Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Тобы : Күні : Тәрбиеші : Білім саласы



бет57/87
Дата06.01.2022
өлшемі115,11 Kb.
#15471
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   87
Байланысты:
сабақтың технологиялық картасы

Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық қозғаушы

-Балалар, сендер бәрің сырғанағанды жақсы көресіңдер ғой? Ендеше, сендерді сырғанаққа шақырамын.

Балалар ойынға қызығушылық танытады.

Іздену ұйымдастырушы

Демонстрациялық материалдың 17-кестесін пайдалану. Тәрбиеші сырғанаққа 7баланы орналастырады. Ал 8-ші баланы баспалдақтың қасына қояды.

-Неше баланың сырғанақ тепкісі келіп тұр? (7), карточканы қояды.

Қараңдар, міне тағы бір бала сырғанаққа өрмелеп барады. Олар нешеу болады?

7 +1=8


-Бүгін біз қандай санды өтеміз, кім айтады?

-Санап шықтық: картикада 8 баланың суреті салынған. Тағы бір рет санаймыз. Ешкім қалып қойған жоқ па?

Санды цифрмен белгілейміз. 8 цифрын табамыз.

Педагог 8 саны мен цифры туралы тақпақ оқып береді.

Мынау жатқан қайшы,

Ал «8» саны қайсы?

Оның екі көзі-

Сегізіңнің өзі.

Цифрды бастырып сызамыз.

Санды ауаға « жазамыз».Содан соң аяғымыздың ұшымен еденге саламыз. Енді қарындашты алып, дәптердегі санды салып шығамыз: алдымен жоғары шеңбердің сол жағын, содан соң төменгі шеңберді солдан оңға қарай сызамыз; сосын жоғарғы шеңбердің оң жақ шетін дөңгелетіп сызамыз.

Сергіту минутын ( 8рет секіру,оң аяқпен 8 рет, сол аяқпен 8рет жерді тебу, 8 рет қол шапалақтау, парталас досыңмен 8 рет алақан соғу және т.б.) өткізгеннен кейін, тапсырманы орындайды. Цифр,сан және нүктемен берілген сан үлгісін суретпен сәйкестендіру қажет. Бұл сабақта жазба үлгіден жасалған текшемен жұмыс істеуді бастаймыз (нүкте арқылы 1- ден 8- ге дейін, 8-ден 1-ге дейін тура және кері санау). Содан соң балалардан көзді жұмып, сандар тізбегіне қарамай санауды сұрайды.

№2 тапсырманы орындауға береді. Балалар тиісті цифрды көрсетілген орынға жапсырады.



Заттарды санаймыз.

Мысал құрастырады:

7 +1=8. Сабақтың тақырыбын табады.

8 цифрын табады және талдайды.

Цифрды көрсетеді.Ауаға санды жазады. Цифрды саусақпен сызып шығады. Еденге аяғының ұшымен жазады. Тура, кері санайды.

Дәптердегі 2-тапсырманы орындайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет