«Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы


-бап. Жылу энергиясын және (немесе) жылу тасығышты коммерциялық есепке алуды ұйымдастыру



бет6/14
Дата06.09.2023
өлшемі40,21 Kb.
#106285
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Жылу энергетикасы туралы

12-бап. Жылу энергиясын және (немесе) жылу тасығышты коммерциялық есепке алуды ұйымдастыру
1. Жылу энергиясы және (немесе) жылу тасығыш жылумен жабдықтау шарты бойынша оларды өткізу кезінде коммерциялық есепке алуға жатады.
2. Жылу энергиясын және (немесе) жылу тасығышты коммерциялық есепке алу жылу беруші ұйымның жылу желілерінің тұтынушының жылу желілерімен теңгерімдік тиесілілігі шекарасында орнатылатын есепке алу аспаптарымен өлшеу, ал есепке алу аспаптары болмаған жағдайда есеп айырысу жолымен жүзеге асырылады.
Коммерциялық есепке алу аспаптары тараптардың пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасында орнатылмаған жағдайда желінің бөлу шекарасынан коммерциялық есепке алу аспаптары орнатылған орынға дейінгі учаскедегі ысыраптар көрсетілген желі учаскесі теңгерімінде тұрған иегерге жатады.
Жылу ысыраптарына жылу ысыраптарының есебін жылу беруші ұйым тұтынушымен бірлесіп жүргізеді.
3. Жылу энергиясын есепке алу аспаптарының нүктесі жабдықталғанға дейін, сондай-ақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары жарамсыз кезінде жарамсыздық жойылғанға дейін жылу энергиясын есеп айырысу жолымен коммерциялық есепке алуға уақытша жол беріледі.
4. Жылу энергиясын жаңа тұтынушыларының жылу тұтынатын қондырғыларын жылумен жабдықтаушы немесе жылу беруші ұйымның жылу желілеріне жылу энергиясын есепке алу аспаптарының нүктелері жабдықталғанға дейін қосуға жол берілмейді.
5. Тұтынушылардың жылу тұтынатын қондырғылары жылумен жабдықтаушы ұйымның жылу энергиясына есеп айырысу үшін қажетті есепке алу аспаптарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Жылу энергиясын есепке алуды ұйымдастыру, жылу энергиясын және (немесе) жылу тасығышты есепке алу тораптарының техникалық жай-күйі нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына жауап беруге тиіс.
Жылу энергиясын есепке алу үшін Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз етеу тiзiлiмiне енгiзiлген коммерциялық есепке алу аспаптары пайдаланылуы тиіс. Тексерудің оң нәтижелері, өлшеу құралдарына және немесе пайдалану құжаттамасына салынатын салыстырып тексеру таңбасының бедерімен және (немесе) тексеру туралы сертификатпен куәландырылады.
Коммерциялық есепке алу аспаптарын мерзiмдi тексеруді, жөндеуді және оған техникалық қызмет көрсетудi осындай қызмет түрiне рұқсаты бар ұйым тұтынушымен жеке шарт бойынша жүргiзедi.
6. Коммерциялық есепке алу аспаптарын тексеру аспапқа тексеру аралығындағы аралыққа сәйкес тексеру әдістемелерінде көрсетілген мерзімде, сондай-ақ олардың көрсеткіштерінің дұрыстығы күмән туғызған жағдайда мүдделі тараптарының бірінің өтініші бойынша жүргізіледі.
7. Тұтынушы коммерциялық есепке алу аспаптарының ақаулылығын анықтаған жағдайда тұтынушы энергия берушi немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымға хабарлайды.
8. Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерiн алуды жылу энергиясын есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалануды қоспағанда, жылу беруші ұйымның өкілдері тұтынушы өкiлдерiнiң қатысуымен жүргiзедi.
Есепке алу аспаптарының көрсеткiштерiн тұтынушының кiнәсi бойынша екi есепті кезең ішінде алу мүмкіндігі болмаған кезде және бұл ретте тұтынушы өзі жұмсаған жылу энергиясының саны туралы мәлiметтi жылу берушi ұйымға өзі ұсынбаса, онда жылумен жабдықтаушы ұйым тұтынылған жылу энергиясының нақты көлемі бойынша кейінен есеп айырыса отырып, осы тұтынушының өткен жылдың осындай кезеңiнде жылу энергиясының орташа тәулiктiк шығысы бойынша есеп жүргiзуге құқылы.
9. Жылу беруші ұйымдардың тұтынушылары үшін үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын және ыстық суды жеке есепке алу аспаптарын жылу беруші ұйымдар тұтынушылармен «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған шартқа сай сатып алады және орнатады.
Үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын сондай-ақ кондоминиум объектілерін басқару органы сатып алады және орната алады.
Жылу беруші ұйым үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабын сатып алған және орнатқан жағдайда тұтынушылар табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген ол белгілеген тәртіппен есепке алу аспаптарын сатып алғаны және орнатқаны үшін төлемақыны уақтылы және толық көлемде енгізуге міндетті.
Тұтынушылар жылу беруші ұйымға үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабын сатып алу мен орнату құнын толық төлегеннен кейін осы есепке алу аспабы кондоминиум объектісінің жалпы мүлігінің құрамына ауысады.
Жаңадан пайдалануға берілетін көппәтерлі үйлерде үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын құрылыс салушы үйді пайдалануға беруге рұқсат алғанға дейін өз есебінен орнатады.
10. Кондоминиум объектілерін басқару органы не 2012 жылғы 1 наурыздан кешіктірмей жылу беруші ұйымға үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабын орнату туралы өтінішпен жүгінуге, не 2012 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабын оны өзге ұйымнан сатып алу жолымен орнатуды қамтамасыз етуге міндетті.
11. Коммерциялық есепке алу жылу энергетикасы саласындағы уәкілетті орган бекітетін жылу энергиясын және (немесе) жылу тасығышты коммерциялық есепке алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады және:
1) есепке алуды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды; жылумен жабдықтауды коммерциялық есепке алу және оның сапасын бақылау мақсатында өлшеуге жататын жылу энергиясының және (немесе) жылу тасығыштың техникалық сипаттамаларын;
2) егер аспап теңгерімді тиесілілігінің шекарасында орнатылмаған жағдайды қоса алғанда, коммерциялық есепке алу кезінде жылу энергиясының және (немесе) жылу тасығыштың санын айқындау тәртібін;
3) жылу энергиясын есепке алу аспабы болмаған жағдайда жылу энергиясының санын ғимаратқа жылу жүктемесі бойынша есеп айырысу жолымен қорғаушы конструкциялар мен жылу тұтынатын қондырғылардың нақты жай-күйін ескере отырып айқындау тәртібін;
4) көппәтерлі үйлерде жылу энергиясын коммерциялық есепке алуды ұйымдастыру тәртібі мен қағидаларын;
5) үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша ақы төлеуді бөлу тетігін қамтуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет