Ђжым жѕне ђжым арќылы тѕрбиелеу процестері


Ұжым теориясы мен әдістемелерінің қазіргі заманғы жағдайы



бет6/10
Дата26.04.2023
өлшемі249,5 Kb.
#87213
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1.3. Ұжым теориясы мен әдістемелерінің қазіргі заманғы жағдайы
Өскелең ұрпақты ұжымдық рухта тәрбиелеу мәселесі қай кезеңнің болмасын өзекті мәселесі болып табылады.
Ал, кеңес дәуіріндегі ұжымдық тәрбиеге негізгі арқау болған А.С.Макаренконың еңбегінің негізі сол, педагог бұл мәселені тереңірек зерттеп, негізді және табысты сынақтан өткізілген бірқатар тәрбие әдістерін ұсынды. Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу - ғалымның бүкіл педагогикалық қызметіне арқау болатын педагогикалық жүйесінің орталық идеясы.
«Біздің тәрбиеміздің міндеті - ұжым мүшесін ғана тәрбиелеумен шектеледі», деп жазды Макаренко өзінің «Өзімнің педагогикалық тәжірибемнің бірқатар тұжырымдары» мақаласында (А.С.Макаренко. «Некоторые выводы из моего педагогического опыта» [7.].
Макаренконың айтуынша, ұжым дегеніміз - адамдардың кездейсоқ тобыры емес, ол ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін бас біріктірген адамдардың бірлестігі.
«Біртұтас мектеп ұжымын құрып қана, бала санасында реттеуші және тәртіпке шақырушы тәрбие факторы ретіндегі қоғамдық пікірдің қуатты күшін оятуға болады» деп жазды Макаренко «Кеңес мектептеріндегі тәрбие проблемалары» мақаласында.
Макаренконың пікірінше, жеке тұлғаларға олардың өздері мүше болып табылатын ұжым арқылы ғана әсер ету мүмкін. Бұл жағдайды ғалым «Паралельді іс-қимыл қағидасы» деп атағанын айтқан болатынбыз.
Макаренконың пікірінше ұжым заңдардың ең маңыздыларының бірі - «ұжым қозғалысының заңы». Ұжым әрқашан қызу тіршілікпен белгілі мақсатқа талпынып өмір сүруі керек. Осыған байланысты Макаренко педагогикада алғаш рет «перспективалық желі жүйесі» деп атаған маңызды қағида ойлап, ұсынды.
«Адамның алға қойған мақсаты болмаса, өмір сүре алмайды. Адам өмірінің нағыз ынтасы - ертеңгі күннен күткен қуанышы. Ең маңыздысы, біз адамның бойында - күш мен сұлулықты бағалаймыз. Екеуі де адамның перспективаға қатысымен анықталады. Адамды тәрбиелеу дегеніміз - адамның болашаққа деген талпынысын тәрбилеу, оның ертеңге деген жолын тәрбиелеу деген сөз», деп жазды Макаренко өзінің «Педагогикалық поэмасында».
Макаренконың ілімі бойынша балалар ұжымын дамыту - тұрақты болуы керек: оны алға дамытудың тиімді жолдарын ізденуші педагогикалық ұжым бағыттап отырады.
Педагог бүкіл ұжымды және әр мүшені жеке-жеке белгілі бір мақсаттарға жетелей білуі керек, осы мақсатқа жеткен соң да, онымен шектеліп қалмай, әрі қарай тағы мақсат, маңызды, ауқымды міндеттер қойылады. Педагогтың шеберлігі сол, ол өзінің басқарушылығын, өзінің педагогикалық талаптарын ұжымның нақты құқықтарымен үйлестіріп отыруы керек.
Макаренко ұжым өмірінде ойынға үлкен мән берді. Балалық жаста ойын үлкен маңызға ие және бала ойнауы керек, «оған ойнауға мүмкіндік беріп қоймай, оның бүкіл өмірін ойынмен безбендеу керек», деп жазды Макаренко.
Макаренконың педагогикалық жүйесінде тәрбиелеудің қажетті факторы - еңбек болып табылады. «Балаларды тәрбиелеу туралы дәрістерінде» Макаренко: «Дұрыс кеңестік тәрбиені еңбексіз елестету мүмкін емес. Тәрбие жұмысында еңбек негізгі элементтердің бірі болуы керек», деп жазды.
Балалардың еңбек қызметінде олардың бағдарлау, жұмысты жоспарлау уақытты үнемдеу, өндіріс құралдары мен материалдарға мұқият болу, жұмыстың жоғары сапалығына талпындыру мүмкіндіктерін дамыту керек, дейді Макаренко.
«Балаларды тәрбиелеу туралы дәрістерінде» Макаренко «Біз өз азаматтарымыздан, өз өмірлерінің әр кезеңі сайын бұйрықты немесе өкімді күтпей өз борышын орындауға дайын болуын, инициативаға және шығармашылық ерікке ие болуын талап етеміз» деп жазды.
Ұжымның әр мүшесі ұжым алдындағы өз борышын сезінуі керек. Ол абыройды сезініп, өз ұжымын, өз Отанын мақтан тұтуы керек, тәртіпті болуы керек, себебі, тәртіпсіз мықты ұжым болмайды.
Макаренко тәрбие мәселесін ерікті, ерлік мен мінезділікті тәрбиелеумен тығыз байланыстырады. «Біздің оқушыларымыздың бойында кейде ерік, тәртіп болғанымен, күрескерлік мінез болмайды» деп жазды Антон Семенович.
Тәртіп ұйымдасқан ұжым да жақсы дамып, нығаяды. Макаренконың айтуынша, «тәртіп - ұжымның келбеті, дауысы, қозғалғыштығы, сенімділігі, т.б. Ұжымда бар нәрсенің барлығы нәтижесінде тәртіп формасына ие. Тәртіп – терең саяси құбылыс».
Тәртіпті тәрбиенің нәтижесі ретінде қарастырған Макаренко, «тәртіп» және «режим» деген ұғымдардың аражігін ажыратты, режимнің тәрбиелеудің маңызды құралы екенін көрсетті.
А.С.Макаренко орыс педагогикасын құнды педагогикалық идеялармен, әдіс-тәсілдермен байытқан өз дәуірінің жаңашыл-педагогы. Ғалым бірқатар педагогикалық мәселелерге жаңаша түсіндірме беріп, бірқатар проблемалар - ұжымда тәрбиелеу, отбасылық тәрбие және т.б. мәселелер бойынша өз шешімдерін ұсынды.
Психологиялық-педагогикалық теория мен тәжірибенің маңызды құралы ретінде тәрбие құқығы өзінің лайықты бағасына ие болған қазіргі заманда психология мен педагогиканың адамтанудың әлемдік ғылыми кеңістігіне шығуына мүмкіндік туып отыр. Екінші жағынан, психолого-педагогикалық ғылым адам туралы әлемдік ғылымның жетістіктерін пайдалану мүмкіндігіне ие болып, байи түсуде. Сондай-ақ, бұл мүмкіндік ғалымдар ме педагогтарды біздің елімізде бұған дейін құрылған, оның шінде кеңес педагогикасы мен мектебінің даму кезеңіндегі тәрбие теориясы мен тәжірибесі саласындағы жетістіктерімізді бағалауға негіз болып отыр.
Кеңестік педагогикадағы ұжым туралы ілім.
Кеңес педагогикасында ұжымдық теория мен ұжымдық тәрбие тәжірибесі сыналғанда, әдетте тұлғаның ұжымдағы жағдайы, тұлғаның өз белсенділігін арттыру мен өз мүмкіндігін жүзеге асыру құқығының шектелуі айтылады. Және бұл сындарға негіздің болғанын да айта кету керек. Ал қазіргі жағдайда бұл мәселеге екі түрлі көзқарастың бар екенін айтқан жөн: біріншісі - кеңестік ғалымдардың, ұжымдық тәрбие теорияларын ұсынған Н.Крупская, А.С.Макаренко П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский, т.б. ғалымдардың тәжірибесі мен қазіргі ғылымның сәйкессіздігі. Бұл тұрғыдағы көзқарас авторларының айтуынша, ұжым туралы ілімнің негізін - қазіргі педагогикада әдістемелік негіздеме бола алмайтын коммунистік идеология құрайды.
Екінші көзқарас - ұжым туралы ілімнің мызғымастығын көрсетуге талпынған, «Макаренко» немесе «Иванов бойынша» бүгінде де жұмыс істеуге мүмкін екенін дәлелдегісі келетіндердің көзқарасы.
Ұжым туралы ілімді дамыту мүмкіндігіне тоқталайық: бұл өткір мәселені қарауда біз екі алғышартқа сүйенеміз. Біріншісі, кеңестік педагогикада талдап жасалынған ұжым туралы ілімнің теориядағы және тәрбиелік тәжірибедегі маңыздылығын қуаттау; екіншіден, ұжым туралы проблеманы әрі қарай зерттеу. Теория мен тәжірибедегі ұжым проблемасы төмендегі сипаттарға бөлінуі керек [7]:
- ұжымдағы мақсаттылық, мақсат туралы мәселе;
- ұжым және тұлға;
- ұжымның тәрбиелік қызметін ұйымдастыру тәсілдері;
- ұжымдық қызметтің нәтижелігі;
Ұжымдағы мақсаттылық - бүгінгі күндегі негізгі түйінді мәселелердің бірі. Ұжым мақсатына қатысты мәселе түйіні кезінде, бірінші кезекте идеологиямен анықталып келді. Тәрбие мақсатын идеологияландыру әсіресе А.С.Макаренконың ұжым туралы ілімінде нақты көрінеді.
Ұжымды және тұлғаны тәрбиелеудің қазіргі жаманғы мақсаттарын біздің ойымызша, гуманизм, адамдар арасындағы қарым-қатынасты ізгілендіру қағидаларын негізінде қарастырылуы керек. Ұжымда, әсіресе, балалар ұжымында гуманистик идеялар тәрбиелік мақсат ретінде жүзеге асырыла алады.
Бұл идеяны кезінде «Орленко» лагеріне қатысты педагог С.И.Панченко нақтылап, «Орленок» жай тәрбие мекемесі емес, «ол жасөспірімді гуманистік тұлға ретінде дамыту үшін арнайы құрылған тұтас әлеуметтік азға» деген болатын. Мұндай социумды құру өзіндік тәртіп, өмір сүру, дәстүрлерді сақтау және беру үрдістеріне, гуманистік шығармашылық қатынастардың ерекше стилін нақыландыруға негізделеді.
Әрине, мақсаттардың бұл мазмұндамасын көптеген ерекшеліктерге қарамай кез-келген ұжымды ұйымдастыруда қабылдауға болады. Ғалым И.П.Ивановтың айтуынша, ұжымның әр мүшесі атсалысатын ұжымдық қызмет «жалпы қамқорлық педагогикасы» негізінде ортақ жұмысқа атсалысудың тәжірибесін жасай алады. Осылайша, қарым-қатынасты ізгілендіру дегеніміз тек тәрбиелеу құралы ғана емес, сонымен бірге, ұжым мен тұлғаны тәрбиелеудің мақсаты.
Ұжымдағы тұлға проблемасы. Ұжымға қатысты қазіргі проблемалардың ең ауқымдысы - ұжымдағы тұлға проблемасын атауға болады. Дәл осы тұста дәстүрлі бағдарлар қайта қаралып, ұжымдық қықзметтің тәрбиелік әсері жаңа тұжырымдарға негізделуі керек.
А.С.Макаренконың идеяларына оралып, мызғымастай болған оның формуласын еске түсірейік: «Ұжымның мүддесі тұлға мүддесінен жоғары». Және бұл жай формула емес – бұл ұжым қызметін ұйымдастыруға нұсқау, дағдарысты жағдайларды шешудің тұғырнамасы, т.б. Және бұл формуланы кезінде жұмыс істегенінен «Педагогикалық поэмадан» көптеген жарқын мысалдар келтіре аламыз.
Бірақ, қазіргі жағдайда ұжым мен жеке тұлға мүдделерінен қарама-қарсы қою педагогикалық қателік болған болар еді. Қазіргі заманғы педагогтардың тұжырымдауынша, ұжымдық қызметті ұйымдастыруда ұжым мен тұлға мүдделерінің үйлесімділігін іздестіріп, тауып отыру керек. Ұжымдық қызметінің мазмұны ұжымның тұлғаға әсер ету мүмкіндіктері екенін естен шығармау керек.
Баланың ұжымдық жұмыстарға атсалысуын тұлғаның ұжымдағы ұстанымы деген терминмен мазмұндауға болады. Ғалымдардың зерттеулері көрсетіп отырғанындай, ұжымдық қызметтегі тұлғаның ұстанымы - екі жоспарды - сыртқы және ішкі жоспарды қамтиды. Сыртқы жоспар дегеніміз - іскерлік және жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынастар жүйесіндегі баланың орны. Ал, ішкі жоспар - баланың осы қарым-қатынастағы өз орнына қатысты ішкі ой-күйзелістері.
Тұрақты немесе уақытша ұжым қызметін ұйымдастыру тәжірибесі, тұлғаның ұжымдағы ұстанымы белсенді, қарама-қайшы, бей-жай немесе теріс болуы мүмкін екенін көрсетеді.
Осындағы, қарама-қайшы ұстанымға тоқталып өтейік. Бұл жағдай, жасөспірім жалпы істерге атсалысуға талпынып, көшбасшылыққа ұмтылған кезде, ал, ұжым кейбір себептермен оны қабылдайтын жағдайда байқалады. Бұл жағдай баланың қарсы реакциясын туғызып кей кездері күтпеген салдарға әкеліп тірейді.
Ғалымдардың сараптауынша, қарама-қайшылық проблемасы баланың ұжымдық қызметтегі кез-келген ұстанымында байқалады. Педагог оны байқап, тығырықтан шығар жолды іздестіріп отыруы керек. Қазіргі заманда ұжымның әрбір мүшесінің тұлғасына назар аудару - кез-келген тәрбие жұмысының, оның ішінде арнайы лагерьлердегі де тәрбие жұмысының тиімділігінің көрсеткіші.
Осы жерде әлемдік психолого-педагогикалық ғылымға назар аударып кетейік. Тұлғаның жас ерекшелігіне қарай дамуы күрделі және қарама-қайшылыққа толы үрдіс, онда бала бойындағы жеке ерекшеліктері мен қарама-қайшылықтары кеңінен байқалады. Писхолого-педагогикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай, бала бойындағы үйлесімнің жоқтығы қоршаған ортамен арадағы қарым-қатынасқа іріткі салады. Ғалым Э.Эриксон қарым-қатынастар үйлесімдігін «идентичность» деген терминмен беріп, өтпелі жастағы жасөспірімнің бойындағы өз-өзіне сенімділікті, өзіне деген оң көзқарасты, тұлғаның ішкі тұтастығын мазмұндайды.
Қазіргі уақытта бір баланың бірнеше ұжыммен араласу мәселесі орын алып отыр. Бір күннің ішінде бірнеше үйірмеге қатысатын баланың тіршілігіне тоқталайық. Өзінің оң және теріс эмоцияларын апара алатын, күнделікті араласатын негізгі ұжыммен қатар, бала үшін маңыздылау тағы бір ұжымның болуы ешқандай кедергі болмайды. Ондай ұжымдарға үйірмелерді, клубтарды жатқызуға болады. Бұл ұжымдардың да баланың ұжымдық дамуына үлкен әсері бар. Бала ол ұжымдадағы басқа балалармен араласып, олардан көп нәрсені үйрене алады, жаңа достар табады.
Ұжым туралы ілімнің перспективасы. Қарап отырсақ, ұжымның тәрбиелік әсерінің, ұжымдық қызметті ұйымдастырудың, қызметтің түрлері мен қызметтерін іздестіру және жетілдірудің проблемалары қай дәуірдің педагогикасының болмасын, өзіндік алтын қоры. Бірақ, бұл тұжырымдамалар мен теориялар қатып қалмай, өз заман ағысына қарай өзгеріп, түрленіп, жаңарып отырғанын да көріп отырмыз. Ұжымдағы тәрбилеудің бүгінгі және ертеңгі перспективасына өткенді екшелеп, жаңаны саралап қана қол жеткізуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет