Әдебиеттер:
1.
Мұратбеков С.Екі томдық таңдамалы шығармалары. –Алматы: «Жазушы», 1991ж. Т.1:
повестер, әңгімелер, - 464 бет.
2.
Дәдебаев Ж. Жусан иісті дара талант. // «Қазақ әдебиеті» газеті, 4.08.2006жыл. 6бет.
3.
Мұратбеков С. –Алматы: «Жазушы», 1967 ж. Повесть, әңгімелер. 458б.
4.
Майтанов Б. Қаһарманның рухани әлемі: Зерттеулер –Алматы: «Жазушы», 1987. – 237бет.
5.
Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік: Сын мақалалар, портреттер, эссе. – Алматы:
«Жазушы», 1993жыл.
6.
Тарази Ә., Мұсалы Л. Көркемдік құпиясы. –Алматы: «Санат», 2000жыл.
Мусаев А.М.
Своеобразный мастер
В данной статье рассматриваются художественные своеобразия рассказов писателя
С. Муратбекова «Ултуган», «Запах полыни», «На предгорье Ушкара».
Ключевые слова: характер, стиль, образ, сон, направление, герой, тенденция, любовь, печаль, чувство.
Musaev A.M.
A peculiar master
The art originalities of the stories of the writer S.Muratbekov are considered in the given clause as
«Ultugan», «The smell of wormwood», «On the foothills of Ushkara».
Кеуwords: character, style, image, dream, direction, character, trend, love, sadness, a sense.
Хабаршы
№2- 2015 ж.
233
ӘОЖ: 81’23
Ибраева Ж.Қ. – филология ғылымдарының кандидаты, профессор,
Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, E-mail:
kulmat@rambler.ru
Алишариева А.Н. – Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
Ph.D докторанты, (Алматы қ., Қазақстан) , E-mail:
bota_inyaz@mail.ru
ОТБАСЫЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС БАРЫСЫНДА ТІЛДІ ТАҢДАУ МӘСЕЛЕСІ
Аннотация. Мақалада отбасылық қарым-қатынас барысында тілді таңдау және тілді талдау
мәселесі қарастырылған. Отбасы – шағын қарым-қатынас тобы және әлеуметтік институт ретінде
көптеген гуманитарлық ғылымдардың, соның ішінде, педагогика, психология, лингвистика, әлеуметтану
және т.б. ғылым саларының басты назарында.
Кілт сөздер: тілді таңдау, тілге қатынас, кодтардың алмасуы, кірімтірілген байқау әдісі.
Көптілді қоғамда тілдердің өмір сүруі мен функционалды жағынан қатар қызмет етуі–
әлеуметтану және әлеуметтік лингвистика, психология, психолингвистика, екінші тілді меңгерудің
теориясы және практикасы сынды бірқатар ғылымдардың мәліметтерін ескере отырып талдауды
қажет ететін комплексті интегративті мәселе. Көптілді ортада тілді таңдау мәселесін талдауқос-
және көптілділікке қатысты негізгі анықтамаларды жүйелі ажыратып алуды талап етеді, мәселен:
тілді таңдау, тілге деген көзқарас, кодтардың алмасуы және тілді қалау т.б. Сондықтан, қазіргі
таңда тілді таңдау мәселесін Қазақстан Республикасының жаңа тілдік жағдаяты мен жаңадан жүзеге
асып жатқан тілдік бағдарламамалар төңірегінде қарастыру үлкен мәнге ие. Бүгінгі таңда еліміз
тілдік құрылым аясында өте маңызды белес қарсаңында, оған себеп жаңа мемлекеттілік пен тілдік
сәйкестіліктіңқалануы.
Көптілділік жағдаятында тілдер бір біріне үнемі ықпал етуі салдарынан тілдердің араласуы,
әсіресе, семилингвизм көптеп кездеседі. Әрине, қазақстандықтардың тілдік көрінісі (көбінесе
билингвтердің) тілдерді пайдалану аясына байланысты өзгеріп отырады. Бірақ, зерттеулердің
нәтижесі бойынша соңғы жылдары мемлекеттік тілге қарай тілдің жылжуыорын алуда, нақтырақ
айтсақ, саясаттану, білім беру, ғылым саласындамемлекеттік тіл маңыздылығы артып келеді.
Сонымен қатар, орыс және ағылшын тілдері қонақ үй бизнесінде, риэлторлық қызметте, күнделікті
тұрмыстық қызмет көрсету саласында қолданылады. Тілді/дерді пайдаланудың ерекшеаясы –
әрдайым ғалымдардың назарынан тыс қалмайтын отбасылық қарым-қатынас болып табылады.
Расымен де, отбасы шағын қарым-қатынас тобы және әлеуметтік институт ретінде көптеген
гуманитарлық ғылымдар, соның ішінде, педагогика, психология, лингвистика, әлеуметтану және
т.б. қарастырады. Ғалымдардың қызығушылығын ерекше туғызып отырғаны – тұлға аралық қарым-
қатынас саласы. Өйткені, адамдар отбасында көңіліне жайлы ортада, туған туыстарының, жақын
адамдарының ортасында, өз сөйлеуін бақыламайды, қарым-қатынас барысында сөздерді, тіпті тілді
таңдамайды. Айта кететін жайт, тіл білімі саласында мәдениетаралық отбасылық қарым-қатынасты
зерттеуге арналған бірқатар жұмыстар жазылған (Е.В. Бондаренко, В.В. Красных, О.А. Леонтьевич,
Я.Т. Рытникова және т.б.). Алайда, моноэтникалық отбасылық қарым-қатынас лингвистика
саласында түбегейлі зерттелді деп айту қиынға соғады.Лингвистика саласында отбасылық қарым-
қатынас терминімен бірге (Е.В. Бондаренко) [1, 191 б.], отбасылық әңгімелесу (Я.Т. Рытникова),
отбасылық сөйленіс (А.В. Занадворова) терминдері де кездеседі [2]. Авторлардың көбісі берілген
терминдерді синоним ретінде қабылдауды жөн санайды. Дегенмен, «Орыс тілінің стилистикалық
энциклопедиялық сөздігінде» [3, 696 б.] отбасылық сөйленісті « үйдегі сөйленіс» деп анықтайды.
Отбасылық қарым-қатынасты ғалымдардың көбісі сөйленістің ерекше бір түрі деп, белгілі бір
сөйлеу жанрларымен сәйкестендіріп (В.В. Дементьев, Т.Б. Карпова, Я.Т. Рытникова), рөльдік
құрылыммен (Ю.Л. Бессмертный, И.А. Стернин), арнайы вокабулярмен (JI.А. Капанадзе, В.Б.
Кашкин, Ю. Сафонова), нарратив пен фольклормен (Е.Ю. Кукушкина, В. Сатир, Р.Р. Чайковский)
біргеқарастырады. Келесі бір ғалымдар тобы белгілі берілген қарым-қатынас түрін
институционалдық емес дискурс ретінде есептелетін отбасылық дискурс деп санайды, оның жүзеге
асу аясы тек қана отбасы мүшелерімен, яғни әке-шешесі мен балаларының (жасына қарамастан)
арасында және де коммуниканттардың бірге немесе бөлек тұруына қарамастан, солардың арасында
ғана жүзеге асады деп есептейді (В.В. Красных, В.В. Звягинцева және т.б.).
Отбасылық қарым-қатынасты зерттеу қызықты, әрі өзекті болып табылады. Себебі тұлғаның
бастапқы қалыптасуы, оның ана тілін және шет тілін игеруі, сөйлеу біліктерін меңгеруі: тілдік
Хабаршы
№2- 2015 ж.
234
әлеуметтену үдерісі де отбасындабасталады.
Отбасы – мәдени және мінез-құлық ерекшеліктері мен талаптарының қалыптасатын орны.
Отбасылық қарым-қатынаста коммуникативтік жағдаяттардың үлкен жиынтығы көрініс табады.
Өсе келе адам түрлі әлеуметтік және отбасылық рөлдерге ие болады. Оған қоса, отбасы еркін
қарым-қатынас ортасы, өмір бойы әрбір тұлға мүше болатын басқа қарым-қатынас орталарына
қарағанда кез келген адам отбасында тілдік бейне жағынан да өзін еркін ұстай алады.
Дегенмен, отбасы сыртқы әсерлерден де оқшауланбаған, отбасы және әлеуметтік орта
арасында үнемі ақпарат алмасу болып отырады.
Тілдердің отбасында қызмет етуін зерттей келе тілдердің жалпы қызметтерін де анықтаса
болады мәселен: сөздер мағынасы көлемінің өзгеруі, олардың қолданылу аясының, лексикалық
тіркесімділігінің өзгеруі, жаңа сөздердің қабылдануы, меңгерілуі және олардың тілдік жүйеге ену
ерекшелігін, сөзжасам үдерісін, жаңа тілдік бірліктердің жасалуын бақылау. Бұл аяда А.В.
Занадворова еңбектері ерекше қызығушылық тудырады. Автор еңбектерінде отбасылық қарым-
қатынас барысындағы тілдік құралдар және отбасы мүшелерінің лақап аттары мен қаратпалар
қарастырылған. Отбасылық атаулар мен фразеологизмдер, цитаталар қызметі, басқа да прецедентті
мәтіндер және еркін отбасылық әңгімелесудегі тілдік ойын кеңінен талданады [2].
Берілген мақалада зерттеу нысаны ретінде Алматы қаласының отбасылары алынған. Зерттеу
нысанының ерекшелігі жұмыстың материалы ретінде отбасы мүшелерінің сөйленісі (жалғасымды және
жалғасымды емес отбасылық қарым-қатынас, олардың ішінде қарым-қатынасқа түскен адам саны – кем
дегенде үш коммуникант, бір отбасы мүшелері болып табылады) диктофонға жазылған. Байқауәдісі
келесі респонденттер топтарымен жұмыс кезінде қолданылды – 15 қазақ-билингв, 5 қазақ-монолингв
отбасылары. Байқау әдісі – арнайы қабылдау және алдын ала дайындалмаған сөзді тікелей тіркеу
арқылы зерттелетін нысан туралы әлеуметтік-лингвистикалық бастапқы мағлұмат жинақтау әдісі.
Сондай-ақ, басқа да тіл білімі әдістерінен байқау әдісінің басты айырмашылығы – ақпарат беруші
адамдардың табиғи, шынайы, емін-еркін айтылған сөзі туралы ақпарат алу. Сонымен қатар, зерттеу
барысында байқаудың арнайы түрі – кірістірілген байқау әдісі де қолданылды. Осы жағдайда зерттеуші
өзі бақылайтын нақты бір әлеуметтік топтың (отбасы) мүшесі болып келеді.
Ақпарат берушелерді таңдау кезіндегі мақсатымыз – белгілі тілдік сөйленіске байланысты
белгілі классикалық жұмыстардың талабымен сайкес келеді, яғни информанттар Алматы қаласының
тұрғындары, жоғары білімі және де балалары бар. Респонденттердің арасында әртүрлі мамандық
иесі кездесті: математиктер, физика ғылымының мамандары, дәрігерлер, бухгалтерлер,
экономистер, психологтар, компьютер мамандары, аудармашылар, филологтар және т.б. Жас
ерекшеліктері де көрсетілген: енді ғана тілі шыққан баладан бастап, бастауыш мектепте оқитын,
мектепте, жоғары оқу орнындағы студенттер және зейнет жасындағы адамдар қатысты.
Зерттеу жұмысының нәтижесі көрсеткендей, қала төңірегіндегі отбасылық қарым-қатынас
көбінесе билингвалды болып келеді. Қазақстандық қоғамның билингвалды болып келуі әлеуметтік
лингвистика тұрғысынан қазақстандық тіл білімі еңбектерінде ауқымды зерттелген (О.Б.
Алтынбекова, Э.Д. Сулейменова, Н.Ж. Шаймерденова, Б.Х. Хасанов және т.б.), және де
психолингвистика, саяси лингвистика тұрғысынан (И. Винницкая, Ж.К. Ибраева, А. Шаяхмет және
т.б.) қарастырылған.
Қазіргі таңда Қазақстан қоғамы көптілді әлеумет, бірақ демографиялық және функционалдық
жағынан екі тіл – қазақ және орыс тілдері басым болып келеді. Соңғы он жылдық көлемінде
Қазақстандағы тілдік жағдаятында болған өзгерістер, қазақ тілінің мемлекеттік тіл
ретіндеқолдануына да бірталай өзгерістерді енгізгенін байқай аламыз.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі қазақстандық отбасылар балаларына көптілді
білім беруге ынталы, ал ол өз алдына отбасындағы тілді таңдауды айқындайды. Өз зерттеулерінде
О.Б. Алтынбекова тәуелсіздік алғаннан бастап еліміздің оқу орындарында, соның ішінде мектептер
арасында бірнеше өзгерістер орын алғанын айтады. Тәуелсіздігіміздің бірінші он жылдығында қазақ
тілінде оқитын оқушылар саны 339,3 мыңға ұлғайды. Екі тілді білім беретін мектептердегі қазақ
тіліндеоқудытаңдаған оқушылар саны 199,5 өсті. Ал, қазақ тілінде білім бере бастаған аралас
мектептер саны 202 данаға өскенін көрсетеді [4, 300 б.]. ТМД және шетел елдеріндегідей,
Қазақстанда да мектеп таңдау құқығы тұлғаның өз құқығында болса да, соңғы жылдары мектептегі
білім алу кеңістігінде тілді таңдау деңгейі қазақ тіліне деген басымдықты көрсетеді. О.Б.
Алтынбекова тұжырымдамасына сүйенсек, алдағы уақытта да мектеп деңгейіндегі білім беру
саласында мемлекеттік тілге қарай тілдің жылжуы басым болады.
Отбасылық қарым-қатынас барысында қазақ отбасылары арасында байқағанымыз: екі тілді
қатар қолдануы (қазақ және орыс тілдерін), тілдердің ауысуы мен араласуы, коммуниканттардың
Хабаршы
№2- 2015 ж.
235
мақсаты мен міндеттеріне байланысты екі тілді таңдауы көрініс табады. Отбасылық қарым-
қатынасты зерттеу барысында берілген қарым-қатынас түрі басқа қарым-қатынас түрлерінен
(саясаттық, іскери, ғылыми) ерекшеленетінін ескерген жөн. Бір отбасы мүшелерінің қарым-
қатынасыбелгілі бір тәрбие, туыстық жақындық пен достық қарым-қатынас деңгейінде өтеді. Осы
тұрғыдан, ғалымдардың бір тобы отбасылық қарым-қатынасты сөйленістің инстуционалды емес тобына
жатқызады. Қазақ отбасылары қарым-қатынасының ерекшелігі қазақ немесе орыс тілін таңдауы мен
кодтардың алмасуы болып келеді. Осы орайда жоғарыда айтылып кеткен терминдерге анықтама беруді
жөн санадық. Лексикографиялық сөздіктерде тілді таңдау терминіне әртүрлі анықтамалар берілгені
бізге мәлім. Біздің ойымызша, ең толық анықтама Э.Д. Сүлейменова, Н.Ж. Шаймерденова және т.б.
Әлеуметтіклингвистикалықсөздігінте ұсынылған: Тілді таңдау – 1. Қостілділік жағдайында нақты
сөйлеу жағдаятында, қарым-қатынастың, Қоғамның әлеуметтік құрылымының және Тілді пайдалану
аясының ерекшеліктеріне қарай тілдердің немесе Тіл варианттарының біріне артықшылық беріп
пайдалану. 3. Диглоссия жағдайында Тіл өмір сүруінің қайсыбір нысанына артықшылық беріп
пайдалану. Тілді таңдаудың әлеуметтік маңызы бар [5, 269 б.].
Алайда, тілді таңдау – ол кешенді мәселе, өз алдына лингвистикалық бірліктерді біріктіріп,
демографиялық, әлеуметтік және мәдени құндылықтарды ескеру керек. Отбасылық қарым-қатынас
жағдаятында тілді таңдау проблемасын зерттеу барысында, отбасындағы сөйлеуәдебін қарастырмау
мүмкін емес және отбасылық иерархияның тілдік бірліктерді таңдауға бірден-бір ықпал жасауын да
қарастыру қажет.
Зерттеу нысанына күнделікті қайталанып отырған жағдаяттар алынған (мысалы,
ақпаратберушілердіңжұмысқа кетуі, келуі, отбасымен бірге отырып ас ішкені және т.б.). Сонымен
қатар, осы жағдаяттар кезінде сөйлеу барысында күнделікті немесе жиі байқалған сөйленістер
жүйеленді. Демек, тек бір отбасына тән ерекшеліктерді айқындалып және де «әртүрлі» (сырт көзге
жат, ал отбасы мүшелеріне үйреншікті) күнделікті стереотипті жағдайда қолданатын сөйленістер
тіркелді.
Қостілділік ұғымына берілген топтамаларды ескере отырып (У. Вайнрайх, Л.В. Щерба және
т.б.), айта кететіні, ол қазақ отбасыларында табиғи қостілділіктің орын алуы, яғни қостілді
тұлғаның екінші тілі арнайы оқылған емес игерілген тіл болуы. Ғалымдардың пікірінше, табиғи
қостілділікті айқындайтын нақты бір мысал – бір тілден екінші тілге кодтардың автоматты алмасуы
болып табылады. Респонденттерді бақылау барысында қазақ отбасыларында үнемі қазақ тілінен
орыс тіліне ауысу байқалатыны анықталды. Зерттеу барысында барлығы бес отбасындағы 15
қарым-қатынас жағдаяты зерттелді. Кодтардың алмасуы дегеніміз аралас этнотілдік отбасында
күнделікті кездесетін жағдай. Елімізде белең алған код ауыстыру кезіндегі қазақтардың белсенді
интерференциясынан ерекшелігі, талдау барысында бір тілден екінші тілге толық код алмасуы
кездесті. Мысалы, төменде келтірілген жағдаятта басыңқы сөйлем қазақ тілінде айтылады да,
бағыныңқысы орыс тілінде берілген:
ҚЖ1: Олбүгін тамақ жеген жоқ, хотя я приготовила и борщ, и манты.
Зерттеу барысында байқағанымыз, тілдердің код алмасуының жиі түрлері кездескені.
Мысалы, зерттелген мәтіндерде көбінесе қосылу байқалды, яғни бірінші немесе екінші тілден енген
сөздердің мәтіннің соңына қосылуы:
ҚЖ 2: Сол ұмытып қалдым ғой атын, вот, черт.
ҚЖ 3: Я сегодня очень устала, но все равно ложиться еще рано. Но он почему-то совсем не
устал… Неге?
15
коммуникативтіжағдаяттыңүшеуінде сыртқы
код
алмасукездесті,
яғниқарым-
қатынасбарысындақазақжәнеорыстілдеріндесөзтіркестердіңберілуі:
ҚЖ 1:
Р4 – она вообще по квартирам живет.
Р3 – ааа, незачем тогда? Ребенок просто будет уставать. Мы, А. хотели же по-другому, на
двадцать пятом, еще пробки. Еще же у них этот…домашние задания они делают. После ужина у
них отдых, потом, репетиция, эээ музыкальные эти после уроков.
Р4 – это бесплатно или платно?
Р2 – бесплатно
Р4 – гособеспечение?
Р2 – Иә, сен қалай ойладын? Барлығы тегін.
Р 3 – Қазір мемлекет көп жағдай жасайды. Тек кейбір адамдар түсінбейді.
Р 4 – Рас-ау.
Сонымен қатар тіл білімінде тілдердің араласуы деп түсіндірілетін ішкі код алмасу да
Хабаршы
№2- 2015 ж.
236
кездесті, яғни, фраза ортасына басқа тілден сөзді кіргізу. Келесі мысалға назар аударайық:
КС 1:
Р3 – ну этот, жанағы, как в школе назывались? Ай сайын төлейтіні бар, тамаққа..
Р4 – тамаққа платишь?
Р3 – төлейді. Ғ. оплачивает и каждый месяц жанағы взнос.
Р4 – ну, классный несі фонд?
Р3 – фонд. Сол ұмытып қалдым ғой атын.
Р4 – ну небольшие, наверное, деньги?
Р3 – да
Р4 – проживание бесплатное получается?
Р3 – проживание бесплатное. В одной комнате төрт бала. Потом уже когда дети
взрослеют, уже по два там и больше
Отандық және шетелдік тіл білімінде тілдердің ауысуына әртүрлі анықтамалар ұсынылған.
Мысалы, Ресей лингвистикалық ғылымдарының академиясы ұсынған «Әлеуметтік лингвистикалық
терминдер» [6] сөздігінде кодтардың алмасуы мен тілдегі кодтардың араласуына берілген
анықтама мынадай: біріншісінде, белгілі бір тілден немесе кодтың, субкодтың екінші тілге, кодқа
ауысуы, қарым-қатынас барысында коммуниканттардың арасында рольдерінің ауысу жағдайы.
Сөздіктің авторларының айтуы бойынша, тілдегі кодтардың араласуы бірінші терминнен ажыратып
қарауды ұсынады: 1. Қарым-қатынас барысында қостілді тұлғаның бір тілден екінші тілге
бейсаналы түрде/мотивациясыз өтуі, кодтардың араласуы тіпті тығыз байланыстағы сөз тіркесінің
өзінде де кездеседі. 2. Екі тілді де жақсы меңгеру мен жоғары тілдік құзыреттілік кезіндегі, сөйленіс
ішінде бір тілден екінші тілге ауысу байқалатын билингвизм жағдайындағы сөйлеу стратегиясының
бір түрі. Өзге тілдік қыстырмалар этникалық немесе әлеуметтік идентификаторлар қызметін
атқаруы мүмкін.
Теориялық деректерді талдау нәтижесі көрсеткендей, кодтардың алмасуы мен тоғысуының
ара жігі толық ажыратылмаған. Ш. К. Жаркынбекова және Д. Б. Акынованың еңбегінде көп
жағдайда кодтардың алмасуы терминін барлық анықтамаларға ортақ термин ретінде
қарастырылатыны айтылады [7].
Келесі мысалға назар салсақ, кодтардың алмасуының бір түрі ретіндебір тілде мүлде
баламасы жоқ сөздерді қолдану берілген:
КС 1:
Р4 – развитие же, это же развитие же!
Р3 – только в выходные можно, но они и так то же забирают.
Р4 – в субботу вечером забирают.
Р3 – ну как занятия заканчиваются. Но первый класс новерное в пятницу забирают, потому
что же нагрузки там мало?
Р2 – Да, а мы наурыз-көже будем делать?
Р4 – конечно, будем. Как без него.
Басты қызуғышылық туғызып отырғаны, зерттеу барысында жиналған фразеологизмдер,
мақал-мәтелдер корпусы айқындалды. Белгілі болғандай, отбасылық қарым-қатынас барысында
ақпаратберушілерқазақ және орыс тілдерінде фразеологизмдерді жиі қолданатыны байқалды.
КС 4:
Р1 – Қалай, жұмыста тыныштық па?
Р 2 – Иә. Барлығы жақсы. Шаршадым. Қайтадан тексеру келейін деп жатыр!
Р 1 – Ну, что ж. «Не все коту масленица» дегендей, работайте.
Алайдақазақ немесе орыс тілдеріндегі фразеологизмдерді қарым-қатынас барысында
қолданғанда, респоденттердіңкөбісі фразеологизмдердің тілін, солтіркестіқолданатынэтносын
алдын ала ажыратып отырған:
КС 4:
Р1 – Никак не могу закочить эту работу, никто не помогает и все недовольны.
Р 2 – Не переживай, закончишь.
Р 1 – Мало того, что так много, так еще потом будут критиковать.
Р 2 – А что ты хотела? Қазақтар айтады ғой, «біткен іске сыншы көп». Так что
готовься...
КС 4:
Р2 – Болды, тойдым.
Р1 – Тағы жесеңші. Шай ішейік.
Хабаршы
№2- 2015 ж.
237
Р2 – Нет, все, хватит. Ты тоже много не пей.
Р1– А вы, Мама? Шайішсеңізші. Мына пирогтан тағы алыңыз.
Р3– Рақмет, қалқам. Орыстар айтқандай «Хорошего – помаленьку».
Асқазаным ауырады.
Жүргізілген шағын зерттеуіміздің нәтиже мынадай:
–
Алматы қаласының отбасыларының басым бөлігі қостілді, соның ішінде табиғи қостілділік
жиі кездеседі; басым тілдер қазақ және орыс тілдері;
–
белгілі бір жағдаят кезіндегі кодтардың алмасуы бір тілді таңдауды қажет етеді, яғни қазақ
немесе орыс тілдерін;
–
қазақ-билингв отбасыларының сөленіс кезіндегі кодтарды алмастыруы саналы түрде және
сөзін түзеу немесе ойын түсінікті жеткізу барысында байқалады; сондықтан да басқа тілден сөз
соңына белгілі бір сөздерді, сөз тіркестерін кіргізу, сөйлемдердің бір бірімен байланысын сезіну
қиындық туғызады;
–
қарым-қатынас барысында екі тілден де фразеологизмдерді жиі қолдануы байқалады.
Болашақта отбасылық қарым-қатынас жағдаятына жүйелі түрде толық зерттеу жүргізіп,
жіберілетін қателіктердің классификациясын жасау көзделген.
Әдебиеттер:
1.
Бондаренко Е.В. Межкультурная коммуникация как особый тип общения. / Дисс. на
соискание канд. филол. наук. – Волгоград, 2010. – 191 с.
2.
Занадворова А.В. Функционирование русского языка в малых социальных группах:
речевое общение в семье. / Дисс. на соискание канд. филол наук. – М., 2001. – 182 с.
3.
Стилистический энциклопедический словарь русского языка. / Под ред. М.Н. Кожиной. –
2-е изд., испр. и доп. – М.: Флинта; Наука, 2006. – 696 с.
4.
Алтынбекова О.Б. Языковые сдвиги в образовательном пространстве Казахстана. Вкн.:
Динамика языковой ситуации в Казахстане. – Алматы, 2010. – С. 300-301.
5.
Әлеуметтік лингвистика терминдерінің сөздігі. / Жауапты ред. Э.Д. Сүлейменова. –
Астана, 2008. – 269 б.
6.
Словарь социолингвистических терминов. / Овет. ред. В .Ю . Михальченко). – М., 2006 .
7.
Акынова Д.Б. Казахско-английские языковые контакты: кодовое переключение в речи
казахов-билингвов. / Дисс. на соискания PhD. – Астана, 2014.
Достарыңызбен бөлісу: |