың демейін, :- хба-= _о;п бола алдым ба? Мен осы жасымда керсоқырды да көзі бар соқырларды да көп көрген жан едім, ссгболан талай тар кезеңде таяқ жеген ағаң; адаядықтың :;-.г-!ына буыньіп өлуді мақсұттаған. Кейде томсарған •сүзіңе қарап тұрып, құдайым-ау, екі құлағын, тілін, қол-аяғын ап, бірақ көзінде не құның қалып еді, деп іштей қынжылушы едім. Бақсам, оным — сені аяудан туған мантырақ ойлар екен. Егер сенің көзің сау болса, табиғат бір басыңа осыншама сұлулың пен асқан ақылды үйіп-төге салмас еді-ау. Бұл жалғанда мұңы жоқ пенде бар ма, қайсысының дерті сыртында, қайсысынікі ішінде. Кейде сенің жаныңда отырып, тағдыр бұйрығына ырық бермеген қайратты ажарыңнан оқта-текте елес беріп өтер — өлім елесін аңғарып қалып, алаңсыз көңілім мұздап сала беретін. Іле сенің жарың әлемге ынтызар күлкің-ақ, әлгі сескеншек ойымды санамнан қызыл табан қылып айдап шығатын.Бірақ өзің туралы мәрмәрдан қаланған сыңғыр пікір — ниет маған магнитофонға жазып қалдырған хатыңның құрмалдығында кетті. Сені поезға шығарып салып, сол бір баяғы қара қостың есік алдында отырып, ауыр да ақылды хатыңды таспадан тыңдағаным әлі есімде.
Тағы да жылымық! Қара қос, Бұл жолы жалғызбын.
«...Сонымен, аға, сізбен де қоштасып барамын. Отыз жылға бергісіз отыз күн өте шықты. Сіз ойлағандай, бұған дейінгі жүдеген жүрегім түлеген жоқ, қайта өзімді-өзім ескі, мың жыл бұрын қирап қалған қорғанның арасынан тауып алғандай, мәңгірген күйде аттандым. Сіз, аға, өзіңізді тым жақсы, ережедегідей тәртіпті ұстадыңыз, бұл сіз үшін үлкен сынақ сықылданғаны рас: артық сөз, оғаш қимыл жасамай, өз-өзіңізді тура бір ай тұтқында ұстадыңыз. Шынымды айтайын, дәл осы ғадетіңізге жат мінез-құлқыңыз тіпті де ұнаған жоқ. Алғашында аң-таң қалған басым артынша айнығандай еді. Неге? Мен сізді соңғы бір аптада жек көріп кеттім. Маған сіз өзгенің жоғын өлең айтып жүріп іздейтін көнтерілеул болып көріндіңіз. Ең өкініштісі сол — он екі мүшесі сау адам жалғанда мүгедектің шын сырын, шын қайғысын түсінбейді екен, түсіндім дегені — аяу сезімнен аса алмайды екен. Ал біздерге тіпті де өзгенің мүсіркеуі мен жанашырлығы қажет емес-ті. Оны мен талай рет ескерттім де. Ең өкініштісі сол — мені бәрібір мүгедек деп қабылдағаныңыз, ой-санаңызда осы ұғым қардай шөгіп басып жатты. Сондықтан да тау басында тұрғанда, немесе дачада оңаша жатқанда, тым болмағанда ерніме ерніңізді тигізуден жасқандыңыз, жоқ дегенде жас балаша еркелете алмадыңыз. Естияр адам болсаңыз да, менен, яки соқырлығымнан қорықтыңыз. Ағымнан жарылайын — ағымнан жарылайыншы, ұстаған жерінен ағаш та сынбайды ғой, соншалықты сақтанғанда мені сақтап қалам дедіңіз бе? Әттең, шіркін, екі көзім шырадай жанып тұрса, құлым болып қолымнан ұстап өтер едіңіз, бас салып аймалар едіңіз, жабысып қалатындай құтылғанша асыққаныңызға қайран қаламын. Жұрт не десе де, мен де екі аяқты, жұмыр басты пендемін. Көлденең өткен көк аттыға болмаса да, мыңнан бірдің құрбаны — садағасы болуды тілемейді дейсіз бе? Сіз мені, аға, басқаға, сіздің қолға су құя алмайтын жатқа қор қылдыңыз, сондықтан да суық сезіммен аттандым. Шынымды айтқаныма кешіріңіз, әйтпесе табиғат бізді неге жаратты. Егер менің қолымнан өзіңіз емес, тым болмаса сізден туған балаңыз жетелеп жүрсе — одан артық бақыт бар ма еді, аға! Міне, сондықтан да дені сау адам әрқашан да өзін артық санайды, аялауының артында аяуы тұрады, тіріде серік болудан тайсақтайды. Иә, сонымен өз роліңізді өте тамаша образға кіріп ойнап шықтыңыз. Дініңіз берік екен. Бұл менің өкпе-назым ғой. Ал, айтпағым:
5^= --- — = - ег " п көңілімді қимай өтірік армандадыңыз, өтірік күрсініп, өтірік мәдениетті қызмет көрсеткен даяшы секілді болдыңыз? Неге? Өйткені өз жүрегінің әміріне бағынбай, үйретілген маймылша секіріп билеп, жағына беру, жақсы көрінбекке әрекеттене беру, аққа қара басқандай оғаш көрінеді =-■=■- Әс-е --ен сізді қысқа да қиын ғұмырымда әнге қосып өтпесем қиялымда әлдилеп өтермін. Сіз құр атқа мініп, тым асыға желіп бара жатқан жолаушысыз. ■■* ■=—. :-\з- = іли,нан зу етіп өте шықтыңыз. Сонда қайда асығасыз, соншама асыққанда асар асу, шығар бел бар ма? Білем, оған кінәлы тіптен де сіз емессіз, қазіргі ғасырдың өзі асығыс. Сонда менің есіме: «Жолаушы, атың семіз желетұғын, көз бар ма мен байғұста -есе-х-ынк,— деген халың өлеңі оралады. Осы әнді сан-сан кайталап тұрып, сізге тек ұзақ сапар тілеймін. Бәлкім, Сізге бұл хатым ауыр тиер. Ал маған жеңіл дейсіз бе? Сонымен, аға, мені мәңгі түнек, мәңгі түн ажал аралына кайта апарып тастадыңыз. Басқаға қызық үшін айтар әңгімеңізге арқау бола алсам жарады да. Тууы мен өлуі бірдей адамның бір-бірінен артықтығы, кәне, тек осыны ұқсаңыз болды. Сондықтан да соқырлар өлім мен өмірге жасқанбай тура қарай алады. Әлдеқайда жамандық пен жақсылықты бұрын көрер еді. Мен сізді аяймын, аға. Сау соқырлығыңыз үшін, тым-тым романтикаға берілгіш, шындықтан бұғып қалар жуастығыңыз үшін аяймын. Сіз менімен бірге Тасбөгеттің басында жылымыққа шуақтап қалғып-шұлғып отырғаныңызда, талай-талай есеңізден кұр қалдыңыз емес пе? Жылымық деген жақсы, егер бұл табиғаттың бораны соғып, жаңбыры жаумай тұрса, бірақ одан да жалығар едік қой. АСЬІЛЫ ЕР АДАМҒА ЖЫЛЫМЫҚТАН ГӨРІ АҚЫРҒАН АЯЗ, АҚ НӨСЕРЛІ ӨМІР ЖАРАСАР. Егер енді бір ай бірге жүрсек, бір-бірімізден қашып әрең құтылар едік. Дүниеде құнын жоймайтын нәрсе жоқ, сондықтан да бәрінің құны бірдей. Тағы бір байқағаным, ңазіргі тұрмыс-халіңіздің асығы алшысынан түсіп тұрмағаны-ау деймін... Сіздің жаны ашыған сезіміңізден екі есе артың аяушылық сәлемімді жолдаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет