Көзіңізге қараңыз, аға\ (Жанар)». Бұл сөзді қайдан естідім деп көп ойландым. Қырсыққа толған хатыңды қара қостың жапсарына қыстырып кетпекке бекіндім де, іле бұл ойымнан қайтып, касетаны қалтама салдым. Сол аспан, сол тау, сол күн, сол жылымық. Бірақ бәрі-бәрі басқаша, өзгеше жат, өзгеше суық, жек көре, жиіркене қараймын. Ғажабы сол, мен осы күннен бастап «Жылымық» атты суретке деген сүйіспеншілігімді жоғалттым. Мүлдемге жоғалттым. Қабырғада қағулы, санаторийдің бөлмесінде қалды. Түнде қала бейнесіне қарап тұрып, мынау жарқыраған қазанда адам қайнап жатқандай, сен айтқан адамның иісі содан шыққан қоңыстай сезілді. Иә, сұлулық, тазалық туралы ұғым, түйсігіме төңкеріс жасаған хатыңды бойтұмар ғып әлі тағып жүрмін. Бір қызығы, дәл сенің хатыңды тыңдаған күннен бастап, бұрынғы бойымды өзектеген босаңдық пын ынтызар көңілдің ынжықтығын сырып тастадым да, бұрынғыдан көш ілгері тұрмыс құрып, мәре-сәре ғұмыр кешудемін.ІМені байлыққа — бақытқа бастаған өзің, едің.
Япыр-ау, көзіңе қара деген сөзді тағы бір рет естіп едім ғой. Е... е... есіме түсті.
Мен сені поезға мінгізіп тұрғанда, темір баспалдақтан көтеріле берем деген қара бұжыр, май желке ағаңның аяғын басып кеттің. Сонда ол бұлқан-талқан ашуланып:
— Ей, қыз, соқырмысың! Көзіңе қарасаңшы!— деп еді-ау!
Мүмкін, нағыз соқыр адам сол шығар...