Жылқының шығу тарихы мен тегі. Классификациясы. Конститутциясы. Жылқы түрлері. Қазіргі жай күйі



бет5/5
Дата15.11.2023
өлшемі1,4 Mb.
#123051
1   2   3   4   5
Көшім жылқы тұқымы 1976 ж. қазақтың жергілікті жылқыларын зауыттық тұқымдармен күрделі өндіре будандастыру арқылы шығарылған. Тұқымдық айғырлардың орташа тірідей салмағы 590 кг, биелердікі - 510 кг. Тұқым бойынша айғырлары мен биелерінің орташа салмағы тиісінше 615 және 535 кг болатын, жоғары өнімді Крепыш, Гром, Бахус, Хитрец және Байкал зауыттық желілері шығарылды:. Олардың негізінде көшім тұқымының ақтөбе зауыттық сүлесі шығарылған. Ересек биелердің ет өнімділігі - 285 кг, сойыс шығымдылығы - 56,4%.
2010 жылы Павлодар облысының «Алтай Қарпық» жылқы зауытында қазақтың жабы жылқыларын таза қанды өсіру негізінде ұзақ жылдар бойы жүргізілген асылдандыру жұмыстарының нәтижесінде, 3 зауыттық желіден (Браслет, Задорный және Памир) тұратын селеті зауыттық сүлесі шығарылды. Айғырлар мен биелердің орташа салмағы тиісінше 502, 458 кг-ға тең. Жылқыларды 2,5 жасында сойғанда алынатын ұшалардың орташа салмағы - 227 кг сойыс шығымы 57,4% болады. Биелердің сауым маусымындағы (105 тәулік) орташа сүт өнімділігі - 1701 кг.
Мугалжар тұқымы қазақтың жабы жылқыларын таза тұқымды өсіру және асылдандыру арқылы 1998 ж. шығарылған. Айғырлары мен биелерінің орташа салмақтары 510 және 480 кг-ға тең. Тұқым бойынша, 8 зауыттық желілерден тұратын, келісідей 3 тұқымдық сүле шығарылған: ембі, қожамберді және құланды. Тұқымдық сүлелер айғырлары мен биелерінің орташа салмағы 535 кг және 490 кг-ға тең.
Назарларыңызға
рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет