Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Тобы : Күні : Тәрбиеші : Білім саласы



бет60/87
Дата06.01.2022
өлшемі115,11 Kb.
#15471
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   87
Байланысты:
сабақтың технологиялық картасы

Іздену ұйымдастырушы

Дәптерімізді ашып, 1 тапсырманы шиелерді санаймыз.

Санды цифрмен белгілейміз. 9 цифрын табамыз.

Педагог 9 саны мен цифры туралы тақпақ оқып береді.

Акробат қыз мықты

Сахнаға шықты.

Бүктеліп белі қайысты

«9» болып майысты.

Цифрды бастырып сызамыз.

Санды ауаға « жазамыз».Содан соң аяғымыздың ұшымен еденге саламыз. Енді қарындашты алып, дәптердегі санды салып шығамыз: алдымен дөңгелек сызықты жоғарыдан төмен түсіп, сызықты солға бұрамыз. 9 санын қолды үзбей жазуды үйрету.

Сергіту минутын ( 9 рет секіру,оң аяқпен 9 рет, сол аяқпен 9 рет жерді тебу, 9 рет қол шапалақтау, парталас досыңмен 9 рет алақан соғу және т.б.) өткізгеннен кейін, тапсырманы орындайды. Цифр,сан және нүктемен берілген сан үлгісін суретпен сәйкестендіру қажет. Бұл сабақта жазба үлгіден жасалған текшемен жұмыс істеуді бастаймыз (нүкте арқылы 1- ден 9- ға дейін, 9-дан 1-ге дейін тура және кері санау). Содан соң балалардан көзді жұмып, сандар тізбегіне қарамай санауды сұрайды.

№2 тапсырманы орындауға береді. Балалар тиісті цифрды көрсетілген орынға жапсырады.

1- ден 9-ға, 9-дан 1-ге дейін тура және кері санауды ұсынады.

Топ деңгейіне қарай нәтижесі 9 болатын мысалдар құрастыруға болады.


Заттарды санаймыз

9 цифрын табады және талдайды.

Цифрды көрсетеді.Ауаға санды жазады. Цифрды саусақпен сызып шығады. Еденге аяғының ұшымен жазады. Тура, кері санайды.

Үлестірмелі материалмен жұмыс істейді: тиісті затты санап алып, цифрды көрсетеді.

Дәптердегі 2-тапсырманы орындайды. Тура, кері санайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет