Жылқының шығу тарихы мен тегі. Классификациясы. Конститутциясы. Жылқы түрлері. Қазіргі жай күйі



бет4/5
Дата15.11.2023
өлшемі1,4 Mb.
#123051
1   2   3   4   5
Байланысты:
jylqy

Мұғалжар жылқысы – қазақтың жабы жылқысынан шыққан. Жабы жылқысының шыдамдылығы мұғалжар жылқысында қалған, етті тұқым. Салмағы 100-150 келіге жетеді. Сүттілігі де бар. Оның қасиеті сол. Біздің Қазақстан бүкілодақтық сауда ұйымына кіргелі жатыр. Осыған кіргенде жылқы еті бағаланады. Мысалы, Франция халқының 30 пайызы жылқы етін жейді, Италияға да жылқы еті таңсық емес, олар есекке дейін жейді. Бірақ бұл елдерде біздің жылқыдай тұқым жоқ. Екі арнайы мамандандырылған ет пен қымыз өн­діретін тұқым бар жалғыз мемлекетпіз. Ол – көшім мен мұғалжар тұқымдары. Қазір тағы бір тұқым шығаруды іске асырудамыз. Жұмы­сымызды Үкіметке айтып та, жазып та жатыр­мыз. Жылқы өнімдерін сыртқа шығаруды қолға алсақ, шетел қандай ет жейді, әсіресе, мұғалжардың етін бір жесе, ауызынан дәмі бір жыл кетпейтінін білер еді. Табиғи жайылымда жайылған жылқының еті экологиялық жағы­нан таза. Француздар мен итальяндықтар ипподромдарда шауып, аяғы сынған жылқыны сойып жей береді. Сондай-ақ ол елдерге поляктар кәрі биелерді бордақылап сатады.
Ахалтеке. Бұл тұқым араб жылқысынан бұрын шығарылған және ең ескі тұқым болып саналады. Ол осы күнгі түркімен жылқысының ұрпағы. Ахалтеке жылқысы Түркімен республикасындағы жылқылардың негізгі түрі. Бізде сол тұқым Жамбыл облысындағы «Луговой» жылқы заводында, республикамыздың кейбір колхоз-совхоздарында өсіріледі. Күй талғағыш, сымбатты, әсем келеді. Басы ашаң, мойны ұзын, тік (кейде бұғы мойындысы да кездеседі), шоқтығы биік, арқасы жұмсақ, жоны ұзын, тұтас сауырлы, жіліншіктері жіңішке, топайлары дөңгелек, тұяқтары берік. Артқы аяқтары қайқылау, терісі жұқа, жалы жібектей жұмсақ болады. Басқа жылқыдай емес жайылымда баққанды ұнатпайды, қатты суықты көтере алмайды, сүйектері жұқа жаратылған. Ал жазғы шөл, шөлейт жерлерге мініске өте төзімді, жүйрік болады.
Жылқы шаруашылығындағы селекциялық жетістіктер
Жылқы малының 2 тұқымы (көшім - 1976, мұғалжар – 1998) мен 1 тұқымдық сүлесі (қабы етті сүлесі - 1995) шығарылған.
Мұғалжар тұқымының қожамберді (2009) және құланды (2010), тұқымдық сүлелеріне, қазақтың жабы жылқыларының селеті зауыттық сүлесі (2010) мен оның 3 зауыттық желілеріне, қазақ жылқылары адай тармағының 3 зауыттық желілеріне (2008) инновациялық патенттер алынды. Олар тірідей салмақ көрсеткіштері бойынша, бастапқы тұқымдар мен тұқым стандарттарынан 25- 60 (10-17%) және 15-40 кг-ға (10-17%) басым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет