Ђжым жѕне ђжым арќылы тѕрбиелеу процестері


Ұжым және ұжымдық оқыту теориялары



бет5/10
Дата26.04.2023
өлшемі249,5 Kb.
#87213
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1.2. Ұжым және ұжымдық оқыту теориялары

Байқап отырсақ, қай дәуірдің педагогикасын алсақ та, оқыту процесінің ұжымға негізделетінін көреміз. Бірді-екілі әдістемелер ғана өздерін ұжымнан алшақ ұстайтын балаларды тәрбиелеуге арналған. Ал, ұжымдық тәрбие – біздің бүгінгі педагогикамызға негіз болған кеңес дәуірі педагогикасының тұғырнамасы. Кеңестік педагогтардың теориялары мен тәжірибелері ұжымға, ұжым арқылы тәрбиелеуге негізделген. Енді, осы мәселеге кеңінен тоқталайық.


Ұжым — тәрбиенің маңызды құралы. Жеке адамның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдай болуы қажет. Жеке адам өзінің нышанын жан-жақты дамыту үшін құралды, яғни мүмкіншілікті тек кана ұжымнан алады, сондықтан ұжымда ғана жеке бас бостандығы болуы тиіс делінген Ж.Б.Қоянбаевтың педагогикасында [3.].
Ұжымдарды іс-әрекеттердің түрлеріне қарай ажыратады: кәсіпшіл ұжымдар (өндіріс, творчестволық, әскери, оқу орындары), қоғамдық ұйымдар, ерікті коғамдар (ғылыми, ғылыми-насихат, әскери-спорт), өз әрекетімен істеуші ұжымдар (көркемөнерпаз, коллекционерлер коғамы) т. б.
Ұжым проблемасына педагогикалық ғылымның қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері А. В. Луначарский, Н.К.Крупская, А. С. Макаренко, П. П. Блонский, С. Т. Шацкий, В.А.Сухомлинский аса зор көңіл аударды.
А. Б. Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс. Жеке адам ұжым негізінде ғана дамиды.
Н.К.Крупская жеке адамның, дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады. Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым-қатынастарына үлкен мән берді. Балаларды ұжымда өмір сүре және жұмыс істей алатындай етіп тәрбиелеудің қажет екенін ескертті.
А. С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бір ізді педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылырын сақтауда және іс-әрекетІ, қарым-қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде творчестволық дамудың негізі болды.
А. С. Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің коғамдық бағыттылығын ерекше атады [6.].
Әрбір ұжым - бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым контактылы және негізгІ болып екіге бөлінедІ. Контактылы ұжым - бұл ұжымдық белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым — бұл контактылы ұжымдардың бірлестІгІ. Мысалы, контактылы ұжым — сынып, негізгі ұжым - мектеп. т.б.
Сонымен ұжым — бұл көзделген максатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.
В.А.Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде: «Мудрая власть коллектива», «Ұжымның құдіретті күші» т. б. баяндалды [4.].
В. А. Сухомлинскийдің пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық катынастың даму үрдісі.
Мектеп ұжымының негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар ұжымдарының типтері пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн топтары, клубтар, секциялар, оқушылардың еңбек бірлестіктері т. б. Бұлардың барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды.
Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы. Коллективизм адам мүддесінің ұжым және қоғам мүддесімен мызғымас байланыстылығын керсетеді, делінген Б.Т.Лигачевтің «Педагогика» оқулығында [9].
Адам ұжымда өз күшінің, өз қабілетінің керек екенін түсінеді. Сондықтан оларды үнемі дамытып, жетілдіріп отыру педагогикалық ұжымның оқыту және тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруына байланысты.
Оқушылар ұжымы үш даму кезеңінен өтеді. Ұжымды даму кезеңіне бөлген А. С. Макаренко [6].
Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап іс-әрекет процесінде орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдай бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғары сыныптарында болуы мүмкін.
Бұл кезеңде ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы, инициативалы оқушыларға сүйену керек. Ұжым өміріне мұндай тәсіл сыныпта белсенді жұмыс істейтін оқушылар тобын көбейтуге және балалар мен мұғалімдердің жұмысты бірлесіп істеуіне әсер етуі мүмкін.
Бірінші кезең аяқталу үшін мына мәселелердІ еске алған жөн:
— ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;
— ұжым іс-әрекетінің дамуы;
—жеке адам арасындағы қарым-қатынас іскерлік және гуманистік қатынастардың пайда болуы;
- барлық ұжым мүшелері қолдайтын болсенділер тобының бөлінуі.
Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, яғни класс жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарына көшеді. Сондықтан бұл кезеңде активпен жұмыс істеудің маңызы өте зор. Мысалы, жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс-әрекеттерін бақылау т. б.
Мұғалімнің қызметі — коммуникативтІ, яғни балалармен байланыс жасау, ұжымның жалпы өмірі үшін оқушылардың инициативасын, ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш-куатын біріктіріп нығайту.
Коллективтің бұл даму кезеңінде параллельді ыкпал жасау принципі қолданылады, яғни жеке адамға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең — бұдан былай активтік және ұжымдық (сынып) іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі фактілерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық (ұжымдық) пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі деп аталады.
Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда тілектестік, бір-біріне ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға дайын тұру, мінез-құлық нормасын сақтау, нормаға бағыну сияқты болымды касиеттер пайда болады.
Ұжым қоғамдық пікірмен силатталады. Қоғамдық пікір — бұл ұжым мүшелерінің талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікте ұжым кейбір ұғымдар және құбылыстар жайындағы пікірлерді мақұлдайды немесе кінәлайды. Демек, ұжымдық талқылау, бағалау, жариялылық, әрекеттілік — коғамдық пікірдің негізгі ерекшелігі.
Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірІ - ұжым алдындағы мақсатты — перспективаны таңдау.
Жақын перспектива — бұл күнделікті өмірде пайда болып жеке адамды әр түрлі іс-әрекетіне ынталандыру, қызықтыру. А.С.Макаренко адам өмірін шын ынталандыруды ертеңгі қуаныш, деп атады.
Жақын перспективаға жарыс, экскурсия, жексенбілік серуен, цирк, мұражай және көрмеге бару, үйірмелердегі қызықты жұмыстар т. б. жатады.
Орта перспектива — бұл перспективаға балалар лагеріне бару, жыл сайын өткізілетін сурет конкурстарына қатысу, әдебиет, эстетикалық және этикалық тақырыптарға диспут өткізу т. б. жатады.
Қашық перспектива — бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ мерзімде орындауға талаптану мақсаты. Қашық перспективаға келешек мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін жұмыс істеу немесе оқу орындарына түсу жатады.
Ұжым өмірінде дәстүрдің үлкен тәрбиелік маңызы зор. А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда, дәстүр коллективті бекітеді.
Дәстүр ұжымды нығайтады, оның өмірін толық, тұрақты, ықпалды және тартымды етеді. Ұжымның жалпы өмірінде дәстүрдің көптеген түрлерін байқауға болады, мысалы, мектеп мерекесі, конкурстар, олимпиядалар, соңғы қоңырау, артта қалған оқушыларға көмектесу, т. б. Барлық дәстүрлер үшін жалпы мәселе - ұжым өмірін байыту, аға ұрпақтың мұрасын ұқыптылықпен күтуге үйрену, ұжым абыройы үшін күресу.
Дәстүр — бұл тарихи қалыптасқан, бір буыннан екінші буынға беріліп отыратын қоғамдық өмірдегі, ұжымдағы адамдардың қатынастарын көрсететін нормалар мен принциптер.
Педагогикалық процестегі мұғалім мен балалар ұжымының өзара ықпалдастығы және өзара байланысына тоқталайық.
Балалар ұжымы және оның даму кезеңдері. Жеке тұлға және ұжым проблемаларымен философтар, әлеуметтанушылар, әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған проблеманың педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткендігінің дәлелі. Үжымның педагогикалық теориясын дамытуға П.П.Блонский, Л.С.Выготский, Н.К.Крупская, П.Н.Лепешинский, В.И.Сорока-Росинский, С.Т.Шацкий және т.б. өз үлестерін қосты.
Ұжым проблемасын зерттеушілер қазір оны зерделеудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін жасауда. Л.И.Новикова әрбір баланың тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамыту құралы ретінде балалар ұжымын басқарудың барынша тиімді жолдарын зерттеуде. Т.Е.Конникова ұсынған ғылыми бағыт ұжымның басты қызметін оқушының құлықтық дамуымен байланыстырады. Р.С.Немов, А.Г.Кирпичник өз жұмыстарында балалар ұжымының қызметін жүйелі бағалауға үлкен мән береді.
Оқушы ұжымы деп мақсатты бағытталған әлеуметтік маңызы бар іс-әрекет негізінде оқушыларды біріктірудің ұйымдастырушылық формасы деп түсініледі. Мұндай іс-әрекет оқушылар үшін ең алдымен оку іс-әрекеті болып табылады. Сондай-ақ, сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекеттердің алуан түрлілігінің де маңызы бар.
Ұжымның барлық даму сатыларында мүғалімнің алдында үнемі тәрбиелеу міндеттері түрады. Оның ішіндегі ең маңыздысы: педагогикалық жетекшілік пен оқушылардың өз-өзін басқаруын дамытуды қалай бірге алып жүруге болады?
Ұжым дамуының бастапқы деңгейінен жоғарғы деңгейге көтерілуі көп жағдайларда мұғалімнің дұрыс ұстанымына байланысты. Сонымен қатар сынып жетекшісінің оқушыларға ұжым дамуының жақын, орта және алыс (А.С. Макаренко) деп аталатын үш көрінісін түсіндіру үшін үлкен жұмыстар жүргізуі қажет. Оқушылар міндетті түрде алыс көрініс қоғам мүшелерінің жеке жоспарларымен байланысты екендігін терең түсінулері тиіс.
Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мүғалімнің кәсіби маңызды касиет-сапалары. Балалар ұжымымен жұмыс істеу үшін мұғалімнің белгілі бір кәсіби касиет-сапалары қажет. Кәсіби маңызы бар қасиеттер мәнін анықтауға бірқатар ғалымдар (А. Сатынская, В.А.Сластенин, Г.Сманова, К.Успанов және т.б.) көңіл бөлдІ. Біртұтас педагогикалық процесс теориясының негізгі зандарын басшылыққа ала отырып (Хмель Н.Д.), педагогикалық процестің іске асыруын қамтамасыз ететін тұлғаның салыстырмалы орнықты сапалары мен ерекшеліктерін, жиынтығын педагогтың кәсіби маңызды қасиеті деп санауға болады. Сонымен, біртұтас педагогикалық процестің нәтижелілігі «педагогтар-оқушылар» жүйесіндегі өзара қатынастың, ықпалдастықтың деңгейіне байланысты. "Оқушы" жүйесі үшін педагог тұлғасы қоршаған болмысты пәндендіру арасындағы делдал, ал мұғалім оқушы мен материалдық және рухани құндылықтар арасындағы делдал болып табылады. "Оқушылар" жүйесінде қарым-қатынас «педагогтар-оқушылар» жүйесінде бар қарым-қатынас салдары ретінде жасалады. Бұл болашақ мұғалімді даярлауда мектептік педагогикалық процестің кьізметін жандандыруға мүмкіндік беретін кәсіби маңызы бар сапаларды қалыптастырудың неге қажет екенін көрсетеді [5.].
Мұғалімнің ұжымшылдығы оның оқушылармен және оқушылардың бір-бірімен дұрыс өзара қарым-қатынас жасауының негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға даярлығы арқылы көрініс табады. Тұтас педагогикалық процесс теориясында бұл өзара қарым-қатынас өзара ықпалдасатын тәрбиелеуші механизм болып табылады және қызмет барысындағы ынтымақтастықтың сипатына тәуелді. Қызмет барысындағы сипатын түсіну мұғалімнің құзырына кіреді. Соған байланысты мүғалім өзінің жинақтаған білімінің негізінде балалар ұжымының кызметін ұйымдастыруға дайын болуы керек.
Тұтас педагогикалық процесс және балалар ұжымы теорияларының негізгі қағидаларына (Н.К.Крупская, Т.Е.Конникова, А.С.Макаренко, Л.И.Новиков, В.А.Сухомлинский) сүйене отырып, мұғалімге, сынып жетекшісіне оқушы ұжымын қалыптастыру бойынша тиімді жұмыстар ұйымдастыру үшін білім, біліктерді меңгерулері кажет:
І. Мұғалім іс-әрекетінің заңдылықтарының, қозғаушы күштерінің және тәрбиелеу механизмдерінің объектісі ретінде педагогикалық процестің мәні мен құрылымы туралы теориялық білімді игеруі:
2.Оқушы ұжымын қалыптастыру теориясы мен тәжірибесі және оның негіздері мен даму заңдылықтары жөнінде біртұтас түсініктің болуы;
З.Оқушы ұжымының қалыптасу жағдайы мен деңгейін диагностикалай алу, біртұтас педагогикалық процестің негізгі көрсеткіштеріне диагностиканы негіздей алу, ұжым дамуын болжау үшін диагностикалық мәліметтерді пайдалана алу;
4.Педагогикалық ықпалдастырудың негізгі құралдарын білу және оларды балалар ұжымын қалыптастыру процесінде қолдана алу.
5.Әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес жалпы мақсатқа (сабақта және сабақтан тыс уақытта оқушылардың ықпалдасу жүйесі) жетуге бағытталған оқудағы және оқудан тыс іс-әрекеттерін ұйымдастыра алу.
6.Алғашқы (сыныптық) ұжымды қалыптастыруда мүғалімнің педагогикалық жетекшілігімен ұжымда өзін- өзі басқаруды үйлестіре алу.
7. Мектепте және мектептен тыс уақыттарда алғашқы ұжымды басқа ұжым түрлерімен өзара байланыс жасауының рөлін түсіну [5].
Балалар ұжымының жағдайын зерделеу әдістемесі. Мүғалімнің диагностикалық бағдарламасының бір нұсқасында «оқушылармен ынтымақтастықта бола алу қабілеті» критерийі - қазіргі мектеп мүғалімдерінің зерттеу іс-әрекеттерінің ең жоғары деңгейі және ол өзара ықпалдастыққа үмтылдыратын жаңа тәсілдерді үнемі іздестіру, оларды қарым-қатынас жасауда қолданудың мүмкіндіктерін байқай алу, басқа адамдардың көзқарастарын түсіне білуге тәрбиелеу аз уақыт аралығында және мұғалім мен оқушының ақыл-ойын, ерік-жігерін пайдалана отырып эмоционалдық күш салуымен оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін үйлестіруді негіздей отырып қолдана алу.
Педагогтардың балалар ұжымымен кәсіби ұйымдастырылған жұмысы барысында әлеуметтік (қоғамдық) белсенділік ретінде күрделі тұлғалық қасиеттер қалыптасады. Қайта құру кезеңінде бұл қасиет ерекше маңызға ие болады, өйткені ол қоғамдық іс-әрекеттердің маңыздылығын оқушылардың санасына сіңіруін, олардың оған жауапкершілік, белсенділік, ізденімпаздық таныта отырып қатысуға дайындалуын, ұмтылуын қамтиды.
Қазіргі оқушылардың қоғамдық пайдалы жүмыстарға қатысуға оң көзқарас танытпайтындар да аз емес. Оның негізгі себебі ұйымдастырылатын жүмыстардың бірыңғайлығы, ондағы формальдылық, жұмыстың пайдасыздығының айқындығы, педагогтың өзінің қызығушылық танытпауы болып табылады. Соған байланысты оқушы белсенділігі мектепте ұйымдастырылатын жұмыстардың тиімділігіне, сұранысқа ие болуына, мұғалім позициясына, жеке қатынасына, жұмысты сауатты ұйымдастыра алу біліктеріне тікелей байланысты.
Қоғамдық тапсырмалар мұғалім тарапынан емес белсенді топ мүшелері, сынып ұжымы тарапынан берілуі тиіс.
Тапсырмалар сабақта және сабақтан тыс орындалатын жұмыстарға байланысты берілуі қажет; мүмкіндігінше ол жұмыстарды оқушылардың өздері таңдағандары орынды. Орындалған тапсырма мен оның орындалу сапасы жөнінде ұжым алдында есеп берілуі кажет.
Сынып жетекшісі үнемі оқушы ұжымымен атқарылған жұмыстарды тіркеп отыруы тиіс: ұжым, белсенді топ мүшелерінің тізімі, әрбір үжым мүшесінің сабақта және сабақтан тыс (қоғамдық) орындағын жұмыстарының тізімі (мұнда орындалған жұмыс жөнінде қашан есеп берілуі керектігі көрсетіледі), жылдық, жартыжылдық, тоқсандық, жоспар жасалады, әрбір оқушыға мінездеме жазады. Оқушылардың жетістіктерін үнемі айта отырып, оқушы тұлғасын қалыптастырудағы проблемаларға басты назар аудара отырып олармен жеке жұмыс жүргізудің маңызы өте зор.
Жинақталған және талданған материалдарын сынып жетекшісі «балалар ұжымының қалыптасу жағдайының графигі» түрінде беруіне болады. Бұл графикті талдау қажетті деңгейге жету үшін қандай көрсеткіштерді түзету керектігі жөнінде бірден мәлімет алуға мүмкіндік жасайды. Осы жұмыстардың барлығы оқушылар мен ата-аналар арасында талқылануы тиіс.
Оқушы ұжымының жағдайын диагностикалау және оқушылармен, ата-аналармен талқылау процесінде этикалық талаптардың орындалуы бойынша атқарылатын жүйелі жұмыс жүргізуде сынып жетекшісі осы ұжымның қалыптасу деңгейін көтеруге бағытталған жұмыс жүргізу бағдарламасын дайындау үшін материалдар жинақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет