Литература:
1.
Золотова Г.А. Синтаксический словарь. Репертуар элементарных единиц русского языка. –
М.: Наука, 1988. – 439 с.
2.
Гвоздев А.Н. Об одной проблеме стилистики. Очерки по стилистике русского языка. – М.:
Просвещение, 1965. – 407 с.
3.
Колесников Н.П. О синтаксической омонимии в русском языке // Русский язык в школе. –
1960. – №3. – С. 31–37.
4.
Золотова Г.А. Очерк функционального синтаксиса русского языка. – М.: Наука, 1973. – 352 с.
5.
Жигалин Н.С. Синтаксическая омонимия. Её границы и типология // В сб.:
«Cемантический и формальный анализ синтаксических конструкций русского языка». Иркутск,
1990. – С. 5–14.
Жигалин Н.С., Жуматова А.Т.
«С + ілік септік» формасының синтаксистік омонимиясы .
Аннотация. Бұл мақалада «с + ілік септік» формасының мәселелері қаралады. Мағыналары мен
позициялары айқындап алына, сонын қатар «с+ ілік септік» формасының омонимиясы жүзеге асырылады.
Кілт сөздер: омонимия, синтаксистік омонимия, синтаксистік мағына, асемантикалық предлог,
сөз формасы.
Zhigalin N.S., Zhumatova A.T.
Syntactic homonymy of the word form “with + genitive case”
Abstract. In this article is consider the problem of syntactic homonymy. Detected meanings and
positions, which is implemented homonymy genitive case with the preposition "with"
Keywords: homonymy, syntactic homonymy, syntactical meaning, assemantic preposition, form of the word.
ӘОЖ: 821 512122. 0
Қадыров Ж.Т. – филология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.,
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
(Петропавл қ., Қазақстан)
Кәріпжанова Г.Т. – профессор, С.Торайғыров атындағы
Павлодар мемлекеттік университеті, (Павлодар қ., Қазақстан)
Таласпаева Ж.С. – филология ғылымдарының кандидаты, доцент,
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
(Петропавл қ., Қазақстан), E-mail: zhkadyrov_777@mail.ru
САЛ-СЕРІЛЕР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ СОЛТҮСТІК АЙМАҚТАҒЫ ДӘСТҮРІ
Аннотация. Бұл мақалада сал-серілер поэзиясына тән ерекшеліктер көрсетіліп, халық ақындары
шығармашылығында дәстүр болып жалғасын табудың себептері талданады.
Хабаршы
№2- 2015 ж.
199
Кілт сөздер: сал-серілер, әнші-ақындар, поэзия, халық ауыз әдебиеті, дәстүр жалғастығы, әншілік мектеп.
Қазақ әдебиеті тарихында сал-серілер поэзиясы халық ауыз әдебиетінің ауқымды да күрделі
саласы болып табылады. Сал, серілердің өнер дәстүрі қазақтың тіршілігінде елеулі орын алды десек те
болады. Өйткені сал-серілердің басты ұстанымы – әншілік-ақындық өнер. Ал қазақ қашанда ән мен
жырды қастерлеп, дәстүрге айналдырған. Бұл орайда көркем сөздің айтулы шебері К. Паустовский
өзінің қазақтар өміріне арналған бір әңгімесінде: «Қазақтардың өлең айтуға құмар болатын бір себебі
осынау ұлан даланың әйнектей шыңылтыр ауасы адам дауысын айрықша әуезді етіп күшейтіп
жіберетіндігін де шығар. Қазақстан сияқты ту табиғаттың, жұлдызды ашық аспан мен шетсіз-шексіз
рухының ән мен өлеңге, даналыққа бейім болуының дәйекті дәлелі» – деп жазады. Иә, қазақтың ән мен
жырға құмар болуы, кен дала, сұлу табиғатпен етене жақын болуынан да шығар.
Сал-серілер тек әншілік – ақындық өнермен шектеліп қалмаған. Бұл орайда, Е.Ысмайылов:
«Сал, серілерде ақындықпен қатар, әнші, күйшілік, композиторлық, би, спорт өнерлері де бар» деп
жазса [1, 38-39 бб.], қазақ әдебиетінің тарихында «Салдар мен серілер әншілік пен ақындықты,
саятшылық пен мергендікті, күлдіргілік пен қуақылықты қатар ұстаған ақын мағынасындағы халық
өнерпаздары» деп көрсетіледі [2, 389 б.]. Дегенмен әнші-ақындарды сал-сері деп тағы қарастыра
алмаймыз. Уақыт өтіп, заман өзгерген сайын, сал-серілік дәстүр де өз дамуында өзгеріп, бүгінгі
күнге тек сарқыншақтары ғана жетті деуге болады. Бұл орайда, Ш.Керімов өз ойын түйеді: «Сал-
серілер – ақын-жыраулардың өнегесін, озық қасиеттерін жалғастырушы, жаңа жағдайда
қалыптасқан өнер иелері, көшпелі тұрмыстың сәнін кіргізген, салтанатына айналған сал-серілік
кейінірек бірте-бірте ұмытылып, халық жадында тек Сегіз сері, Ақан сері, Біржан сал, Дәурен сал
секілді ел қадыр тұтқан талантты өнерпаздардың есіміне қатысты ғана сақталып отыр» [3, 155 б.].
Бүгінгі күні сал-серілік поэзиясының ұшқыны мен ерекшеліктерін, белгілерін халық ақындары өз
шығармашылықтарында сақтауға тырысады. Халық ақындары дәстүр болып жалғасып жатқан
осынау өнерді ірі тұлғалардың мектебінен өтіп, сусындап барып, бүгінгі күнге жеткізді.
Сал-серілік дәстүр белгілі бір ортада жалғастығын тапса, қазақтың кең байтақ жерінде небір
салт-дәстүрлердің белгілі бір жүйесі, ортасы қалыптасқан. Бұл орайда Қ.Сыдиқов: «Жетісу
аймағындағы Сүйінбай бастаған импровизатор ақындар тобы, Семей алқабындағы Абай өнегесімен
өрбіген жазба әдебиет дәстүрі, Арқадағы біржан, Ақан, Балуан Шолақ, т.б. арқылы танылатын
әншілік салт; Сыр бойының прогресшіл Шығыс үлгісіндегі ақындар ортасы; Қазақстанның батыс
өлкесіндегі Асан, Сапыралардан тараған ақындық, жыраулық, жыршылық дәстүр – бұлардың бәрі
телегей теңіздей халық әдебиетіне құятын арналы әдеби бастаулар деп жазады [4, 17 б.].
Ал ХІХ-ХХ ғасыр аралығында сараланып шыққан бес ірі мектеп, үлкен ақындық орта бар
екенін айта кетсек, олар – Сыр бойы, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан,
Шығыс Қазақстан. Осы мектептердің ішінде бөліп айтуға тұрарлық өңір сал-серілік, әншіліктің туы
тігілген аймақ – Орталық Қазақстан. Ахмет Жұбанов Қазақстанның Орталық өлкесіндегі ән
мәдениетінің басқа жерлермен салыстырғанда Қазан төңкерісіне дейін биік еңгейге дамығандығына,
музыкалық тілінің, әуендік жағынан кемелдене түскеніне алғашқылардың бірі болып назар
аударады. Осы мектеп Біржан салдан басталып, кейін оның шәкірттері арқылы өрістеп, дамып,
шырқауы биікке көтерілді деген пікір түйеді [5]. Осы орайда, жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов
Көкшетауға келген сапарында: «Көгілдір таулар еліне келген сайын, осы өлкенің өткенкездегі ұл-
қыздары есіме түседі. Әне бір кезде бұл өңірде сұлу қыздар, сылқым жігіттер серілік, салдық құрды.
Ел еркесі серілер – желмен жарысқан саңлақ жүйріктерді таңдап мініп, сәнді шапан киді. Көкшетау
Біржан сал, Айыртауда Ақан сері сияқты ақын, әншілер сол бір тұста Арқаның өнерлі жастарына ту
болып, шоқтай екшеліп шығып еді.
Ұлттық театры болмаған елге осы сері, салдар рухани ұйытқы болып, көшпелі халықтың ылғи ән
үстінде басып қосып, ойын-сауыққа қарық қылып тастайтын. Ұлан-байтақ қазақ даласына ән Арқадан
тарады. Біздің жақтың көне көз қариялары әлі күнге дейін есіне алып, аңыз етіп айтып отырады» – деп
жазады [6, 149 б.]. Жазушының «Қазақ даласына ән Арқадан тарады» деген сөзіне мақтанышпен де,
құптаумен қараймыз. Иә, Арқа жерінің небір ірі дарындары аспандағы жұлдыздар шоғырындай көз
тартса, ән мен жырдың шым–шымдап ғасырлар бойы жалғасып жатуында ұстаз бен шәкірттей өмір
кешкен өрелі өнерпаздардың туындылары асыл қазына, әдеби мұрамызды үстемелей түсті.
Сал-серілер поэзиясының көш басында Сегіз сері, Біржан сал, Ақан сері мектебі сал-серілік
дәстүрдің жалғастық табуындағы және қалыптасуындағы бастау, қайнар көз болды деуге болды.
Олардың өнерін кейінгі ұрпаққа жеткізу осы клесі жас буынының үлесіне тиді. Олар: Үкілі Ыбырай,
Ағаш аяқ, Иманжүсіп, Балуан Шолақ, Әсет, Қайып Қарабайұлы, Жаяу Мұса, Уәйіс т.б.
Сал-серілік өнер ХІХ ғасырда шырқау шегіне жеткенмен, оның негізгі ерте кезеңдерде
Хабаршы
№2- 2015 ж.
200
қалыптасқан.
Серілік көне дәуіріндегі көріністері, оның кейінгі кезде жалғастық табуы қазақ ғылымында әлі
айқындалмаған құбылыс. Дегенмен сал-серілік өнердің дамуы, қалыптасуы оның өкілдері жайлы
Ә.Марғұлан, Е.Ысмайылов, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, Қ.Сыдиқов, Б.Ш. Абылқасымов, Т.Рақымжанов,
С.Негимов, Б.Кенжебаев, Л.Ерназаров, Ш.Керімов, т.б. ой-пікірлер өрбіткен, мақала жазған. Сонымен
бірге, музыка мамандары Б.Г. Ерназарович, З. Қоспақов, А.В. Затаевич – әнші-ақындардың әндеері мен
өлеңдерін жазып алуда, нотаға түсіруде, жарыққа шығаруда мол еңбек сіңірді. Әрине, қазақтың әнші –
ақындары жайлы қомақты еңбектер тек 20-шы жылдардан бері ғана көріне бастады.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ ақындары шығармаларының мазмұны, көркемдік сыр –
сипаты үндес болғанымен, бірдей деп айтуға болмайды. Бұл орайда, Қ.Сыдиқов: «1. Демократтық –
ағартушылық, сыншыл реалистік бағыттағы ақындар; 2. Жыраулық, ақпа ақындық дәстүрдегі
ақындар; 3. Әнші ақындар; 4. Кітаби ақындар яки шайырлар; 5. 1916 жылға ұлт-азаттық көтерілісін
жырлаған ақындар» [4, 8 б.] – деп шартты түрде бірнеше салаға бөліп қарастырады.
Әнші – ақындық жыраулық төкпе ақындар мен кітаби ақындардан ақындық, композиторлық,
әншілік өнердің жеке тұлғанаң бойынан табылуымен ерекшеленеді.
«Әнші – ақындар сөзі бірқатар өзге ақындарға қарағанда, халыққа тез тарап, ерекше әсер
еткен. Оның басты себебі өлең, толғауларының ән – әуенімен айтылуына» [4, 18 б.], – деген пікір
айтылса, Ақан срінің «Сырымбет», «Балқадиша», Жаяу Мұсаның «Сұрша қыз», Үкілі Ыбырайдың
«Қызыл асық», «Гәкку», Естайдың «Қорлан», Біржанның «Жайма – шуақ» т.б. өлеңдер әлі күнге
дейін халық арасында сүйіп тыңдайтын туындылар болып табылады. Бұл әндердің халық арасына
сіңісіп кетуі тек ән – әуендеріне қатысты деп түсінсек қателескен болар табылатын өлең
тіркестерінің де мәні айрықша. Яғни, ән мен өлеңді ажыратып қарауға болмайды. Ән өлеңнің
мазмұн–мәніне қарай лайықтап айтылады, олар бір – бірін толықтыра отыра өмір сүреді. Екеуі
үйлескенде ғана, өміршең болады.
Сал-серілер өнернамысы, негізінен, олардың ән өлеңдерінен тұрады [4, 89 б.]. Қай кезең
ақындары болмасын ән өлеңінің төркінін поэзиясының синкретті табиғатынан, ұйқасты, ырғақты
сөздің сазбен, ырғақпен біте қайнасқан бағзы байланысынан іздеген.
Сал-сері, әнші – ақындарымыздың поэзиясындағы тағы бір ерекшелік – ән текстері арқылы ән
туындысының тарихына қатысты деректерді анықтау. Яғни, қазақтың әнші-ақындары өз
шығармаларында аты-жөні, ру-тегін қосып айтуды дәстүрге айналдырғаны байқалады. Мәселен,
Сегіз сері:
Мұхамедқанапия болса да атым,
Сегіз деп атап кеткенменіхалқым–
деп келсе, Балуан Шолақ өзін:
Нұрмағамбет Баймұрзаұлы, менің атым,
Бар елге мағлұм болған асыл затым.
Нағашым жалпақ Қанай деп атайды,
Болады ұлы жүздің арғы затым–
деп, әнге қосады, Мұстапа да өзін:
Бүктібай әкем аты, Мұстапа атым,
Етейін оның баян хикаятын.
Ішінде Жанқозының мен Төлебай,
Сүйіндік сұрасаңыз арғы затым–
деп таныстырады.
Көкшетау – Қызылжар өңірінің әнші–ақындары да осы дәстүрді арқау етеді. Мәселен, Игібай
Әлібайұлы:
Баласы Әлібайдың Игібаймен:
Гүлбақшада сайраған бұлбұлдаймын.
немесе Мұса Асайынов:
Белгілі күйші, дана жыр тануың,
Көз тартар Көкшегүлдің қылтаңымын.
Кім десең, атым Мұса, тұлпар тұяқ
Үкілі Ыбырайдың ұрпағымын, –
деп әнін бастайды.
Жалпы сал-серілік өнерді – қазақтың ұлттық дәстүрі деп қарастыратын болсақ, дәстүр –
халық ауыз әдебиетінің де, фольклордың да өзекті мәселесі. Яғни дәстүрлік мәселені зерттеу халық
поэзиясының эстетикалық табиғатын, өзіндік ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік туғызады. Бұл
Хабаршы
№2- 2015 ж.
201
орайда, профессор С.Негимов: «Ауыз әдебиеті әлемі – сырлы сөздің күмбезі тәрізді. Сондықтан да
сан ғасырлар бойы алтындай жарқырап, нәр алар, қорек алар бастау – бұлағымыз болып келеді» [7,
174 б.] – дейді.
Екі ғасыр тоғысында өмір сүріп, әншілік – ақындық дәстүрді бүгінгі күнге жеткізіп,
жалғастырған тұлғалар сал-серілік құрып, ауыз әдебиетінің рухында тәрбиеленген. Олардың
көрнектілері – Кенен Әзірбаев, Шашубай Қошқарбайев, Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы, Нартай
Бекежанов, Доскей Әлімбайұлы т.б.
Халық ақындары Қазан төнкерісін қуанышпен қарсы алып оны ән – жырларына арқау етіп,
үлкен шыбытпен жырға қосады. Мәселен, Үкілі Ыбырай:
Зор қуаныш күн болды.
Ескі дүние тұл болды.
Николайшыл байларға–
Жарық дүние түн болды...
Жуан жұдырық залымбар,
Биік таудың тасы еді–
Бытырап ұсақ құм болды–
дейді.
Жалпы Кеңес дәуірінің ақындарына тән сипат – бұл өз кезеңінің оқиға – өзгерістеріне өз
бағаларын беруден гөрі, жоғарыдан берілген нұсқаудың, талаптың жетегінде қалуы.
Мұндай құбылыстар Одақтық фольклорда да орын алған. Орыс зертеушісі Н.Новиковтың
айтуынша, жыршыға [сказитель] «аса маңызды тақырыптар» көрсетіліп, жыршының айтқаны хатқа
түсетін. Осылайша жазылып алынған шығармалардың қайсысы жыршыға, қайсысы жинаушыға
тиесілі жалған идея, ұраншыл тақырыптағы шығармаларға жол ашты [8, 28 б.].
Дегенмен, Кеңес өкіметі тұсындағы сал-сері ақындардың прогресшіл бағытын айтуымыз
керек. Яғни, сал-сері ақындардың бұл тұста қоғамдық орны, шығармашылық қызметі өзгеріп, жаңа
бір сапаға ие болады. Әр кезең өз құбылыстарымен ақындар поэзиясына ықпалын тигізіп отырса,
сал-серілер поэзиясында да заманның барболмасы, қыр-сыры айқын көрініп отырды.
Мәселен, Ақан сері шығармашылығында отыршыл үкіметтің жаңа ел билеу реформаларын
енгізуге байланысты елдегі ала ауыздық, үкіметсіздік, торығушылық сарына бпйқалды.
Сол сияқты Үкілі Ыбырай, Кенен, Нартай, Шашубай өлеңдеріне өмір туралы толғаныс,
жастықпен қоштасу немесе жастық, серілік шақтарын сағыну сияқты көңіл-күй тебіреністері әсер
қалдырды.
ХХ ғасыр 70 жылдарына дейінгі сал-сері ақындарымыздың жырға қосатын тақырып аясы
кеңіп, заман талабына қарай бой бұрғындары байқалады. Олар енді өз дәуірлерінің кемшілік –
жетістіктерін, ел тағдырын тілге тиек етіп, үн қосады. Яғни, ғылым мен техниканың алға басып
дамуына қатысты жаңалық – хабарлардың да әнші – ақындарымыздың ой – өрісінің,
дүниетанымның тереңдей түсуіне, рухани жетілуіне ықпалы тимей қоймайды. Олар өз дәуірінің
жалынды жаршысы болды.
Филология ғылымдарының докторы Ш.Керімов әнші-ақындар поэзиясына ортақ
ерекшеліктері көрсетеді. Ол: «Әнші-ақындар поэзиясында дара өрнектері жеткілікті болумен қатар
бір ізділік, ежелден қалыптасқан ұғымдардың моделі, формулалар, жалпылық мәні бір тұтас
көшпелі шумақтар аз емес. Себебі, ауыз әдебиеті коллективтік творчестводан даралыққа ойысу
кезінде фольклорлық рухтан арылып, біржола дәстүр шеңберіне шығып кете алмайды. Демек,
олардың творчествосында Ю.М.Лотман атаған эстетикалық жүйенің тұтасып келуі, синтездік
бірлігі, араласа жүруі, өзіндік үйлесімі бар» [3, 155 б.] – дейді.
Сал-серілер поэзиясы көркемдігі, тақырыбы, түрі, бейнелеу құралдарының қолданысы
арқылы ерекшеленеді. Бұл ең алдымен белгілі бір қоғамдық – әлеуметтік дамудың
заңдылықтарымен, сол халықтың ой – санасының дәрежесімен астасып жататын құбылыс. Бұл
орайда, Қ.Сыдиқов: «ХХ ғасыр басындағы ақындар творчествосынан анық байқалатын бір нәрсе –
олардағы пікір – ой, көркемдік дәреженің әр түрлілігі, ақындардың таным – түсінігі, білім дәрежесі
жөнінен де бір деңгейде еместігі. Ғасыр басындағы осы 15-20 жыл ішіндегі қазақ поэзиясының
үрдіс ізденіс, құлшыныс белгілері ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі
әлеуметтік-саяси, әдеби-мәдени жағдайлардың әсері еді» – деп жазса [4, 8 б] осынау белгілер сал-
сері, әнші-ақындар шығармаларында анық көрсетіледі. Мәселен, Үкілі Ыбырай:
Дүрілде, шіркін, отарба
Оза шап қалмай қатардан.
Алға қарай жоси бер
Хабаршы
№2- 2015 ж.
202
Қалды артыңда ат, арба–
деп, жаңа заманды жырға қосса, ал Жаяу Мұса:
Артты қалды Баян тауым,
Жер аудартты ата жауым.
Қанша қысым көрсетсе де,
Өмір бойы бітпес дауым–
деп толғанады.
Молдахмет Тырбиұлы:
Түнектің серпіп көрпесін
Жарқырап күні шыққалы
Ел талаған сұмдарды
Жоғалтып көрге тыққалы,
Нақ отыз бір жыл толды.
Еліме бақыт толғалы–
деп, жырлайды.
Әдебиет, мәдениет қашан да жұптарын жазған емес. Керісінше, бір бұтақтың гүлі мен
жапырағы сияқтанып, адамзаттың мәні мен сәні болып келді. Екі бір-бірімен қайнасып, бір арнаға
құйылып, рухани азығымызға айналып, дәстүр жалғастығын тауып, сарқылмас қазнамыз болып
табылды. Ғасырлар, жылдар өткен сайын өрелі өнерлерімен, мәнді шығармаларымен жұлдыздары
жарқырай жанған есімдер рухани арнамызды толығу үстіне толықтыра түсті. Қай халықтың болсын,
рухани мұралары халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Ендеше бесікте жатқанында да анасының
ақ сүтімен ән мен жырды бойына сіңіріп, үлкен сезімінің күшімен сөз маржандарын туындатуда
өркені өсіп, халық ақыны атанады. Сонымен бірге, ақын, домбырашы, әнші, сазгер Үкілі
Ыбырайдың жиені – Молдахмет Тырбиұлы – әншілік, ақындық өнердің көрнекті өкілі.
Солтүстік Қазақстан жерінде халқымыздың әйгілі қайраткерлері Сегіз сері, Біржан сал, Ақан сері,
Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, Шөже, Шал, Нияз сері, Арыстанбай, Орынбай ән мен жырды
құйқылжыта шырқап өтсе, аталарының жолын жалғастырып, өнерлерін мұра етіп, халқына жеткізуде
зор еңбек еткен ақын Молдахмет Тырбиұлы да осы өңірдің тумасы. Молдахмет Тырбиұлы 1883 жылы
Қарауыл руының қоныстарының бірі – Қожым ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген.
Молдахмет Тырбиұлының өнерде құлашын кең жаюының бір себебі – туған жерінің киелі
топырағы, ақынның шыққан ортасы. Ертеден ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнер қуу
дәстүрі өмірге талай-талай дарындарды әкелгені аян. Олардың көпшілігі сөз қуып, шешендік жолын
таңдаса, енді бірқатары кең тынысты жыршылар, әуезді әншілер болады. Ал Арқа өңірінде әнші,
ақындардың көбірек болуы байқалады [9, 10 б]. Ендеше Молдахмет Тырбиұлы өнерге бой
ұсынуының бірден-бір себебі – осы әншілік, ақындық ортаның ықпалы, мектептің болуы деп
білуіміз керек. Оның үстіне жас Молдхметтің өнерге деген құштарлығы, талпынысы жыр әлемінде
қанаттандырмай қоймайды. «Әке көрген оқ жонар» демекші, бұл орайда әкесі Тырбидің әсері
болғанын айта кетуіміз керек. Ауқаты шамалы болғанымен, Тырбидің көкірегі ояу, көзі ашық
болған. Оның өнерге құштарлығы қолына домбыра алғызып, ән салғызады, күй шерткізеді. Топ
алдында оза шауып, бәйге алмағанмен, шағын ойын – тойдың көркін келтіріп, от басы, ошақ қасын
базарлатып отыратын өнері болған. Әкесінің осы өнерін үйренгенше асығып, көп ұзамай–ақ бойына
біткен ерекше сезім әкеден мирас болған домбыраны жастанып жатуға дейін барады.
Мінекей, келіп қалдық
талай жасқа,
Боз қыраудай ақ түсті
сақал–шашқа.
Он бес пен алпыс жастың
арасында,
Сары майдай жайылдым
піскен аста.
Ән салам тыңдайтұғын
барлық халық,
Домбырам келтіреді сөздің салтын–
деп, өмірінің соңына дейін қасиетті домбырасын қолынан түсірмеген екен.
Заты зерек болғанмен Молдахмет Тырбиұлының білімі болмаған. Дегенмен ауыл молдасынан
арабша сауатын ашып, хат жаза білген. Бірақ әкесінің шағын шаруашылығы оның ілгері басып
оқуына мүмкіндік бермеген.
Хабаршы
№2- 2015 ж.
203
Ол осы өңірдің іргелі байларының бірі Шалабайға жалшылыққа кіріп, әлі кетіп бара жатқан
әкесіне сүйеу болады. Сөйтіп жүріп, ол алғашқы жыр шумақтарын туындата бастайды. Бірақ «бала
ақын» көкіректі жарып шыққан сезімге мән бере қоймайды. Дегенмен табиғатынан берілген өнерге
деген ерекше күш оның қолына домбыра алғызып, көкейіне келген сөз маржандарын шарықтатып,
жыр етіп шырқатады.
Бірде Сырымбет баурайында болған үлкен жиында 6 жасар Молдахмет ән шырқайды.
Баланың осы бір талабын Ақан сері атамыз байқап қалып, оны өзінің алдына отырғызып:
–Сенің әкең Тырби,
Өзің боласың Қырғи [10] –
деген екен. Көргендікпен айтылған осы бір сөз тегінен м тегін айтылмаса керек. Есейе келе
жас ақын өнердің өріне қырандай көтеріледі. Алты жасынан «бала ақын» атанып, одан «әнші бала»,
«әнші ақын», «халық ақыны», «айтыс ақыны» атанып, сатылай өсіп, кемел өнерпаз деңгейіне
жетеді. Сөз сайысына келгенде шынымен қарсыласын қирғидай қағып түсірді деуге болады.
Өйткені, Нұрқан Ахметбековтің Молдахмет Тырбиұлымен айтысы жеңіліспен аяқталған еді.
Негізінен, Молдахмет Тырбиұлының шығармашылық даңғыл жолға түсуі ХХ-шы
жылдардан басталады. «Төңкеріс» әкелген жаңа өмрдің лебі ақынды дүр сілкіндіреді. Ақынды
тудыратын – заманы. Ол – өз заманының айнасы. Осы орайда, оның «Октябрь», «Октябрьді
жырлаймын», «Бақытты өмір заманмай», «Бесжылдықтың толғауы» т.б. өлеңдері шығарылып,
өз қоғамының жетістігі, болар болашағы айтылады. Ол «революция жеңісін» шын жүрегімен
қабылдап, Кеңес үкімітін өз жырына өзек етті. Жырлап қана қоймай, жас үкіметті нығайтуға ат
салысты. 1920 жылы Коммунистік партия қатарына өтті. Осы сәттен бастап ол қоғамдық өмірге
араласып, партиялық тапсырмаларды бұлжытпай орындауға тырысты. Оның бұл ісін
«революцияның жаулары» жақтырмады. Қастандық әрекет басталды. Ақыры, «Аңдыған жау
алмай қоймас» дегендей соңынан шырақ алып түскен Молдахмет Тырбиұлына қарсы топ 1922
жылы оны ұстап тынады. Сөйтіп, ақын Саумалкөл [Көкшетау обылысы, Айыртау ауданы]
түрмесіне қамалады да, бір жылдан соң босатылады. 1923 жылдан 1928 жылға дейін ауылдық
Кеңес атқару комитетінің төрағасы міндетін атқарады. Сол 1928 жылы ұжымдық шаруашылық
ұйымдаса бастаған кезде алғашқылардың бірі болып, осы ұйымға мүше болады. Осы
ұжымдастыру кезінде партия алға қойған міндеттерді атқаруға өз үлесін қосады. Көп ұзамай ол
аудандық тұтынушылар қоғамының бастығы болып тағайындалады. 1930 жылы «Қызыл ту»
колхозына жоғарылатылады. Осы қызметте жүрген кезде ол көптеген игі істер тындырады:
ауылда тұңғыш рет бастауыш мектеп үйінің құрылысын қолға алады, бұрын-соңды құлақ естіп,
көз көрмеген монша салынады, колхоз астығын сақтайтын қамба әзір етіледі.
Осы жылдары шаруашылық қамымен жүрген Молдахмет Тырбиұлы ән-жырдан аздап қол
үзіп кетеді. Елдің жағдайын түзеу үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей еңбек етеді. Колхоз
мүшелерін егіншілікке, мал шаруашылығына баулыды. Қызылтулықтар отызыншы жылды
ойдағыдай шығарып салады.
Бірақ олар алдарынан үлкен індет күтіп тұрғанын білген жоқ еді. Оның үстіне «Жығылғанға –
жұдырық» демекші, тіміскеленіп соңына түскен колхоз басшысының қарсыластары Молдахмет
Тырбиұлына жала жауып «Коммунистік партия» қатарынан шығаруға дейін әрекет жасады. Іштен
шалған жау оны оңдырмай сүріндірді, ендігі жерде жан сауғалаудан басқа амал қалған жоқ.
1931–1932-ші жылдардағы ел басына туған ауыр жағдай Тырби тұқымына да терең сызат
салды. Аштықтың салдарынан бірнеше бауырлары сетінеді. Молдахмет Тырбиұлын осы екі оқиға
едәуір қалжыратқан еді. Мұқалмайын-ақ десе де, жанға батқан жара оны жасытып кетті. Енді
Молдахмет Тырбиұлы қоғамдық істен мүлде алыс қалды. Таңба болып түскен қара дақ
ауылдастарының алдында абыройын айрандай төгіп, бұрынғыдай ел билеп, өсиет айтуға мүмкіндік
бермеген еді. Дегенмен Молдахмет Тырбиұлы мойымады, тасқындай тасыған сөздері мен үкілі
домбырасын қолына алып:
Көтерілші, дауысым,
Көрікті көлдің қуындай.
Ерлік іске келгенде,
Отанның бол батыр ұлындай.
Досым болса, сүйінсін,
Дұшпандарым күйінсін.
Ерегіскен жауыма
Сөзім бір болсын найзағай–
деп, жүрек түкпіріне жиналған шер мен
шеменді жыр етіп төкті. Сөйтіп, өзінің кегі
Хабаршы
№2- 2015 ж.
204
кеткен жауларына қарсы өлеңмен оқ атты.
Қырқыншы жылдары Молдахмет Тырбиұлының шығармашылық деңгейі ерекше өсті. Ақын
дауысы, әсіресе, Ұлы Отан соғысы кезінде ерекше екпінді естілді. Осы кезде ел басына түскен ауыр
жағдай оның да өміріне терең сызатын түсірді. Қаншама ағайын-туысқанары, ауылдастары қан
майданнын қайтпады. Осы оқиғалар ақынның қарт жүрегін қатты тебірентіп, жаңа жырлар
туындатты. Ол ауыл – ауылды, үйді-үйді аралап, халыққа жігер беретін жырларын төкті:
Ал сендер, аға – келіндер,
Жеткіншек жас балалар.
Еріңбеңдер еңбекте
Ерлерге болып пара–пар.
Сөйтіп, Кеңес халқы Ұлы Отан соғысын жеңіспен аяқтады. Елдің еңсесі көтеріліп, жаңа
құрылысқа қадам басты. Қырқыншы жылдардың аяқ шені мен елуінші жылдардың ішінде
Молдахмет Тырбиұлы ақындар айтысына көп түскен еді. Аудан, облыс, республика көлемінде өткен
жыр бәйгесінің бірінен де қалған жоқ. Әсіресе оның Нұрқан ақынмен айтысы әлі де көпшіліктің
есінде. Молдахмет Тырбиұлының ақындық өнерінің шарықтау кезеңі де осы жылдарға сәйкес
келеді. Ел ішінде беделі өсіп, Атығай–қарауыл елінде ақынның есімі кең таралады. Осы жылдары
Молдахмет Тырбиұлының айналасына топтасқан жас талаптар да байқалды. Ақынның осынау
өнерін ұстап қалауға тырысып, қолына домбыра алған, «әу» деп ән салған азаматтар да шықты.
Солардың бірі – Темірғали Қасеновке арнап, «Қалдырған» әнін шығарып, шәкіртіне аманат етіп
қалдырады.
Ақын Молдахмет Тырбиұлы әншілік өнерімен де елге танымал.
Жұрт білді: сөз ұстасы Молдакең деп,
Саусағы шекте ойнаған жорға екен деп,
Біржан сал, Ақан сері, Ыбырайдың
Өрнекті өлеңдері сонда екен деп–
жерлес ақынымыз Ахметжан Нұртазин ақын ағасы жайлы сыр шертсе, Молдахмет Тырбиұлы
өнер жолын алдымен ән айтып, өлең, жыр, терме жаттап, белгілі әншілеріміздің шығармаларын елге
танытып насихаттаудан бастайды.
«Молдакең айтатын әндердің көпшілігі Сегіз сері, Ақан сері, Нияз сері, Балуан Шолақ, Үкілі
Ыбырай, Шәрке сал, Жаяу Мұсаның шығармалары болса, термелері Жанақ және Орынбай ақынның
толғаулары болушы еді» – деп соғыс ардагері Қайырбек Сыздықов есіне алады [11].
Сондай–ақ Зейнұр Қоспақов әншілік өнердің тарихынан сыр тартып: «Балуан Шолақтың
әндерін жинап, зерттеуде музыка зерттеушісі Б.Г. Ерзаковичтің еңбегі өте зор. Ол 1938 – 1940
жылдары Көкшетау, Солтүстік Қазақстан облыстарында экспидициялық сапарларында Балуан
Шолақты көрген адамдармен әңгімелесіп, әндерін Тұрғын Жантеміров, Молдахмет Тырбиұлы,
Ілияс Шаймерденов, Нұғыман Әбішев, Қасымжан Бабақов, Темірболат Арғынбаев, Мұқан
Қалапбергенов сияқты белгілі әншілердің айтуынан жазып алады» [12, 44 б.] – деп жазды. Иә,
Молдахмет Тырбиұлы жоғарыда аталған әнші–сазгерлеріміздің әндерін орындап, насихаттап қана
қоймай, олардың орындауындағы әндерінің әуенін, айту стилін келтіріп, айта білген. Және өнер
қорына түскен әндердің нотаға түсірілуне ат салысқан. Үкілі Ыбырайдың «Гәкку», «Ақтайлық»,
«Қаралдым», «Шалқыма» деген әндері Молдахмет Тырбиұлының орындауында нотаға түсірілген.
Бұдан басқа Үкілі Ыбырайдың «Қарақат көз», «Жиырма бес», «Былқылдақ» әндерін де шебер
орындап, жұрт көңілінен шығушы еді» – деп Қайырбек Сыздықов есіне алады [11].
Молдахмет Тырбиұлы бабалар мұрасын насихаттап, шебер орындап, жұрт көңілінен шықса,
өзі де ән шығарған. Өнер сүйгіш осынау сазгер ақынның өлеңдерінің әндері әлі ел арасында
айтылып жүр. Мысалы, музыка маманы Кәрібай Құсайынұлы Молдахмет Тырбиұлының «Аттан
ауылым» әнін орындап, нотаға да түсіріп берді.
Молдахмет Тырбиұлы Біржан сал, Ақан серінің әншілік мектебінен өтіп, әншілік өнерді
кейінгі ұрпаққа жеткізе білді.
Ақын бірде Ақан әнін естіп, ұйқыдан оянады. Бұл 1951 жылдың қыс айы болатын. Молдахмет
Тырбиұлының аз уақыт денсаулығы келіспей, жатып ұйықтаған кезі болатын. Үсінде Ақан келіп: –
Мына әнді естіп пе едің? – деп, ән айта бастайды. Ақын оянып кетіп, естіген әніне өлең құрап,
домбыраға салады. Ол бұл өлеңін «Бақытты өмір заман–ай!» деп атайды. Бұл өлңнің бірінші
шумағын ол Ақан серіге арнап:
Өтіпті ән бұлбұлы Ақан сері
Топта озып жүлде алған Құлагері.
Хабаршы
№2- 2015 ж.
205
Саласын Сырымбеттің күңірентіп,
Арқаның асау туған ардагері–
деп жырласа,
Біржан сал, Ақан сері қалдығымын,
Өзіндей болмағанмен тандығымын.
Солардың ізін қуып әнге басқан,
Грамофон алшындаған сандығымын.
Біржан сал, Ақан сері құрдым салтын,
Жақсы ой келтіреді көңіл жарқын–
деп, әншілік салт–дәстүрді кейінгі ұрпаққа жеткізуде өзін ән сандығына теңейді.
Көкшетау туып өскен жерім дарқан,
Ен байлық өскен малға толық алқам.
Сый қылып осы әнімді тарту еттім
Басарсың өзімдей қып Мұса қалқам–
деп келесі жас буынға осы дәстүрді жалғастырар деген үмітпен шәкірті Мұса Асайыновқа
аманат етіп қалдырады.
Қорыта айтқанда, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың 40 жылдарына дейінгі халық
ақындарына арна болған орта – Арқа жеріндегі дәстүрі қалыптасқан ақындық мектеп, яғни тамыры
тереңде жатқан салдық пен серілік.
Сал-серілік дәстүрдің аясында, біріншіден, емін-еркін өмір сүруге, тұрмысты қызықты
өткізуге деген талпыныс жатыр. Екіншіден, бұқара халықтың рухани қажеттілігін өтеу пейілі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |