Қатысушылардың сыртқы пішініне қойылатын талаптар: командалар өз еріктеріне сәйкес бырынғай үлгідегі форма киюіне болады. Бырынғай үлгідегі форма киген жағдайда, командаларының мүшелері – комбинезон, топ (іші жабық) және шалбар, топ (іші жабық) және юбка + гимнастикалық трико, киілетін жилеттер мен топтардың (іші жабық) салбыраған, жалбыраған жиектері, болмаса алынып – қосылатын бөліктері болмау керек. Костюмдердің матасы қарқынды қимылдарға кедергі бермеу үшін, жұмсақ және созбалы (эластичная) матадан болуы тиіс. Костюмдердің матасы өте жұқа (прозрачный) болмауы тиіс, себебі астынан адам денесі көрінбеуі керек. Сонымен қатар, ішкі киім (міндетті түрде көрінбеуі тиіс) көрінетін маталардан әзірленген костюмдерді қолдануға тиым салынады. Қолданылатын униформаның алынып – салынатын бөлшектердің болуына тиым салынады. Әскери тақырыпты, зорлық-зомбылықты, діндік насихатты, эротиканы насихаттайтын костюмдерді қолдануға қатаң тиым салынады.
Аяқ киім: табаны мықты спорттық аяқ киім. Аяқ киімнің бауы болған жағдайда – баулары мықтылап байланып, іс-қимылдарға кедергі жасамауы керек.
Сайыстық жұмысты әзірлеу барысына қойылатын талаптар: би қимылдары, қызықты ауыспалы құрылыстар мен өзара құрылыс қимылдары, қарама – қарсы жоспарлар, т.б.
сонымен қатар, ұрандату, музыка әуеніне сәйкес бірдей жасалған іс-қимылдар, би қимылдары, көркем гимнастикасының элементтері, түрлі секірулер, мимикалар, пантомимикалар.
Бағалау критериилары: командалардың бағдарламаларын көрсетулері келесі критерийлер бойынша бағаланады: 1- зрелищность (құрылыс құру мен өзара байланыстың ерекше идеялары, қимылдар мен музыкалық сүемелдеудің тиімді таңдауы, әртістік қабылет т.б.); 2 – барлық қатысушылардың элеметтерді синхронды түрде жасалуы; 3 – қатысушылардың сыртқы пішіні, 4 – постановка, 5 – атрибутика (қосымша қолданылған заттар), 6 - ұран. Әрбір критерий 10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.
Нәтижелерін шығару мен марапаттау: Жеңімпаздар Қызылорда облысының полиция департаментінің бағалы сыйлықтары және дипломдарымен марапатталады.