Жинақтаған Сатаев Медет Аманжолұлы



Pdf көрінісі
бет34/79
Дата12.06.2023
өлшемі2 Mb.
#100716
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   79
Байланысты:
Әдістер ҚОЙМАСЫ

 
 
«Кері байланыс бутерброды» 


Жинақтаған Сатаев Медет Аманжолұлы 
49 
Кері байланыс әр түрлі тәсілдермен берілуі мүмкін. 
Кері байланыс «бутерброды» дегеніміз бұл: 
1) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы 
да жағымды пікір білдіру; 
2) Жағдаяттық мәлімдеме – Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы .....  
«Кері ой қозғау» 
Техникалық 
объектінің 
кемшіліктері, 
қарама-қайшылықтары 
мен 
ақауларын айқындап, оларды жетілдіру қажет болғанда қолданылады. Тура «ой 
қозғаудан» айырмашылығы: мұнда сыни пікірлерге негізгі мән беріледі, 
қатысушылар зерттеу объектісінің олқылықтары мен жетіспеушіліктерін 
анықтауға тырысып, нақты техникалық проблеманы шешуге ұмтылады.
«Кластерлер» 
 
 
«Жүзімнің шоқтары» деген мағынада қолданылған – идеялар мен 
ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. 
 
Негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның (дәптердің) ортасындағы 
шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына 
жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне сызықтармен қосады да, 
өзара байланыстары туралы әңгімелейді.
Тақырыпшалардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға 
жауап ізденген де тиімді. Әдетте кластерлер оқушының жеке орындалуынан 
басталып, одан кейін жұмыс жұпта немесе шағын топта (4-6 адам) жалғасады.
 
«Комплименттердің бұрқасыны» 
 
Оқушылар берілген уақыт ішінде (1-1,5 минут) бір парақ қағазға өздерінің 
сүйікті адамдарынан естігісі келген комплиментті жазады. Комплименттердің 
жеке сөздер (эпитеттер) түрінде болмай, толық сөйлемдер түрінде болғаны дұрыс. 
Жазып болған соң оқушылар бұл парақтарды домалақтап, домалақ қармен 
атқыласқандай оларды бір-біріне лақтыруы керек. Содан кейін мұғалім 
оқушыларға бір-бірден «қар домалағын» ашып, оларды оқуды тапсырады. 
Комплименттерді барлық оқушылардың кезектесіп оқуына да болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет