Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Тобы : Күні : Тәрбиеші : Білім саласы



бет19/87
Дата06.01.2022
өлшемі115,11 Kb.
#15471
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   87
Байланысты:
сабақтың технологиялық картасы

Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық қозғаушы

Тәрбиеші бөлмеге үлкен рюкзакты алып кіреді және оны әрең көтеріп келе жатқандай ауыр қозғалады. Содан соң екінші кішкентай рюкзакты алып келеді. Оның жеңіл екенін байқатады. Содан соң балалардан сұрайды: «Бұл рюкзактар туралы не айтуға болады?»


Балалар тәрбиешінің қимылын бақылап отырады. Өздерінің салмақ туралы пікірлерін білдіреді.

Іздену ұйымдастырушы

Тәрбиеші балалардың жауаптарын нақтылауға тырысады: үлкен рюкзак ауыр, ал екінші кішкентай рюкзак жеңіл. Сабақтың тақырыбын хабарлайды:

-балалар, бүгін біз заттарды салмағына қарай салыстырамыз. Біз оны анықтау үшін қолданылатын сөздермен танысамыз.

Содан соң бөлмеден ауыр және жеңіл заттарды табуларын сұрайды. Сол арқылы балалардың салмақ туралы түсінік деңгейін анықтайды.

Дәптердегі 1-тапсырманы ашады,-суреттерді мұқият қарап шығыңдар. Кәне, бәріміз бірге онда бейнеленген оқиғаны суреттеп көрейік.

Балалармен спорттың пайдасы мен үлкендерге көмектесу қажеттігі туралы шағын әңгіме-дүкен құруға болады. Кестеге ауыр және жеңіл заттарды жапсырыңдар. Сол жақтағы заттар қандай заттар? Неге? Оң жақта ше?

Сергіту минуты.

Ауыр рюкзак көтергендей, содан соң жеп-жеңіл рюкзакпен жүгіріп келе жатқандай қимылдар жасауға болады.

-Балалар, заттың салмағынқандай құралдың көмегімен салыстыруға болады? Кім біледі?Қарапайым таразымен таныстырылады.

Балаларға қарапайым таразының өзін немесе таразының суреті салынған плакатты көрсетеді. Табақтың қайсысы төмен түседі? Ауыр зат тұрған жағы ма, әлде жеңіл жағы ма? Таразы арқылы қайсысы ауыр екенін анықтаңдар. Суреттерді көрсетеді немесе таразының табақтарына жануарларды салады.

2-тапсырма. «Анаңа көмектес»

2-тапсырманы орындау барысында үлкен және кішкентай тәрекелердің салмағын қолмен анықтауға болады. Бұл тапсырмада ыдыс аяқтарды тостағандар мен тәрелкелер деп жіктеу қажет. Талқылайды: 2зат дегеніміз екі тәрелкені немес бір тәрелке мен бір тостаған дегенді білдіруі мүмкін. Сондықтан әр бала тапсырманы өз бетінше орындайды. Бұрын өткенді қайталау үшін 3-тапсырманы орындайды.


Ауыр мен жеңіл заттарды атап көрсетеді.

Суретте не бейнеленгенін сипаттайды және себебін түсіндіреді.

Тиісті жапсырмаларды тауып, 1-кестеге тиіс заттарды жапсырады.

Сұрақтарға жауап береді: әр топ өз фигураларының атын атайды: үшбұрыштар, шеңберлер, шаршылар.

Айналадан және суреттен дөңгелек, төртбұрышты, үшбұрышты заттарды табады және оларды сипаттап береді. Олардың кеңістіктегі орнын суреттейді.

Балалар 2-тапсырманы орындайды. Тапсырма бойынша жапсырманы таңдап жапсырады.

Сұрақтарға жауап береді:салмағы жағынан салыстыру үшін затты көтеріп, қолға салып көреміз немесе таразыға салып өлшейміз.

Таразының қайжағы басым болса, сол жағында ауыр зат жатыр деген сөз.

Сергіту жаттығуын орындайды.

2-тапсырманы орындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет