Ұйым менеджменті Тақырыбы: Ұйымдағы қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайының маңызы. Орындаған: мж-09/17 тобының студенті
Ұйымдағы қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайының маңызы.
Тауарлардың бағалары: A үлгісі – 450 мың теңге, B – 400 мың теңге, C- 600 мың теңге, D – 500 мың теңге. Тауар сапасының (бір баллдың) құнын анықтаймыз. А үлгісі үшін: теңге. Сәйкесінше, В үлгісінің сапасы 125 мың теңге, С үлгісінің сапасы 136,4 мың теңге, D үлгісінің сапасы – 138,9 мың теңге деп бағаланады. Сонымен, аталған тауардың А үлгісі баға және сапа қатынасы бойынша бәсекелестік қабілеті ең жоғары деп бағаланады. Ал енді өндірушінің қандай мақсатты көздейтінін қарастыралық. Тауар өндіруші кәсіпорын алатын табысын барынша арттыруға ұмтылады, яғни өнімді сатудан түскен сома мен оны өндіруге кеткен шығындардың айырамасының оң нәтиже беруін мақсат етеді. Демек, өндіріс көлемі туралы шешім қабылдау барысында өндіруші барынша үлкен табыс алып келетін өндіріс көлемін таңдай білуі қажет. Осылайша біз түрлі бағалар мен өндіріс көлемдерін пайдалана отырып, өнімді сатудан түсетін табыстың нұсқаларын есептеу барысына да жеттік. Әрине, әрбір келесі өндірілетін өнім тек сатудан түскен табысты арттырып қана қоймай, сонымен қатар шығындардың да өсуін талап етеді. Басқаша айтсақ, өнімнің қосымша бірлігін өндіру жалпы сатылым сомасын белгілі бір шамаға арттырады (шекті сатылым), сонымен қатар жалпы шығындардың шамасын да арттырады. Сонымен ең негізгі сұрақ: табысты барынша арттыру үшін өндірілетін тауардың қандай көлемін өндіру және оны қандай бағамен сату керек? Бұл үшін табысты сатылымнан түскен соманың шамасы жалпы шығындардың сомасынан артық болады деп есептейміз. Есептеу үшін 2.3-кестенің мәліметтеріне жүгінелік. 2.3-кесте ең тиімді сатылым көлемі әрқайсысының бағасы 840 теңгеден 6 дана өнім сатқан кезде болатынын көрсетеді. Басқа ешқандай нұсқалар кәсіпорынға мұншалық жоғары табыс (1040 теңге) алып келмейді. Шекті пайдалылық теориясының негізіне сүйене отырып тұжырымдалық. Шекті сатылым сомасын (6-баған) шекті шығындармен (7-баған) салыстырып көрелік. Өндіріс көлемі ұлғайған сайын сатылым көлемі шекті шығындардан басым болса, онда өндірісті және сатылым көлемін тауардың қосымша (шекті) бірлігі табыссыз ұлғайта беруге болады. Шекті шығындар шекті сатылым көлемінен басым бола бастаған сәттен бастап, өндіріс көлемін қысқартуға тура келеді. 2.3-кестеге байыппен қарасаңыз, шекті шығындар азайған сайын табыс көлемі арта береді. Сондай-ақ, шекті шығындар арта бастаған сәтте де табыс біршама уақыт, яғни шекті шығындар шекті сатылым көлемінен басым болғанға дейін, арта береді. Тек соңғы жағдай орындалған жағдайда ғана табыс тауардың әрбір келесі данасын өндірген сайын төмендей бастайды. Сонымен, кәсіпорынға барынша үлкен табысты шекті шығындар шекті сатылым көлеміне барынша жақын болғанда немесе тең болған жағдайдағы өндіріс көлемі қамтамасыз етеді. Бұл нұсқа өндірушіге ең жоғары субъективті пайдалылық – барынша үлкен табыс алып келеді. Осы ережемен толық келісе отырып, ең тиімді нұсқа деп әрқайсысы 840 теңгеден 6 бірлік сатылатын нұсқаны есептейміз.
|