Ұйым туралы түсінік. Ұйымның жалпы сипаттамалары


Ұйымның ішкі ортасы туралы түсінік



бет4/5
Дата13.04.2022
өлшемі25,6 Kb.
#30924
1   2   3   4   5
4. Ұйымның ішкі ортасы туралы түсінік Ұйымның ішкі ортасы – бұл ұйымның ішіндегі ситуациялық факторлар. Ішкі байланыстар басқармашылық шешімнің нәтижесі болып табылады. Бірақ олар толығымен басқармамен бақыланбайды. Көбінесе ішкі факторлар басқармадан белгілі бір тәуелсіздікте болады. Ішкі айнымалыларға ұйымның мақсаты, құрылымы, міндеті, технология және адамдар кіреді. Ұйым адамдарға жеке жете алмайтын мақсаттарға бірігіп ұжымды түрде жетуге көмек береді.

Мақсаттар – бұл топтың бірге жұмыс жасай отырып, нақты және керекті нәтижелерге жетуге ұмтылуы. Жоспарлау үрдісінің барысында басшылық мақсаттарды құрады және олар туралы ұйымның мүшелеріне хабарлап отырады. Бұл үрдіс ұйым мүшелеріне олардың неге ынталы әрекет жасау керектігін түсінуге көмек береді. Мақсаттар ұйымның типіне қарай әртүрлі болады.

Ұйымның құрылымы – бұл басқару дәрежесімен функционалдық бөлімнің логикалық өзара қарым – қатынасы. Ұйымның құрылымы еңбек бөлінісі негізінде құрылады. Ұйым құрылымына қатысты болған 2 концепция бар: маманданған еңбек бөлінісі және бақылау саласы.

Маманданған еңбек бөлінісі – бұл маман, қолынан іс келетін адамдарға жұмыс беру деген сөз. Маманданған еңбек жұмысты әр түрлі операцияға бөледі. Ұйымда еңбекті бөлу көлденең және тік болып бөлінеді. Бақылау саласы басшыларға бағынышты адамдар санын көрсетеді. Егер бір басшыға бағынатын бағыныштылар саны көп болса, бұл кең бақылау саласы деп аталады. Егер бағынатын бағыныштылар саны аз болса, бұл тар бақылау саласы деп аталады.

Координация қажеттілігі ұйымда вертикалды және горизонталды еңбек бөлініске байланыста пайда болады. Адамдардың жұмысты бірге орындауы үшін басшылар алдымен координация механизмін қалыптастыруы тиіс. /Егер ұйымда тиісті координация механизмі болмаса ұйымдағы жоғары деңгейдегі басшыдан бастап бағыныштыларға дейін барлығы өз қажеттілігін қамтамасыз етумен қызығып, жалпы ұйым мақсаттарды оларды қызықтырмауы мүмкін/.

Ұйымның міндеттері Міндет – бұл арнайы алдын ала келісілген мерзімде, белгіленген әдіспен орындалуы тиіс болған жұмыс сериясы және жұмыстың бір бөлігі.

Ұйымның міндеті 3 категорияға бөлінеді: • адамдармен жұмыс істеу; • заттармен жұмыс істеу; • ақпараттармен жұмыс істеу. Мысалы, станокта жұмыс істейтін адамдар заттармен жұмыс істесе, шебердің міндеті – адамдармен жұмыс істеу. Корпорация казначейінің міндеті ақпаратпен жұмыс істеу болып табылады.

Технология және адамдар Бұл адамдарда, заттарда және ақпаратта болған өзгерістерді жүзеге асыру үшін қажетті біліктілік құрал – жабдықтармен технологиялық білімдердің, инфрақұрылымдардың үйлесуі. Міндеттердің орындалуы бұл нақты технологияны қолдануды талап етеді. Машиналар, құрал – жабдықтар, шикізат, энергия бұл технология компоненттері болып табылады.

Джоан Вудворд пен Джеймс Томпсондардың технологияларды жіктеуі міндеттер мен технологиялар арасындағы өзара қарым – қатынасты бейнелейді. Д. Вудворд технологияларды келесідей үш категорияға бөлістірді: 1. Бірыңғай, аз сериялы және жеке өндіріс. Бір және аз сериялы бірдей өнімдерді шығарумен сипатталады. 2. Жаппай және көп ірі сериялы өндіріс. Бірдей және өте ұқсас өнімнің көп санын шығаруға қолданылады. 3. Үздіксіз өндіріс. Мұнда көп мөлшерде бірдей заттарды шығаруда автоматтандырылған құралдарды пайдаланады.

Д. Томпсон Вудворттың жіктеуінен өзгеше технологияны жіктеу жүйесін өңдеді. Ол технологияны мынадай үш категорияға бөлді: 1. Көп звенолы технологиялар – олар кезекті орындалуы тиіс бір – бірінен тәуелді қызметтерді орындауымен сипаттайды. Мысалы, автомобилді құрастыру үрдісінде автомобильдің рамасын жинап алмай оның двигателін құрастыру мүмкін емес. 2. Делдалдық технологиялар – бірімен тәуелді болатын және болғысы келетін кездесумен сипатталады. Мысалы, компанияларды жұмыспен қамтамасыз ету бюросы. 3. Интенсивті технология өндіріске түсетін белгілі бір нақты өнімде қандай да бір өзгеріс енгізу үшін арнайы шараларды, білімдерді және қызметтерді қолданумен сипатталады. Негізінен Вудворт өндірістік кәсіпорын технологияларымен айналысса, ал Томпсон барлық ұйым түрлерінде қолданылатын технологиялармен қызықты.

Адамдар. Басшылық ұйымның мақсаттарына басқа адамдардың көмегімен жетеді. Әрі қандай басқару моделінің орталық факторы бұл адамдар. Адам байланыстарын 3 /аспектте/ қарастыруға болады: 1) жеке адамдардың тәртібі; 2) топтағы адамдардың тәртібі; 3) басшылық тәртібі және оның жеке адамның және жеке топтардың тәртібіне әсері.

Басшылар үшін жеке адамның тәртібінде үлкен роль ойнайтын оның қабілеттілігі, таланттылығы, қажеттілігі, қарым – қатынасы, көзқарасы, құндылық және т. б. қасиеттері болып табылады. Қабілеттілік ұрпақтық және тәжірибеде арттырылған болуы мүмкін. Таланттылық - бұл адамдардың нақты бір жұмысты орындаудағы потенциалы. Таланттылық тума немесе өмірден арттырылған болуы мүмкін. Қажеттілік бұл адамның бір нәрсенің жетіспеуін психологиялық және физиологиялық сезінуі.

Күту өткен тәжірибеге және ағымдық жағдайды бағалауға негізделе отырып, адамдар өздерінің тәртібінің нәтижесінде салыстырмалы түрде күтулерін қалыптастырады, адамның қажеттілікті сезініп жатырма және осы жағдайда оның нені күтіп жатқанын анықтап береді. Құндылық бұл жалпы түсінік, сенім, өмірде не жақсы, не керек емес туралы түсінік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет