Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Тобы : Күні : Тәрбиеші : Білім саласы



бет73/87
Дата06.01.2022
өлшемі115,11 Kb.
#15471
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   87
Байланысты:
сабақтың технологиялық картасы

Тобы :

Күні :

Тәрбиеші :

Білім саласы: «Таным»

Бөлім саласы: ҚМТҚ

Тақырыбы: Заттарды салыстыру . Қарапайым мысалдарды шығару. Салмағы бойынша салыстыру. Өлшеу. Салмақтың мөлшеріне байланыстылығы.

Мақсаты:

  1. «тең», «артық», «кем» қатынастарын қоя білу, «сан» және «цифр» терминдері туралы білімдерін бекіту, заттарды санау дағдыларын жетілдіру,

  2. Талдау, қорытындылау дағдыларын дамыту.

б) жинақылыққа тәрбиелеу.

Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық қозғаушы

-Ойыншықтар дүкеніне барғыларың келе ме?

Қане, онда не бар екенін көрейік?



Ұсынысқа қызығушылық танытып, ойынға араласады.


Іздену ұйымдастырушы

-Ойыншықтар сөресіне қараңдар. Сол жақтағы және оң жақтағы ойыншықтарды салыстырыңдар. Не артық? Не кем? Қалай теңестіруге болады?

Артық ойыншықтың бар-жоғын білу үшін ойыншықтарды бір-бірінің астына қоямыз немесе жұптап сызық жүргіземіз. Тәрбиеші тақтаға шыққан балаға бір сөренің екі жағында орналасқан заттар арасындағы бір сөренің екі жағында орналасқан заттар арсындағы өзара мағыналы сәйкестікті қоюға көмектеседі.

-Олар тең болу үшін не істеу керек?

-Дұрыс. Бір жағынан артық ойыншықты алу керек немесе жетпей тұрған ойыншықты қою керек.

-Сол жақта неше ойыншық барын санаймыз.

Тәрбиеші балалардан ойыншықтарды қолымен ұстап, дауыстап санауларын сұрайды. 4 ойыншық болды (мысалы, ойыншық саптаяқтар)

-4цифры жазылған карточканы қоямыз. Тәрелкелерді санаймыз. Олар неше? (3)

-Не артық? Не кем?

«>» таңбасын қоюға болады, бұл 4-тің 3- тен артық екендігін білдіреді. 4>3

Тәрбиеші жазудағы 4, 3 сандарының және «>» таңбасының нені білдіретінін айтуды сұрайды.

-Біз, керісінше, 3<4 деп те айта аламыз. Тәрелкелер саптаяққа қарағанда кем. Енді басқа сөредегі ойыншықтарды санаймыз. Неше шырша? (5). Неше саңырауқұлақ?(4). Бұл былай жазылады: 5>4. Былай да болады: 4<5. Енді осы жазудағы әр цифр мен таңбаның нені білдіретінін айтыңдар.

Осы сабақта таңбаларды міндетті түрде есте сақтауды талап етудің қажеті жоқ, өйткені бұл-келесі оқу жылының міндеті. Ары қарай тәрбиеші заттардың екі түрінің де санының тең болғандағы жағдайын салыстыруды ұйымдастырады.

-Алманың нешеу екенін санаңдар (5)

-Алмұртты санаңдар. (5) Не артық? Не кем? Олар тең. Олар тең екендігін жазу үшін қандай таңба қолданамыз? Дұрыс, бұл «=» таңбасы. «5=5» жазуын оқыңдар.

Балалар өзара мәндес сәйкестікті қойғаннан кейін, сандарды салыстыра алса немесе сандар кесіндісі негізінде салыстыруды жүргізе алса жеткілікті. Онда мынадай жұмыс жүргізіледі. Заттарды санап болғаннан кейін тәрбиеші сандар кесіндісінде осы сандарды белгілеп көрсетіп, содан соң салыстырады. Егер сан оң жаққа қарай болса, ол әрқашанда артық, ал сол жаққа қарай болса, онда кем.

Жаңа тақырыты бекіту үшін, дәптердегі №1 тапсырма орындалады.




Салыстыру және теңестіру тәсілдерін ұсынады. Теңестіру үшін, бір жағынан артық затты алу немесе жетпей тұрған ойыншықты қою керектігі туралы қорытынды жасайды.

Балалар ойыншықтың әрқайсысын ұстай отырып санайды.

Цифр жазылған карточканы алады. Тәрбиеші таңбаны көрсеткеннен кейін, карточкаға жазылған таңбаны тауып, сандардың арасына қояды. Алынған жазуды әр цифр мен таңбаның нені білдіретінін айта отырып, оқиды. Саны бірдей ойыншықтарды салыстырып, теңдік құрастырады.

5=5 Оны оқидыү

1- ден 10-ға дейінгі сандар кесіндісімен жұмыс кезінде сандарды кесіндіде белгілейді және қай санның артық ке екенін анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет