Қажетті құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, ермексаздан жасалған сәбіздің үлгісі, қояндардың суреті, тақтайша, ермексаз, сулық.
Сөздік жұмыс: көкөніс.
Билингвальды компонент: сәбіз марковь, қоян заяц.
Балалар, қояндар бізге қонаққа келіпті.
Олар үшеуі дауласып отыр. Не үшін дауласып отыр екен? Кәне, кім біледі?
Тәрбиеші олар сәбізге дауласып отырғанын айтады.
Суретке қарап, тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді. Жүйрік, құлағы ұзын, қорқақ аң.
Сәбіз жейді.
Балалар әртүрлі жауап береді.
Ұйымдастыру-іздестіру
Тәрбиеші қоян туралы өзі білетін шағын ертегі немесе әңгімені айтып береді.
Қонақтардың қысқы азықтарын жинап үлгермегенін айтады.
Балалар, қояндарға қысқы азықтарын жинауға, сәбіз жасауға көмектесеміз бе?
Сәбіздің пішіні қандай?
Оның түсі қандай?
Сәбіз көкөніске жатады.
Сөздік жұмыс: көкөніс.
Көкөністердің муляжын балаларға ұстап көру үшін таратып береді.
Сергіту сәті. Секірейік, секірейік
Ұзын құлақ қоянша
Шаршағанды кетірейік
Болар сонда тамаша.
Билингвальды компонент: сәбіз морковь, қоян заяц.
Жұмыстын орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру: Қызғылт сары түсті ермексазды жұмырлап, сопақша пішінге келтіріп, бір жағын үшкірлеп, сәбіз пішінін жасау;
Осы әдісті пайдалана отырып, қояндарға бірнеше сәбіз мүсіндеп беруді тапсыру.