Бизнестің қаржылық аудиті



Дата12.05.2023
өлшемі0,79 Mb.
#92061
Байланысты:
Бизнестің қаржылық аудиті

Бизнестің қаржылық аудиті

Орындаған:Тағай.Ж

Қабылдаған:Адиханов.Қ


Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып , мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.
Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың «өз ісіне» деген табиғи ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің ерекше түрі – кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп соғады .
Бүгінгі таңда басқарушылық құрылымды ақпараттық және бақылаушы-талдамалы міндетті істермен қамтамасыз етуді жүзеге асыру барысында еңбекті саралаудың объективті процесі жалғасын тауып отыр. Мысалы, бухгалтерлік есеп пен экономикалық талдауды қаржылыққа және басқарушылыққа, ал аудитті – сәйкестікке орай, жалпыға, қаржылық есеп беруге, ішкіге, сыртқыға, операциондыққа, функционалдыққа, технологиялыққа және т.б. бөлу. Бұл бухгалтерлік есептің, қаржылық-экономикалық талдаудың, аудиттің басқарушылық қызметтерін жүзеге асыру саласындағы дамыған елдердің алдынғы қатарлы тәжірибелері мен озық тұжырымдамаларын әлдеқайда тиімді пайдалану қажеттілігінен туындайды. Қызметті жақсы ұйымдастырудың резервтерін анықтау үшін басқарушылық шешімге орай қаржылық ресурстардың қозғалысы туралы шындыққа жанасымды ақпарат аса қажет. Деректерді уақытылы бағалау, саралап баға беруге мүмкіндік береді және әртүрлі қатысушылардың, атап айтқанда, инвесторлардың, қарыз берушілердің, жабдықтаушылардың, тұтынушылардың, меншік иелерінің, әкімшілік пен кәсіпорын қызметкерлерінің мүдделерін қоса ескеру арқылы тиімділікті арттырудың жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет