Ұйым менеджменті Тақырыбы: Ұйымдағы қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайының маңызы. Орындаған: мж-09/17 тобының студенті


Бәсекелестік қабілетті қамтамасыз етудегі



бет3/12
Дата06.01.2022
өлшемі233,5 Kb.
#13008
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
1.2. Бәсекелестік қабілетті қамтамасыз етудегі

қаржы менеджментінің ролі
Бүгінгі таңда әлемдік жетекші компаниялардың іскерлік стратегиясы бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізуге бағытталған. Демек, стратегия дегенімізді нарықтағы ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтарды анықтау және жүзеге асыру арқылы өз мақсаттарына жетуге бағытталған қорытынды жоспар ретінде қарастыруға болады. Стратегиялық мақсаттардың саны мен қалыптасуы әрбір компанияда алуан түрлі болуы мүмкін. Олар бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып отырады, сондықтан да кәсіпорын өз қарамағында түрлі мақсаттардың толық кешені болуы тиіс. Қаржы менеджментінің мақсаттарын келесідей тәртіп бойынша саралауға болады:

  • қаржылық дағдарысты немесе қолайсыз жағдайларды болдырмау;

  • өндіріс және өнімді өткізу көлемін арттыру;

  • бәсекелестермен күресте жетекші орынға ие болу (қаржыгерлердің көзқарастары бойынша бәсекелестік қабілет капиталдың рентабельділігімен, яғни капитал бірлігіне келетін табыстың мөлшерімен, сипатталады);

  • кәсіпорын құнын барынша арттыру.

Қаржы менеджменті бәсекелестік ортадағы ортадағы ролі өндіріс барысын тиімді ұйымдастырумен және оны қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету, осы процесстерді үнемі бақылап отырудан көрініс табады. Нарықтағы үлкен сұраныстарға ие болып жүрген тауарларды немесе әлі нарыққа түспеген жаңа тауарларды іздестіру, оларды өндіруге инвестициялар салу кәсіпорынның табыс көздерін арттыруға септігін тигізеді.


Кәсіпорынның өндіретін тауары, көрсететін қызметі немесе атқаратын жұмысының бағасы, сапасы және имиджі шаруашылық қызметтің табысына едәуір ықпал етеді. Тауар имиджі жөнінде айтатын болсақ, оның ықпалы тенденция түрінде және маңызды түрінде болады. Көрсетілген барлық параметрлер кәсіпорынның табысына тікелей әсер ететіндіктен, табыстың стратегиялық факторларын идентификациялау қаржы менеджментінің басты міндеті болып табылады. Зерттеулердің нәтижелері мынаны дәлелдейді: зерттелетін параметрлер әр түрлі бағаланады және алуан түрде әр түрлі салалардағы тұтынушыларға әсер етеді.

Жалпы алғанда кәсіпорынның қаржы менеджерлері нарықтық даму жағдайларында тұтынушылардың ең алдымен тауардың сапасына, содан кейін өнімнің болмысы мен имиджіне назар аударатынын ескерген жөн. Ал тауардың бағасы тұтынушының санасында тауар туралы алғашқы сипаттаманы қалыптастырғанымен, түптеп келгенде бағасы төмен, сапасыз өнім оларды аз қызықтырады. Тауардың дизайні мен сервистік қызмет көрсету тұтынушылар санасында азырақ мәнге ие, алайда бәсекелестермен күресте артықшылықтарды жеңіп алуда бұл параметрлер де өзінің маңызды ролін ойнайтыны сөзсіз.

Шаруашылық етуші субъектінің табысына тауар сапасының жанама түрде нарықтық үлестің ұлғаюымен сипатталады, ол үлестің артуы өткізілетін өнім сапасының артуымен байланысты. Инновациялық және тұтынушыға жақындық, оның көңілін таба білу секілді факторлар табыстың шешуші факторлары болып табылады. Сонымен қатар, тұрақты нарықтық табысты қамтамасыз ету үшін тауардың сапасына күш-жігердің жұмылдырылуы жеткіліксіз, және бұл параметрді тауар сапасын басқару менеджментінің жүйесіне енгізу керек.

Сондай-ақ, қаржы менеджерлері бәсекелестермен күрес барысында мынаны ескерген дұрыс. Кез-келген нарықтағы немесе саладағы бәсекелес кәсіпорындардың тек аз ғана бөлігі жоғары сапалы тауарларды өндіруге жеткілікті қаржы ресурстарымен жарақталған. Сондықтан да, осы нарықтағы немесе саладағы тауарды әртараптандыру (диверсификациялау) стратегиясын қолдану көптеген мәселелерді шешеді.

Сонымен, қаржы менеджментінің стратегиялық негізгі мақсаты түптеп келгенде тек қана табыс табумен ғана шектеліп қоймай, сонымен қатар нарықтағы өз орнын, бәсекелестік қабілетін қамтамасыз етумен анықталады. Бұл, өз кезегінде, кәсіпорынның жарқын болашағының іргетасы болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет