«Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы


-бап. Жылумен жабдықтау шарты



бет12/14
Дата06.09.2023
өлшемі40,21 Kb.
#106285
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Жылу энергетикасы туралы

21-бап. Жылумен жабдықтау шарты
1. Жылу энергиясын тұтынушылар жылу энергиясын және (немесе) жылу тасығышты жылумен жабдықтаушы ұйымнан жылумен жабдықтау шарты бойынша сатып алады.
Тұтынушы жылумен жабдықтау шартын жылу желілеріне тұтынушының жылу тұтынатын қондырғылары немесе жылу желілері тікелей немесе жылу беруші ұйымдардың жылу желілері арқылы қосылған жылумен жабдықтаушы ұйыммен жасасады.
2. Тұтынушымен жылумен жабдықтау шарты онда жылумен жабдықтаушы немесе жылу беруші ұйымның жылу желілеріне заңнамада белгіленген тәртіпте қосылған қажетті жабдығы және жылу энергиясын есепке алу аспаптары болған жағдайда жасалады.
3. Жылумен жабдықтау шарты жазбаша нысанда жасалады.
4. Жылумен жабдықтаушы ұйым желілері арқылы тұтынушыға жылу энергиясын жеткізу жүзеге асырылуы тиіс жылу беруші ұйымдарымен шарттық қатынастарды дербес реттеуге міндетті.
Мұндай жағдайда тұтынушымен жылумен жабдықтау шартын жылумен жабдықтаушы ұйым ол жылу энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсетуге арналған шартты жылу беруші ұйыммен (жылу беруші ұйымдармен) жасасқаннан кейін ғана жасай алады.
5. Жылумен жабдықтау шартының маңызды талаптары:
1) жылу энергиясын ауаның сыртқы температурасына байланысты жеткізу кестесі;
2) жылумен жабдықтау сенімділігі;
3) жеткізілетін жылу энергиясының және (немесе) жылу тасығыштың сапасы;
4) жылу тұтыну сапасы;
5) жылу энергиясын және (немесе) жылу тасығышты есепке алу;
6) жылумен жабдықтаушы ұйымның жауапкершілігі;
7) тұтынушының жауапкершілігі;
8) жылу энергиясын және жылу тасығышты беруді шектеу мен тоқтату шарттары;
9) жылу энергиясын беру мен тұтыну режимі;
10) тараптардың теңгерімді тиесілілігін және пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы болып табылады;
11) олар болған жағдайда тұтынушының жылу желісіне қосылған қосалқы тұтынушылар туралы деректер;
12) шартты бұзу талаптары болып табылады.
Жылумен жабдықтау шартының өзге талаптары қолданыстағы заңнамаға сәйкес тараптардың келісімімен белгіленеді.
6. Табиғи монополия субъектілері болып табылатын жылумен жабдықтаушы ұйымдар тұтынушылармен жылу энергиясымен жабдықтау шартын «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі шартқа сәйкес жасасады.
7. Көппәтерлі үйлерге қатысты жылумен жабдықтау шарты үй-жайлар (пәтерлер) иелері үшін жылыту және (немесе) ыстық сумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді ұсынуға қажетті көлемде, сондай-ақ көппәтерлі үйдің жалпы мүлкін ұстау үшін (үйлер ішіндегі ысыраптарды қоса алғанда) жылу энергиясын және жылу тасығышты жеткізуді көздейді. Шарт тұрғын үйді жылумен жабдықтаушы немесе жылу беруші ұйымның желілеріне алғашқы нақты қосылған сәттен бастап үй-жайлардың (пәтерлердің) барлық иелерімен жасалды деп есептеледі.
Үй-жайдың (пәтердің) иесі ауысқан жағдайда жаңа иегер үй-жайға (пәтерге) меншік құқығы туындаған сәттен бастап жылумен жабдықтау шартын жасасты деп есептеледі.
Көппәтерлі тұрғын үйді жылумен жабдықтау шарты бойынша жылумен жабдықтаушы ұйымның міндеттемелерді орындау орны жеткізу нүктесі болып табылады, ол жылумен жабдықтаушы немесе жылу беруші ұйымның жылу желілерінің көппәтерлі үйдің жылу желілерімен теңгерімдік тиесілілігі шекарасында орнатылады.
Көппәтерлі тұрғын үйде үй-жайдың (пәтердің) иесі болып табылатын тұтынушы біржақты тәртіппен орталықтандырылған жылумен жабдықтау шартынан бас тартуға құқығы жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет