Ђжым жѕне ђжым арќылы тѕрбиелеу процестері


Ұжым арқылы оқыту принциптерін іске асыру



бет8/10
Дата26.04.2023
өлшемі249,5 Kb.
#87213
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2.1. Ұжым арқылы оқыту принциптерін іске асыру

Ұжымды бірденнен құру мүмкін емес, ол үшін ұзақ уақыт керек. Осыған байланысты, ұжымның дамуы үш кезеңге бөліп қарастырылады.


Ұжымның дамуындағы бірінші кезең –тұлғалардың басын біріктіру ретінде педагогтың оқушыға деген талабы. «Үзілді-кесілді айтылған талап алғашында әрбір ұжымға керек».
Бұл талапты дамытудың екінші кезеңі –бірінші, екінші, үшінші, төртінші белсенділердің сіздің жағыңызға шығуы, сіздің төңірегіңізде саналы түрде тәртіпті қолдағысы келетін балалар мен қыз балалардың ұйымдасуы.
Ал, дамудың үшінші кезеңі – талапты ұжымның қоятын кезеңі. Бұл ұжымды қалыптастыруға сіздің тарапыңыздан жұмсалған еңбектің жемісі, дейді А.С.Макаренко [7.151-152].
Мектепте әдетте барлық оқушылар біртұтас жалпымектептік ұжымға бірігеді. Ал, жалпы мектеп ұжымына бастаушы ұжымдар –сыныптар кіреді. Сондай-ақ, белгілі бір уақыттың ішінде жұмыстар атқару үшін уақытша ұжымдар - түрлі үйірмелер, көкркемөнерпаздар ұйымы. т.б. құрылуы мүмкін.
Ұжымның тәрбиелік құрылымында оқушылардың өздерін-өздері басқару органдары – оқушылар комитеті, сынып старосталары үлкен роль атқарады.
А.С.Макаренко мен В.А.Сухомлинский және басқа да педагогтардың айтуынша, ұжымды өзін-өзі басқару органына беделді, сыйлы оқушылар кіруі керек.
Оқушылар ұжымын құру және тәрбиелеу әдістемесі екі мәселеге негізделеді:
Біріншіден, барлық оқушыларды жан-жақты және мазмұнды бірлескен жұмысқа тарту керек;
Екіншіден, оқушыларды тату және жұмыс қабілеттігі бар ұжымға біріктіру үшін бұл жұмыстарды ұйымдастыру және ынталандыру қажет.
Оқушылар ұжымын тәрбиелеудің маңызды құралы ретінде оқу және түрлі сабақтан тыс жұмыстар, оқушылардың еңбек, қоғамдық және мәдени-бұқаралық қызметі негізгі роль атқарады.
Осы жұмыстарды ұйымдастыру үрдісінде тату, ынтымақты ұжым құру мен тәрбилеуге бағытталған арнайы әдістеме қолдан керек. Бұл әдістеменің педагогикалық негізі:

  • оқушыларға талаптарды дұрыс қоя білу;

  • оқушылар активін тәрбиелеу;

  • оқыту, еңбек, көркем-эстетикалық және спортты-сауықтыру жұмыстарында тартымды перспективалар ұйымдастыру;

  • салауатты қоғамдық пікір қалыптастыру;

  • ұжымдық өмірдің оң дәстүрлерін құру және дамыту.

Ұжымдағы тәрбиелеу жұмысының табыстылығы көбіне ұжымды ұйымдастыруға жұмсалған үлестер мен сіңірген еңбекке байланысты. Ұжымды құруды ең алдымен, оқушыларға деген педагогикалық талапты шебер қоя білуден бастау керек. Оқушылармен тәрбие жұмысының ең басында педагогикалық талаптардың дұрыс қойылуы олардың тәрбиесін ұйымдастырып, олармен жұмысты жақсартады, осылайша ұжымның тіршілігі мен қызметіне бірлік пен ынтымақтастықтың элементтерін әкеледі. Ұжымды әрі қарай дамыту мен тәрбиелеуге осылайша негіз қаланады.
Педагогикалық талаптарды барлық оқушылар қолдау үшін, ең алыдмен, оқушылардың саналы тобының қолдауына ие болуыңыз керек. Сондықтан да ұжыммен тәрбие жұмысында оқушылар активін тәрбиелеуге, олардың өз бетімен дамуларына үлкен назар аудару керек.
Ұжымды дамыту көбіне ондағы қызметтің мазмұны мен қарқынына байланысты. А.С.Макаренко ұжымның қозғалыс заңын тұжырымдады: оның айтуынша, ұжым әрқашан алға жылжып, жаңа табыстарға қол жеткізуі, өз мүшелерінң дамуы мен тұлалық қалыптасуына әсерін біртіндеп күшейтуі керек. Ұжым дамуындағы кідіріс ұжымның әлсіреуіне және ыдырауына әкеліп тірейді.
Міне сондықтан да, ұжымдық тәрбиелеу жүйесінде оқушылардың алға қойған мақсаттарын ұйымдастыра білу, олардың алдына күрделі мақсаттар мен тартымды перспективалар қою үлкен мәнге ие.
Мектеп жағдайында оқушылардың алдына түрлі перспективалар ұсынылуы мүмкін. Ең алдымен, олар оқушылардың оқу жұмысын қамтуы керек. Оқу жұмысы жүйесіндегі перспектива ретінде пәндік кештерді, олимпиадаларды, т.б. шараларды дайындау және ұйымдастыруды ұсынуға болады.
Салауатты қоғамдық пікір қалыптастыру -ұжымның саналылығын дамытудың маңызды факторы болып табылады. Ойлы, саналы қоғамдық пікірдің арқасында Макаренко айтқан «параллель әрекетті» педагогика шарттары жүзеге асады. Бұл тұжырымдаманың мазмұны сол, оқушылардың арасындағы түбегейлі және саналы қатынастар оның жеке мүшелеріне тәрбиелік әсер етеді, немесе керісінше, жеке оқушының әрекеті бүкіл ұжымға үлгі болады.
Ұжымды ұйымдастыру және тәрбиелеуде дәстүрлер үлкен роль ойнайды. «Ұжымды жақсы нығайтатын нәрсе – дәстүр. Өз ішінде дәстүр орнатып, оны сақтау – тәбие жұмысындағы төтенше маңызды міндет. Дәстүрі жоқ мектеп жақсы мектеп бола алмайды». дейді А.Макаренко [16 121].
Тәрбиеде дәстүрге В.Сухомлинский де үлкен мән берген. Ұжымды тәрбиелеуде салтанатты-мерекелік дәстүрлермен қатар, оқушыларды еңбекке тәрбиелейтін, тәртіп мен мәдениетті жақсартуға жетелейтін күнделікті дәстүрлер де бар.
Дәстүрлер ұжымды дамытып, ондағы өмірдің мазмұндылығын арттырады, еңбекшілер қызметінің шекарасын кеңейтеді, оларға үлкен тәрбиелік әсер етеді, бірлігін нығайтады және өз ұжымына деген мақтанышын арттырады.
Тәрбиелеу принциптері педагогикалық әсер ету мен өзара іс-қимылмен қатар балалар мен педагогтардың бүкіл өміріне мақсатты әсер етуі мүмкін. Тәрбиелеу процесінің принциптері немесе тәрбие принциптері дегеніміз - тәрьие процесін ұйымдастыруға, оның мазмұны мен әдстеріне қойылатын негізгі талаптарға көрсетілетін ортақ ережелер, дейді ғалымдар.
Тәрбиелеу принциптеріне қойылатын талаптар [9]:
1. Міндеттілік. Тәрбиелеу принциптері дегеніміз - жай ғана кеңес емес, ол міндетті түрде және толық жүзеге асырылуды қажет ететін талап. Принциптерді қатаң бұзу, талаптарды орындамау тәрбиеу процесінің тиімділігін төмендетіп қана қоймайды, сондай-ақ, оның тұғырнамасына нұқсан келтіреді. Принцип талаптары бұзушы тәрбиешіні басшылық қызметтен алыстатуы мүмкін, ал, ғуманизм, жкетұлғаны сыйлау сияқты принциптерді бұзған педагогтар сотқа тартылуы да мүмкін.
2. Кешенділік. Біз айтып отырған принциптер тәрбие процесінің барлық жалпыға бірдей, бір кезекде қолданылатын кешенділік талаптарынан тұрады. Яғни, принциптер тізбектеліп емес, барлығы бірдей, жаппай пайдаланылады.
3. Тең мәнділік. Тәрбиелеу принциптері жалпы тұғырнамалы ерже ртінде бәрі тең, олардың арасында негізгі немесе қосалқы принциптер деген жоқ. Дегенмен, тәрбиелеу принциптері – дайын рецепттер, автоматы түрде қолданып жоғары нәтижеге қол жеткізе қоятын әмбебап ереде де емес. Олар арнайы білімді, педагогтың тәжірибесі мен шеберлігін алмастыра алмайды.
Тәрбие процесіне негізделетін принциптер өзара жүйе құрады. Тәрбие жүйесінің түрлері көп болған және әлі де солай. Бірақ та, принциптердің декелеген талаптары, кейде принциптерлің өздері өзгеріссіз қала береді. Қазіргі замангы отандық тәрбие жүйесі мына принциптерге негізделеді:
- тәрбиенің қоғамдық бағыты;
- өмірмен, еңбекпен тәрбиелеу байланысы;
- тәрбиені ізгілендіру;
- жеке тұлғаны тәрбиелеу;
- тәрбие әсерлерінің біртұтастығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет