Жылқының шығу тарихы мен тегі. Классификациясы. Конститутциясы. Жылқы түрлері. Қазіргі жай күйі



бет2/5
Дата15.11.2023
өлшемі1,4 Mb.
#123051
1   2   3   4   5
Байланысты:
jylqy

Адай жылқысы – салт мінілетін қазақ жылқысының бір тұқымы. Бұл жылқының эволюциялық даму жолы өте күрделі. Мініске шыдамдылық, желігіштік және бірқатарының теңбіл көк түсті болып келуі араб тұқымды жылқыларға ұқсастығын, ал қарабайыр, қазанат – жүрдектігі жағынан Түрікмен жылқысы – Ахалтекенің белгілері бар екенін көрсетеді. Суық пен ыстыққа төзімді, қысы-жазы жайылымда жүріп, күтім талғамайды. Адай жылқысының мойны қысқа омыраулы, арқасы түзу, сауыры солыңқы, жуан жіліншігі етсіз, мықты құйма тұяқты болып келеді. Шоқтығының биікт. 140,3 см, тұрқы 142,7 см, кеуде орамы 163,3 см, жіліншіктің орамы 17,6 см. Еті жоғары сапалы, ет түсімі – 52 – 58%. Тәулігіне орта есеппен 8 – 11 л сүт сауылады. Жүйріктері ұзаққа шабады, 40 – 50 км-ге шаршамай еркін жетеді. Адай жылқысы Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында өсіріледі.
Қостанай жылқысы – жылқы тұқымы.
Тарихы
Қазақстанның Қостанай, Майкөл және Ресейдің Троицк жылқы зауыттарында күрделі будандастыру (қазақ жылқысының биесін қалмақ, дон, стрелец, орлов-растопчин, ағылшын-араб, таза қанды салт мініс жылқыларының айғырларымен зауыттық будандастыру) нәтижесінде шығарылды. Жеке тұқым ретінде 1951 жылы тіркелді. Қостанай жылқысы негізгі, мініс, дала жылқысы деп үш тұқымдық топқа бөлінеді.
Биологиялық сипаты
Бітімі дала жылқысына тән, шымыр, сүйегі ірі, бұлшық еттері жақсы дамыған, аяғы сіңірлі, тұяғы берік.
Айғырларының шоқтығына дейінгі биіктігі 159 – 160 см, тұрқының ұзындығы 161 – 163 см, кеуде орамы 185 – 187 см, жіліншік орамы 20 см; биелерінде тиісінше 155,4; 156,2; 185,2; 19,5 см. Мініске де, жегіске де төзімді.
Жүйріктігі 1600 м-де 1 мин 40,4 с; 2400 м-де 2 мин 38,4 с.
Түсі, көбінесе жирен кейде торы, құла, қара болып келеді.
Қазақ жылқысының биесімен Қостанай жылқысының айғырынан туған құлын ірі әрі мініске, жегуге көнбіс. Құлынын енесінен 6 – 7 айлығында бөлектеп, 1,5 жасынан бастап мініске үйретуге, 2 – 4 жасында бәйгеге қосуға болады.
Қостанай жылқысы. Бұл жылқы Қостанай облысының «Қостанай» мен «Майкел» жылқы заводтарында және облыстың колхоздарында, сонымен қатар, Челябі облысындағы «Троицк» жылқы заводында, жергілікті қазақ жылқылары таза қанды, салт мінетін дон жылқыларымен будандастырылған. Бұл жергілікті жердің ауа райы мен азықтандыру жағдайына жақсы бейімделген. Қостанай жылқысының басы орташа, мойны түзу, ұзындығы орташа, шоқтығы етті, алқымы кең, арқасы жалпақ, жауырыны мен қабырғалары ұзын, аяқтарының сіңірлері шығыңқы, шашасы шағын, топайлары орташа, тұяқтары дөңгелек, әсем келеді. Өте жүрдек, күшті және төзімді, Салт мінуге де, жегуге де қолайлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет