Ұйым менеджменті Тақырыбы: Ұйымдағы қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайының маңызы. Орындаған: мж-09/17 тобының студенті



бет9/12
Дата06.01.2022
өлшемі233,5 Kb.
#13008
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Ұйымдағы қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайының маңызы.

Демалыс және мейрам күндері


1

00.00-03.00

0.85

0.75

0.75

2

03.00-06.00

0.40

0.75

0.75

3

06.00-00.00

0.75

0.75

0.75

Жұмыс күндері


1

00.00-03.00

0.95

0.75

0.75

2

03.00-00.00

0.40

0.75

0.75

Кестеден «Қазақтелеком» АҚ автоматты қалааралық байланыс қызметтеріне тұтынушылардың категорияларына қарай әр түрлі тарифтер орнатқанын көреміз. Тарифтер апта күніне және тәулік мерзіміне қарай бөлінеді: түнгі сағат 3-тен бастап ең тарифтер қолданылады. Сонымен қатар, компанияның қызметі әр түрлі абоненттерге түрлі бағалар бойынша ұсынылады: мемлекеттік мекемелер мен заңды тұлғаларға байланыс қызметі жеке тұлғалармен салыстырғанда арзанырақ түседі.

Қазақстанда нарықтық қатынастардың дамуы бүгінде бәсекелестіктің дамуына тікелей әсерін тигізуде. Сонымен қатар, бәсекелестіктің елімізде қалыптасып келе жатқан негізгі принципі: «жаңа тауарлардан, жаңа технологиялардан, жабдықтаудың жаңа көздерінен, өндірісті ұйымдастырудың жаңа түрлерінен бастау алу». Қазіргі таңдағы кәсіпорын басшылары мен жеке кәсіпкерлердің басты міндеті - өндірісті жабдықтаудың жаңа көздерін табу, жаңа нарықтарды игеру немесе өз саласын қайта ұйымдастыру арқылы жаңа тауарды өндіру немесе ескі тауарды жетілдіру үшін қолданыста жоқ технологияларды табу және қолдану. Нарықтық даму күтпеген кәсіпкерлік, инновациялық екпінділіктерді қажет етеді. Осы жағдайда ғана бәсекелестіктің динамикалық, кәсіпкерлік бейнесі нарықта жаңа тауарлардың, өндірісте жаңа технологиялардың пайда болуын қамтамасыз етеді.

Бәсекелестік күрестегі ауыртпалықтың «жаңа» тауарларды іздестіруге түсуі нәтижесінде еліміздегі нарықтық қатынастардың дамуының тағы да бір бағытын ашылды. Отандық кәсіпорындар арасындағы бәсекелестіктің тағы бір нысаны - өнім бәсекелестігі қалыптасты. Өнім бәсекелестігі дегеніміз – кәсіпорындардың өз өнімін жетілдіруге және сол арқылы тұтынушылардың мұқтаждықтарын барынша қанағаттандыруға, олардың талғамын жаулап алуға бағытталған атсалысы болып табылады. Тұтынушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету өнімді дифференцияциялау, яғни оларға қасиеттеріне, сапасына, тағы да басқа параметрлеріне қарай тауардың алуан түрін ұсыну арқылы жүзеге асады.

Ғылыми-техникалық революция бәсекелестік күрестің ауыртпалығын ғылыми зерттеулер мен жобалар саласына аударуда. Ғылыми-техникалық революцияның қысымымен өндіріс пен тұтынудың техникалық базасы жылдам қарқынмен жаңалануда, өндірілетін өнімдер тоқтаусыз жетілдірілуде, тауар ассортименті толықтырылуда, жыл санап тұтынушылар мен өндірушілер үшін тауар мен технологиялардың бағасы емес, оның сапасы мен сенімділігі басты мәселеге айналып барады. Осы орайда кәсіпорындардың бәсекелестік күрестегі әрекеттері ескі тауарлар нарығын жаулап алып, бәсекелестерді ығыстыру емес, тұтынушыға жаңа тауарлар ұсыну болып табылатындығы көрінеді. Жаңа тауарлар ретінде әлі нарыққа түспеген жаңа тауарлар немесе жетілдірілген ескі тауарлар қарастырылады. Тауарлардың жаңалануы үнемі артып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет