Жылына 4 рет шығады



Pdf көрінісі
бет40/56
Дата28.12.2016
өлшемі6,08 Mb.
#661
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   56

 
Әдебиеттер
1.
 
Зимняя И.А. Педагогикалық психология. – Алматы: Логос TST-Company, 2005. – 368 б. 
2.
 
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы, 1993. – 496 б. 
3.
 
Ерастов Н.Т. Психология общения. Пособие для студентов. – Ярославль: ЯрГУ, 1979. – 96 с.  
4.
 
Фрумкина Р.М. Психолингвистика. – М.: Академия, 2008. – 320 с.  
5.
 
Залевская  А.А.  Актуальные  проблемы  психолингвистики  (лекции).  –  Алматы:  Қазақ 
университеті, 2004. – 49 с. 
6.
 
Попова З.Д., Стернин И.А. Когнитивная лингвистика. – М.: АСТ: Восток – Запад, 2007. – 314 с.  
7.
 
Горелов И.Н., Седов К.Ф. Основы психолингвистики. – М.: Лабиринт, 2001. – 304 с. 
8.
 
Андерсон Джон. Когнитивная психология. – СПб.: Питер, 2002. – 496 с. 
9.
 
Сулейменова  Э.Д.  Казахский  и  русский  языки:  Основы  контрастивной  лингвистики.  – 
Алматы: Демеу, 1996. – 208 с. 
10.
 
 Аймауытов Ж.  Псиқалоғия. – Алматы: Рауан, 1995. – 312 б. 
11.
 
 Мұқанов М. А. Жас және педагогикалық психология. – Алматы, 1982. – 246 б.  
12.
 
 Рахметова  С.  Қазақ  тілі  әдістемесінің  теориясы  мен  технологиясы.  –  Алматы:  ҚазҰПУ, 
2007. – 184 б. 
 
Хасанова И.У. 
Влияние психолингвистики в когнитивной обучении казахского языка в начальных классах 
В  статье  рассматривается  связь  когнитивной  психологии  и  психолингвистики  с  когнитивным 
обучением языка в начальных классах. 
Ключевые  слова.  Психолингвистика,  когнитивная  психология,  когнитивная  лингвистика, 
концепт, языковая картина мира, процессы психологического познания. 
Khassanovа I.U. 
Influence of psycholinguistics cognitive learning the Kazakh language in primary school 
The  article  discusses  the  relationship  of  cognitive  psychology  and  psycholinguistics  with  cognitive 
learning language in primary school. 
Keywords:  Psycholinguistics,  cognitive  psychology,  cognitive  linguistics,  concept,  language  picture  of 
the world , the processes of psychological knowledge. 
 
 
ӘОЖ: 808.5:81'272 
 
Ыбырайым Ә.О. – филология ғылымдарының кандидаты, 
доцент, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті 
(Тараз қ., Казақстан), E-mail: 
azimchan23@mail.ru
 
 
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛҒАН СӨЗДЕРДІҢ БОЙЫНДАҒЫ 
МАҒЫНАЛЫҚ ДӘЛСІЗДІК ПЕН ЕКІҰШТЫЛЫҚ 
 
Аннотация.  Бұл  мақалада  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  қолданылған  сөздердің  бойындағы 
мағыналық  дәлсіздік  пен  екіұштылық  мәселесі  және  баспасөздегі  тіл  мәдениеті  қарастырылған.  Автор 
газет  мәтіндері  мен  телеарналардағы  тілдік  қолданыстардағы  стильдік  қателерге  талдау  жасап,  ондағы 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
243 
мағыналық  екіұштылық  пен  дәлсіздіктерді    нақты  мысалдармен  дәлелдеген  және  БАҚ  мәтіндеріне 
қойылатын талаптарды көрсеткен. 
Кілт  сөздер:  тіл  мәдениеті,  мәтін,  бұқаралық  ақпарт  құралдары,  тілдік  қолданыс,  бұқаралық 
коммуникация, мағыналық дәлдік, редактор және т.б.  
 
Әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрінің қатар дамып, қоғам өміріндегі қызметінің өрістей 
түсуі  үшін  оны  түрлі  ауытқулардан  арылтып  отыру,  қоғамның,  тілдік  ұжым  мүшелерінің  сөз 
мәдениетін  көтеру  «сөз  мәдениеті»  деген  ғылыми-теориялық  пәннің  алдында  тұрған  гуманистік, 
әлеуметтік жауапкершілік болып табылады [1, 3 б.]. 
Сөйлеу  әрекетінде  туындайтын  кедергілерді  мәтіннің  ең  төменгі  деңгейіне  түсіріп, 
ақпараттылығы  мен  сенімділігін  арттыру  үшін  редакциялаудан  өткізу  міндетті.  Егер  автордың 
нұсқасы баяндаудың немесе ойды жеткізудің қалыптасқан нормадан тыс формалармен берілсе, оны 
жалпыға белгілі үлгілерге салып түзетуге асығудың қажеті жоқ, өйткені баяндаудың дәл осы тәсілі, 
ойдың ішкі қатпарларын жеткізудің тиімді тәсілі болып шығуы мүмкін. 
Қолжазбалар, түпнұсқалар баспалар мен редакцияларда идеялық-саяси, көркемдік-әдеби, тілдік-
стильдік, емлелік жағынан түзетуден, өңдеуден өтеді. Осы арқылы қолжазбалар редакциялану арқылы 
мүлде  жаңа  сапаға  –  жеке  авторлық  сападан  қоғамдық  маңызды  баспалық-редакциялық  сапаға  ие 
болады.  Авторлық  сапаға  –  авторлы  қоғамдық  сапа  қосылады.  Ол  енді  әрі  авторлық,  әрі  баспалық-
редакциялық қолжазба, басқаша айтқанда, авторлы баспалық-редакциялық түпнұсқа.  
Редактор  мәтінмен  жұмыс  істеу  барысында  өзін  автордың  орнына  қойып,  оның  логикасын, 
тақырыпқа  деген көзқарасын материалдық  проблемаларын, стильдің даралық ерекшеліктерін  түсінуге 
тиіс, содан кейін ғана түзету нұсқаларын ұсына алады. Авторлық түпнұсқаның  мазмұнына жете мән 
бермеу,  оның  стилистикасын  тиісті  деңгейде  түсіне  білуге  қабілетінің  жетпеуі,  дәлелсіз,  субъективті 
ескертпелер  мен  түзетулер  –  шығарманың  мағынасы  мен  формасын  бұрмалауға  жасалған  алғашқы 
қадам және ол өзара шиеленіс үшін негізгі себеп болып табылады. Редактор ұсынған түзетулер авторлық 
мәтіннің  мазмұнына, композициясы мен  стиліне толық  сәйкес келіп, оны ажарландырып, нәрлендіріп 
тұруы  тиіс.  Олай  болмаған  жағдайда  редактор  енгізген  түзетулер  мәнсіз  болып  шығады.  Автор  мен 
редактордың  нұсқалары,  мазмұны,  стилі,  құрылымы  жағынан  бірдей  деңгейде  болса,  онда  басымдық 
автор нұсқасына беріледі. Сондай-ақ, түзетудің қажеттілігін сауатты негіздей білу керек, олай болмаған 
жағдайда редактордың автормен тіл табысуы өте қиын болады. 
Автор  мен  оқырманның  қатынасы  мәтін  арқылы  жүргізіледі,  егер  мәтін  белгіленген 
талаптарға сай келмесе, онда қатынаста қиындық туындайды. Авторды кәсіби маман ретінде түсіну, 
нақтылайтын сұрақтарды дәл қоя білу, бір қарағанда оңай әрекеттер сияқты көрінеді. Алайда бұл – 
өте күрделі процесс. Кейде мәтіннің өзі оны түрліше түсінуге итермелейді (бұл, әсіресе,  сөздерді 
дұрыс  немесе  дәлдікпен  қолданбағанда  анық  көрінеді)  және  автор  мен  редактордың  әртүрлі  өмір 
тәжірибесі,  өмірлік  ұстанымы  мен  көзқарасының  ерекшеліктері  бір  мәтінді  әртүрлі  мағынада 
түсінуге, бір жағдайды әртүрлі көруге (бағалауға) соқтырады. 
Курметтi  Ректор  мырза!  Екiншi  мамандыкты  (сырттай  болiм)  грант  есебiнде  окуга 
болады ма?...... 
Құрметті Асел! 
Екінші жоғары білімді сырттай және мемлекеттік грантта оқи алмайсыз (ЖОО сайтынан 
алынған материал). 
Бұл  сөйлемнен  біз  екінші  жоғары  білімді  сырттай  оқуға  болмайды  деген  жауап  алып 
отырмыз, алайда бұл оқу орнында екінші жоғары білімді сырттай (қашықтан оқыту арқылы) алуға 
болады,  мұндағы жауаптың мазмұны:  екінші  жоғары  білімді  сырттай  оқуға мемлекеттік  гранттың 
бөлінбегендігі  туралы.  Сөйлемнің  дұрыс  құрылмауына  байланысты,  бұл  жауапты  оқыған  адам 
екінші жоғары білімді сырттай оқуға мүлдем болмайды екен деп түсінеді.  
NOMAD көлікті сақтандыру компаниясының жарнамасына назар аударайық:  
Полис сатып алда, қосымша сыйлық ал (Купи полис и получи подарок). 
Бұл  сөйлемдегі  да  шылауының  дұрыс  жазылмауына  байланысты,  жарнама  мәтіні  мүлдем 
басқа мағынаны  білдіріп  тұр.  Мәтін мазмұны  «полисті алдап  сатып,  қосымша  сыйлыққа ие  бол» 
деген екінші мағынаға итермелейді. Немесе «Әйімкүл Шоңның жанды жері – өмір бойы айнымаған 
асыл  жары»  деген  себептес  салалас  сөйлемді  талдап  көрейік.  Бұл  салалас  сөйлемнің  екінші  жай 
сөйлемі  іс-әрекеттің  себебін,  алдыңғысы  сол  себептен  туған  нәтиже,  салдарды  білдіріп  тұр  (сал. 
«Әйімкүл  Шоңның  жанды  жері,  өйткені  өмір  бойы  айнымаған  асыл  жары»).  «Қазақ  тілінің  
түсіндірме сөздігінде» «жанды жер» деп сөзге төмендегідей түсініктеме берілген: а) талма жер; ә) 
ар-ұятқа,  намысқа  тиетін,  көңілге  келетін  сөз  [2,  264  б.].    Демек,  Шоңның  әйелі  оның  ар-ұятқа, 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
244 
намысқа тиетін, көңілге келетін, талма тұсы болса, онда әйелінің «өмір бойы айнымаған асыл жар» 
болғаны күмәнді болып шығады. Соған орай, «жанды жер» тіркесі екұшты, тіпті, комикалық мағына 
беріп тұр. Бірақ, мақала комика тудыру мақсатында емес, Шоң бидің ұлағатты істерін көрсету үшін 
жазылған.  Автордың  осылай  «жанды  жер»  тұрақты  сөз  тіркесінің  мағынасын  және  тілдік 
бірліктердің өзара әсерін есепке алмағаны қосмәнділіктің туындауына негіз болған [3, 605 б.]. Тағы 
да бір мысал:  Қанат күшін көрсеткісі келгендей шіреніп қалып еді, тақымында келе жатқан көк 
шолақ  бес  атары  жанды  жерін  ауыртып  кетті  (Ә.Әбішев).  Мұндағы  көк  шолақ  сөзінің  бір 
қарағанда Қанаттың астындағы аты екені немесе бес атарының анықтауышы екені белгісіз. Сондай-
ақ,  «Егемен  Қазақстанның»  2011  жылдың  16  ақпанындағы  санында  «Йеменнің  астанасы  Сана 
қаласында манифестанттардың полициямен және ел президенті Абдолла Салехтың жақтастарымен 
қақтығыстар  қайта  жалғасты.  3  мың  қаралы  наразылар  ел  астанасындағы  басты  алаңға  келіп, 
президенттің отставкаға кетуін талап етті» деген ақпарат жарияланған. Осындағы «қаралы» сөзінің 
болжалды сан есімді немесе қайғылы деген мағынаны білдіріп тұрғаны белгісіз. 
Редактор  –  материалдың  алғашқы  оқырманы.  Тәжірибелі  редакторлар  мәтінді  өз 
қабылдауының негізінде-ақ мәтінді бір оқығаннан-ақ түсінуге болатынын немесе оның мәнін түсіну 
үшін қаншалықты еңбектену керектігін, яғни қайта оқу барысында мәтінді толық оқу керек пе, әлде 
оның  кейбір  бөліктеріне  ғана  көз  жүгірту  керек  пе  –  деген  мәселелерді  алдын  ала  тұжырымдай 
алады.  Алайда,  қарапайым  оқырманға  қарағанда,  редактор  оқырманның  сөз  шығармашылығына 
реакциясын болжай отырып, ол жазбаша немесе ауызша хабарламаның ең маңызды психологиялық 
ерекшеліктерін және ақпараттың шығу көзінің сенімділігін саналы түрде көре білуі тиіс. 
БАҚ, жарнамалар мен паблик рилейшнз мәтіндері үшін мәтінді алғашқы қабылдау факторы 
аса  маңызды  болып  табылады.  Онда  материалдарды  тұтас  қабылдау  мен  оның  жекелеген 
фрагменттерін қабылдау да ерекше маңызды (оның ең кіші бөлшегі мағыналық және стилистикалық 
элемент ретінде қолданылатын сөз болып табылады). 
Мысал  үшін  кейбір  жарнамалардың  орысшасы  мен    қазақшасын  салыстырып  көрейік: 
«Спать  можно со вкусом»  –  «Ұйықтасын дәммен мүмкін» (Өскемен қ.), «Техника без помеха» – 
«Кедергісіз  техника»  (Тараз  қ.),    «И  один  в  поле  воин»  (киноның  аты)  –  «Тіпті  өрісте  де 
жауынгер»  (Алматы  қ.),  «Пусть  улыбка  сияет  здоровьем!»  –  «Күлкі  денсаулықпен  болса 
жарқырасын!»,  «Мне  18,  я  голосую»  –  «Маған  18,  мен  сайлаймын»  (Алматы  қ.),  т.б.  Егер  бұл 
мәтіндер  оқырманға  жеткенге  дейін  білікті  редактордың  қолынан  өткен  болса,  олар  оқырманның 
мысқыл күлкісін туғызбас еді. 
Бұқаралық ақпарат құралдары тәжірибелі редакторларының айтуынша: «егер мәтін алғашқы 
оқығаннан ең болмаса бір адамға түсініксіз болса, онда ол көптеген оқырманға түсініксіз болады». 
Мұндай  «бір»  адам  көбінесе    оны  жариялауға  дайындайтын  редактор  болып  шығады,  сондықтан 
оның кәсіби міндеті – мәтіннің түсініксіз болу себебін анықтау. Ал себептер әртүрлі болуы мүмкін: 
мағыналық, яғни тақырыптың анықсыздығы, автор ойының шатасуы, стилистикалық, яғни баяндау 
тәсілі  автордың  ойына  кіріп-шықпаған  ассоциацияларды  ұсынып,  оның  тұжырымдарын  басқаша 
түсінуге итермелейді. Мысалы, Тыныш жүре алмайтын мұғалім – деген тақырыпты оқығанда сізде 
қандай ассоциация пайда болады? Осы сұрақ қойылған студенттердің басым көпшілігі «арызқой, әр 
нәрсеге  ұрынып  жүретін  жағымсыз  мұғалім»  деп  жауап  берді.  Ал  мақала,  шынында,  Қаскелең 
ауданындағы  бір  мектептің  тыным  таппайтын  ізденгіш,  тәрбие  сағаттарын  өткізу  үшін  Халық 
Қаһарманы  С.  Нұрмағамбетовты,  т.б.  көрнекті  қоғам,  мемлекет  қайраткерлерін  оқушылармен 
кездесуге шақырып жүретін жағымды мұғалімі туралы жазылған. 
Мәтіннің мазмұны мағынасы мен граматикалық сөйлемдері арқылы байланысқан сызықтық-
тізбекпен  өрістейді, алайда  ол  иерархиялы  (төменнен  жоғары қарай  бағынады),  яғни  оның  негізгі 
және қосалқы элементтерді қамтитын мағыналық құрылымы болады. Әрдайым, ондағы басты ой –  
тақырып: тақырыптың мазмұнын әртүрлі қырынан ашып тұратын ойлар – бірнеше тақырыпшалар; 
тақырыпшаларды  нақтылайтын  ойлар  –  субтақырыпшалар.  Мағыналық  құрылымның  күрделілігі 
тақырыптың, стильдің, жанрдың, мәтін көлемінің ерекшелігіне байланысты болады. 
Тақырыптың анықсыздығына қатысты «Егемен Қазақстанның» 2010 жылдың 13 шілдесіндегі 
нөмірінде жарияланған «Бәрекелді, Бейбіт!» деген шағын мақалаға назар аударайық: 
Бәрекелді, Бейбіт! 
«Халқымызда «Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды» деген мәтел бар. Оның мазмұны 
бүгінгі қозғап отырған әңгімемізге дөп келгендей. «Егеменнің» Батыс Қазақстан облысындағы меншікті 
тілшісі Темір Құсайын «Ешкі сүтіне де елеп қарайық» деген тақырыппен көкейде жүрген ділгір мәселені 
қозғап  отыр.  Мал  шаруашылығымен  етене  араласып  өскен  ауыл  баласымыз.  Халқымыз  ешкі  малын 
қойдан бөле-жара қарамаған. Қазақ ұғымында қой мен ешкі қатар айтылып, әспеттеліп келген. Керек 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
245 
десеңіз, кедей болсаң ешкі бақ  деп нақтылай ескертіп те өтеді. Қазірде ауылда еңбек ететін шаруаның  
ешкі малын елемей келе жатқанын көзіміз көріп жүр. Біз балалық шағын көрмеген кешегі алапат соғыс 
кезінің ұрпағымыз. Иә, сол сұрапыл жылдарда менің шешем тауда колхоз малын бақты. Ал мен өзім 
болсам ауылда Сұлухан деген апаның қолында өстім. Үйде жесір әйелдің жалғыз  қызы Айман,  жағал 
ешкі және мен, үшеуміз ғанамыз. Таңдайға басар түйір жоқ, талғажау ететін тамақ жоқ. Бір күні жаңағы 
жағал ешкі лақтады. Жалғыз емес, егіз лақ. Айман екеуміз қуанып қалдық, аузымыз аққа тиді. Сұлухан 
ана ешкінің сүтіне талқан шылап, көже жасап  беретін болды. Қуанышта шек жоқ. Көктемде мал жаппай 
төлдеді де аузымыз аққа тиді. Сол жағал ешкінің тәтті сүтінің дәмі әлі күнге дейін ауыздан кетпейді. 
Кейінірек шаруашылықтарда ангор ешкісін өсіру көбейді. Өте өсімтал мал. Жібек жүні, түбіті қолғап,  
байпақ  тоқуға  қандай  әдемі,  жып-жылы.  Тіпті  сол  ешкінің  жүнін  сатып  алмақ  болып  бір  қиырдағы 
Кавказдан келген тұтынушыларды да көргеніміз бар. Кейінірек, неге екені белгісіз, сол ангор ешкінің 
тұқымы азайып кетті. 
Телехабардан  Францияда  ешкі  малы  көптеп  өсірілетінін  көргенім  бар.  Тіпті  ешкі  сүтінен 
ірімшіктің  70  түрі  өндіріледі.  Сыртқа  тауар  ретінде  де саудалайды  екен.  Демек,  пайдалы  болғаны 
ғой.  Ал  бізде  ше?  Неге  ұмыттық?  Осы  шаруаны  қолға  алып  отырған  кәсіпкер,  атомшы  Берік 
бауырыма  жол  болсын  деймін.  Шаруаны  дөңгелентіп,  пайдалы  кәсіпке  айналдыратынына 
сенімдімін. Ауылдағы ағайындар біз де ойланайық». 
Көріп  отырғанымыздай,  мұнда  Бейбіт  деген  есім  мүлде  жоқ.  Олай  болса,  бұл  мақаланың  неге 
бұлай  аталғаны  түсініксіз.  Бұл  жердегі  Бейбіт  пен  Берікті  ауыстырып  алған  автор  болуы  да  мүмкін, 
алайда редактор осындай сәйкессіздіктерге ерекше назар аударуы тиіс еді. Тіпті, мақаланы «Бәрекелді, 
Бейбіт» деп атағанның өзінде де, біздің ойымызша, ол мақала мазмұнына толық сәйкес келмейді. 
Мәтін,  әсіресе,  ақпараттық  мәтін  бір  рет  оқығаннан  кез  келген  оқырманға  түсінікті  болуы 
тиіс, егер ол бір оқырманға түсініксіз болып, оны қайта оқуға тура келсе, онда ол – сәтсіз құрылған 
мәтін. Төмендегі мәтінді оқып көрейік: 
«Тегі  түрік  Анахарсистің  анасы  грек  қызы  болған:  өз  тілімен  қатар  грек  тілін  жете 
меңгерген  ол  елінен  терезесі  тең  адам  таппай  Грекияға,  Солон  атты  философты  іздеп  барып: 
«Мен саған дос болайын деп келдім», – дейді. Бұл мәтінді бір оқып шыққан оқырманның Грекияға 
барып, дос іздеп жүрген адам Анахарсистің өзі емес, анасы екен деп түсініп қалуы мүмкін. 
Енді  мына  мәтінге  назар  аударсақ:  «Мемлекеттік  білім  стандарты  жоғары  білімді 
мамандар даярлауға құрылған оқу орындары келешек инженерлер өз саласында тілдік қолданысты 
игеру, негізгі кәсіби грамматикалық сөздікке, ресми-іскерлік, ғылыми стильге құрылған тілін игеріп 
жатырған  елдің  мәдениеті  мен  дәстүрін  білуге  бағдар  жасайды».  Бұл  мәтінде,  біріншіден, 
автордың ойы түсініксіз, екіншіден, бірнеше сөз қайталаулар (құрылған, игеру) мен грамматикалық, 
стильдік  қателер  кездеседі.  Сондай-ақ,  «Тахир  Қасымханның  туған  ағасы,  өмірін  Мұхаммед 
Шайбаниге қарсы күреске арнаған, қазақтар арасында аса беделді Әдік сұлтанның ұлы болатын» 
(Ана тілі) деген сөйлемді бір оқыған адам Тахирді Қасымханның ағасы екен деп қалуы мүмкін. 
Мәтіннің өзара мағыналық байланысы бар екі элементі  бір-бірінен тым алшақ тұрса, біздің 
есте сақтау қабілетіміздің шектеулі көлемі бұл байланысты түсінуге қиындық тудырады. Мәтіннің 
өзара мағыналық байланысы бар фрагменттерінің мәтін ішінде қатар тұрғаны дұрыс. Сондықтан да 
редактор егер мәтіндегі сөз нақтылауды қажет етіп тұрса, оның екі жақты мағына туғызуына жол 
бермей  бірден  түзету  керек.  Теледидарда  жаңалық  жүргізушісі:  «Атышулы  директордың 
орынбасары әлі де өз орнында отыр. Оны орнынан түсіруге он алты мектептің мұғалімдері  қол 
қойған», – деген ақпар беріп тұр. Бұл мәтіннен біз «атышулы директор» мен «он алты мектептің 
мұғалімдері»    туралы  ақпаратты  тыңдап  отырмыз.  Алайда,  толық  мәтін  мен  сюжетке  қарасақ, 
ақпараттың мектеп директорының «атышулы орынбасары» мен оның жұмыстан кетуін талап етіп 
арыз  жазған  «бір»  мектептің  «он  алты»  мұғалімі  туралы  екенін  ажыратамыз.  Тағы  бір  мысалға 
көңіл  бөлейік:  Кезінде  қаймана  қазақтың  намысын  жыртқан,  ұлтына  ұпай  әперген  алтын 
асықтай  ұлдарын  іздеп,  редакциямызға  қоңырау  шалушылар  көп  (Жас  Алаш).  Бір  қарағанда  бәрі 
дұрыс  сияқты.  Алайда,  мұндағы  қаймана  сөзіне  «Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігінде» 
«танымайтын, бөтен, бөгде» деген түсінік [2, 454 б.] берілген. Олай болса, бұл сөздің осы мәтінде 
қолданылуы еш қисынсыз. Өйткені, бөтен, танымайтын біреудің намысын жыртқан адамдарды кім 
іздейді. Бұны да редактордың өз жұмысына салғырт қарағанының нәтижесі деп бағалауға болады. 
Редактор  мәтінді  оқу  барысында  оның  кез  келген  бөлігінде  дәлсіздік  пен  қателіктің  ұшырауы 
мүмкін екенін естен шығармау тиіс. Мысалы: Оралкүлдің тобасы менің Анамдікі сияқты аузында емес, 
жүрегінде.  Обал-сауап  десе,  қамқорлық  десе,  елпілдеп  тұрады.  Қандай  да  бір  қайырымды  шаруада 
қабағын  шытып,  қарсы  келмейді  (А.  Майлыбаев).  Бұл  жерде  автордың  айтпақ  ойы  –  Оралкүлдің  де, 
анасының да тобасының ұқсастығында, яғни олардың тобасының жүрегінде екені туралы. Алайда, мәтін 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
246 
анасының  тобасының  аузында  екенін  көрсетіп  тұр.  Өйткені,  сөйлемнің  құрылымдық  жүйесі  соған 
итермелеп тұр. Бұл жерде редактор мен автор қырағылық танытпаған, егер олар «сияқты» сөзінен кейін 
үтір қойса, онда сөйлемнің мәні мүлдем өзгеріп, автордың ойын дәл берер еді. Тағы бір мысал: «Біздің 
университеттерде  білім  алу  үшін  поляк  тілін  білу  міндетті  емес.  Ағылшын  тілінде  оқытатын 
мамандықтар  да  бар.  Студенттермен  алмасу  екі  жаққа  да  тиімді  болмақ»,  –  деді  Қазақ 
гуманитарлық  заң  университетінің  ректоры  Сергей  Ударцевпен  кездесу  барысында  «Перспектива» 
білім беру қорының президенті Вальдемар Сивински (ЕҚ). Бұл сөйлемдегі төл сөздің кімге тиесілі екенін 
бір оқығаннан ажырату қиын. Сондықтан редактор сөйлем құрылымына дұрыс көңіл бөлуі тиіс. 
Мәтіннің негізгі түйінін анықтау үшін, онымен алғашқы танысқанда-ақ, бөліктердің бір-бірімен 
қалай байланысқанына назар аударған пайдалы. Немесе, сондықтан, сондықтан да, бірақ, соған сәйкес, 
т.б.  шылауларды  дұрыс  қолданбау  –  логикалық  ойлаудың  бұзылуының  бірден-бір  себебі.  Төмендегі 
мысалдарға назар салып көрейік: Менің айтқандарымның бәрі ешкімге де әсер етпей, бірақ өзімді-өзім 
қинадым  (Қаз.әйел.).  Еліміздің  намысын  қорғап  жүрген  «Астана»  велоклубы  әзірше  жақсы 
нәтижелерімен  қуанта  алмай  отыр.  Алайда,  белгілі  велошабандоз  Л.  Армостронг  екінші  турда  45-
орыннан  көрінді.  Бұл  қазақстандықтардың  ішіндегі  ең  үздік  көрсеткіш.  Мұндағы  бірақ,  алайда 
қарсылықты  шылауларының  қолданылуының  ешбір  логикаға  келмейтіні  анық  көрініп  тұр.  Мәселен, 
бірінші  сөйлемде  мағыналық  тұтастық,  сөйлемнің  мәні  бойынша  сондықтан,  сол  себептен  шылауы 
қолданылуы  тиіс  болса,  екінші  және  үшінші  сөйлемдерді  байланыстырушы  қызметін  атқарып  тұрған 
алайда  шылауы    әлемдегі  ең  үздік  велошабандоздардың  бірі  Л.  Армостронгтің  45-ші  орнын  жоғары 
нәтиже ретінде түсінуге итермелейді. 
Тағы бір мысалға назар аударайық:  
«Бір дана досына: 

 
Біз отырған мына бөлмені жақсылап қарап шық та, осындағы қара түсті заттарды есіңе 
сақтауға тырыс, – депті.  
Бөлмеде қара түсті заттар өте көп болғандықтан досы тапсырманы тез орындапты («Ақ 
жол»). Бұл үзіндідегі «Бөлмеде қара түсті заттар өте көп болғандықтан досы тапсырманы тез 
орындапты»  деген  сөйлемде,  біріншіден,  пунктуациялық  қате  болса,  екіншіден  шылаудың  дұрыс 
қолданылмауына байланысты сөйлемнің екі компоненті бір-біріне қарама-қайшы келіп тұр. 
Мерзімді  басылымдардағы  мәтіннің  анықтығы,  дәлдігі,  мәнерлілігі  мен  түсініктілігі  үшін 
қарапайым  лексика-грамматикалық  және  стилистикалық  нормаларды  сақтау  –  үнемі  назарда 
ұстайтын мәселе. Өйткені тіл бір рет қалыптасып, бір орнында тұрақты қатып қалатын зат емес, ол 
ұдайы  даму,  жетілу  үстінде  болатын  құбылыс.  Оның  дамуына,  жетілуіне  бұқаралық  ақпарат 
құралдарында  дұрыс  қолданылған  жаңа  сөздер,  сөз  тіркестері,  синтаксистік  құрылымдар,  сәтті 
аударылған  терминдер  мен  атаулар  да  әсер  етеді.  Сонымен  қатар,  мерзімді  басылымдарда  кейде 
тілдің  грамматикалық,  стилистикалық  нормаларына  сәйкес  келмейтін  сөздер,  сөз  формалары, 
сөйлемдердің де жалпы халықтық кең қолданысқа еніп кетуі жиі кездеседі.  
Бұқаралық  коммуникация  жағдайында аудиторияның сөз шығармашылығын  психологиялық 
қабылдауының  тағы  бір  коммуникативтік  ерекшелігі  –  оның  мәтінмен  таныстығының 
міндеттелмеуі.  Сондықтан  да  көпшілік  БАҚ  материалдарымен  көбінесе  іс  арасында,  яғни  – 
жұмыстан қайтып келе жатқан жолда, тамақтану үстінде, теледидар қарай отырып газет беттеріне 
көз жүгірту арқылы және т.б. үстірт жағдайларда танысады да, өзіне қажет емес артық, қызықсыз 
мәліметтерді  бірден  лақтырып  тастайды,  ал  қызық жерлерін  көз  жүгіртіп  қана оқиды. Сондықтан 
да6  редактор  мәтінді  талдау  барысында  әлеуетті  оқырман  ретінде  осы  жағдайларды  ескеруі  тиіс. 
Нақтырақ  айтқанда,  редактор  мәтіннің  мағыналық  қырларының  дұрыс  қойылуына,  оқырман 
назарын аудара алуына, баяндау тәсілінің оқырмандардың қызығушылығын арттырып, эмоциясына 
әсер  етуіне,  баяндалған  оқиғаларға  олардың  қатысуы  мен  жанашырлық  сезімін  оятуына  ерекше 
көңіл бөлуге тиіс. Бұған редактордың тілдің стилистикалық қорын терең білуі зор мүмкіндік береді. 
Бұқаралық  комуникация  мен  тіл  білімі мамандарының  жұмысы  барысында  БАҚ  мәтіндерін 
этика тұрғысынан бағалау жиі ұшырасады.  Кез келген автор өз аудиториясын сыйлауы тиіс, ашық 
жария  (публичный)  қатынас  барысында  ғасырлар  бойы  қалыптасып,  ұлт  менталитетінен  көрініс 
тапқан  этикалық  нормаларды  сақтауы  тиіс.  Тақырып  пен  оларды  беруде,  тілдік  құралдарды 
таңдауда  адамгершілік  талаптарын  ешуақытта    естен  шығармау  керек.  Алайда,  бұл  талаптар  жиі 
бұзылады. Бұл БАҚ тілінің саналы түрде дөрекіленуінен (сондықтан да, кейбір зерттеушілер тілдің 
жабайылануының  (варварлануының)  кезекті  толқыны  жүріп  жатқаны  туралы  айтып  жүр),  мәдени 
жетістіктер  мен  тарихи  деректердің  төмендетілуі  мен  кемсітілуінен,  рухани  құндылықтардың 
қадірін кетіруден, шындықты саналы, жүйелі, еш қымсынбай бұрмалауынан көрінеді. 
Мәтінді өзі құрамдас бөлігі болып табылатын коммуникациялық жүйеден тыс қарастыру оны 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
247 
түсініксіз үзінділерге алып  келеді. Оның  мазмұнында  сөз мағыналарының  түрлі қырлары жатады, 
оқырман ол қырларды мәтінді қабылдау барысында ашып, түсіне білуі тиіс. Мәтінді дұрыс түсіну 
үшін не оқырманның соған қажетті білімі болуы қажет, не алдыңғы баяндаулар оған қажетті бағыт-
бағдар  беріп,  сөз  мағынасының  дұрыс  ашылуына  көмегін  тигізуі  қажет.  Егер  бұл  шарттар 
орындалмаса, онда автор мен оқырмандардың арасында түсіністік болмайды. Сондықтан да, мәтінді 
дайындау барысында бұл ерекшелікке аса мән берілуі тиіс.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет