Ұйым менеджменті Тақырыбы: Ұйымдағы қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайының маңызы. Орындаған: мж-09/17 тобының студенті


Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін талдау



бет5/12
Дата06.01.2022
өлшемі233,5 Kb.
#13008
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Ұйымдағы қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайының маңызы.

2. Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін талдау

2.1. Кәсіпорынның нарықтағы жағдайды талдауы
Кәсіпорын қандай да бір нарықта немесе салада болмасын, оның өміршеңдігін, бәсекелестік қабілетін анықтау тек өзінің қаржылық жағдайын бағалап қана қоюмен шектелмейді. Аталған салада немесе нарықта осы тектес тауар өндіруші кәсіпорындар қызмет етуде, тұтынушылардың көңілін жаулап алуға тырысуда екенін қаржы менеджерлері әсте естен шығармаса керек. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың қатынасы (нарық конъюнктурасы), тұтынушылардың талғамы, кәсіпорынның өндірістік қуаты – міне осы аталған көрсеткіштердің тиімді қатынасын қалыптастыра білу кәсіпорынның бәсекелстік қабілетінің нақты жағдайын анықтап береді.

Маркетингтік зерттеулердің маңызды көрсеткіштері – бұл тауардың сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығы болып табылады.



Ш
артты мысалдың көмегімен сұраныс көлемінің (С) сатылым бағасынан (Б) тәуелділігін анықтап, сұраныс қисығын сызып құрастыралық (2.1-сурет).
1.1-суреттен көріп отырғанымыздай, тауардың әрбір данасының бағасы 800 теңге болғанда тауардың тек 100 данасы ғана өз тұтынушысын табады. Ал енді тауар бағасын 600 теңгеге дейін төмендетсек, сұраныс 200 данаға дейін артады. Ал енді осы сұранысты кім қанағаттандыруы тиіс деген сұрақ туындайды. Сол себепті нарықты талдау барысы ұсыныс қисығын құрастырмайынша мүмкін емес (1.2-сурет).

Ұсыныс қисығы тауар өндірушінің неше тауарды және қандай бағамен сатуға құлықты екенін көрсетеді. 1.2-суреттен көріп отырғанымыздай, 100 теңгелік баға бойынша өндіруші тауардың тек 100 данасын ғана ұсынады, 400 теңге бойынша – 300 дана, ал 800 теңгелік баға бойынша – 500 дана тауарды ұсынады. Бұл тіпті де таңданарлық жағдай емес, өйткені неғұрлым жоғары баға өндірушіні тауар өндірісін арттыруға итермелейді.



С
онымен, біздің қолымызда тұтынушылар мен өндірушілердің нарықтағы әрекеттерің сипаттайтын екі қисық бар. Әрине, бұл жағдайда ең оңтайлы нұсқа – сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің тепе-теңдігі. Бұл тепе-теңдік сұраныс және ұсыныс қисықтарының қиылысына тең болады (2.3-сурет).
2.3-суреттен байқайтынымыз, сұраныс пен ұсыныс қисықтары О нүктесінде қиылысады. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік нүктесіне тауардың бір данасы 400 теңге болатын баға сәйкес келеді. Мұндай баға тепе-теңдік бағасы деп аталады. Тепе-теңдік нүктесінің мағынасы мынаған саяды:

  • тепе-теңдік бағасы тұтынушының сұранысын тиімді жағдайға жеткізеді, яғни оған тауардың қандай көлемін ол тұтына алатындығы туралы ақпарат бере алады;

  • тепе-теңдік бағасы тауар өндірушіге қандай көлемде тауар өндіріп, нарыққа жеткізу керек екендігі туралы мәлімет береді;

  • тепе-теңдік бағасы өндірушілер мен тұтынушыларға қажетті ақпараттарды қамтиды: тепе-теңдік бағасының өзгеруі оларға өндірісті (тұтынысты) арттыруға (азайтуға) белгі береді, өндіріс барысында қолданылатын жаңа технологиялар іздестіруге ынталандырады.

Сонымен, тепе-теңдік бағасы өндірісті автоматты түрде реттеу тұрғысында сәтті қызмет етеді. Заңды және жеке тұлғалардың белгілі бір категорияларының табыстарының артуы нәтижесінде Қазақстандық нарық қазіргі таңда сұраныс қисығының жоғары жылжуымен сипатталады. Сәйкесінше, тепе-теңдік бағасы да өсе түседі.

Сұраныс қисығының жоғары жылжуына сонымен қатар баға өсімі – инфляциялық фактор да әсерін тигізеді. Мысалға, қандай да бір тауардың бағасы өседі деп күтілетін болса, сәйкесінше осы тауарға деген ұсыныстың да өсуін көреміз. Сұраныс қисығының жағдайына әсер етуші басқа да факторларды атап кетуге болады: елдегі халық санының өзгеруі, тұтынушылардың талғамдарының өзгеруі, саяси және табиғи сілкіністер және басқа да факторлар.

Тауарды тұтынушы қандай қажеттіліктерді жетекшілікке алады? Бұл сұраққа жауап бере отырып, экономикалық теория келесі қағидаларға сүйенеді:


  1. Тұтынушы өзінің шектеулі қаражаттарымен (табысымен) мейлінше қанағаттанарлық игілікке, яғни субъективті пайдалылыққа қол жеткізгісі келеді. Субъективті пайдалылық деп бұл жағдайда әрбір тұтынушының нақты бір тауарға деген өзінің ішкі талғамы болатындығын түсінеміз. Мысалға, сіздің қолыңызда бар ескі тарихи дүние сізге ешқандай қажеті жоқ болса, көне заттар жинаушы тұлғаларға, тарихи зерттеушілерге бұл аса бағалы зат болып табылады, немесе, сіздің сәбиіңіз үшін ойыншық немесе велосипед жоғары табысты акциялардан анағұрлым пайдалырақ болып келеді.

  2. Тауардың субъективті пайдалылығы тауардың әрбір келесі данасын тұтынған сайын азая береді. Сонымен қатар, тауардың жалпы пайдалылығы баяу қарқынмен өседі. Тауардың әрбір қосымша данасын тұтынған сайын субъективті пайдалылықтың жалпы өсімі шекті пайдалылық деп аталады.

Кез-келген тауардың алғашқы данасын тұтынған кезде әдетте барынша жоғары қанағат аламыз. Алайда, осы тауардың келесі әрбір данасын тұтынған сайын бұл тауарға деген қажеттілік төмендей береді, яғни тұтынудың жалпы пайдалылығы баяу қарқынға көше бастайды. Бұл жағдайды 2.1-кестедегі мәліметтермен түсіндіріп көрсетелік.
2.1-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет