Жинақтаған Сатаев Медет Аманжолұлы



Pdf көрінісі
бет71/79
Дата12.06.2023
өлшемі2 Mb.
#100716
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   79
 
«Тірек мәтін»


Жинақтаған Сатаев Медет Аманжолұлы 
89 
Мұғалім жеке оқушыға, жұпқа немесе топқа тақырып бойынша бірнеше 
сұрақ береді. Олар жазба түрінде жауап жазады. Жауап бере отырып, оқушылар 
осылай өтілген тақырыптарға тірек конспектісін жасайды. 
 
«Уақыт шеңбері» 
Мұғалім оқушылар сияқты орындықта немесе еденде отырады. Бұл мына
ерекше сынып тапсырмасында мұғалімнің директор емес, делдал екенін білдіреді. 
Мұғалім Уақыт шеңберіндегі құрылымдық ережелерінің сақталуына, әр 
оқушының эмоциясын қорғауға және лайықты тапсырмаларды дайындауға 
жауапты. Егер оқушылар ережелерді үнемі бұза берсе, мұғалім тапсырманы 
аяқтауға дайын болуы керек.
Уақыт шеңберіндегі ең маңызды ереже – талқылауға барлығы түгелдей 
қатысулары керек. Бұл - бірініші болып өткізілуге тиісті тапсырмалардың бірі.
Негізгі үш ережені талқылау керек: 
Тек біреу ғана сөйлеу керек – әңгіме тақырыбы ережелердің сақталуына
мүмкіндік туғызуы керек.
Егер сіз бір тақырып аясында сөйлегіңіз келмесе, «сөзіңізді» басқаға бере 
аласыз.
Ешқандай қатты ескерту болмауы керек.
 
«Ұйқасын тап!» 
Ойынның мақсаты: Балаларды өлең құрастыруға баулу. 
Ойынның шарты: Өлең жолдарында айтылуға тиісті ұйқас сөздерді табу. 
Қайсы күні қандай сабақ, 
Қалай менің үлгерімім? 
Еш жаңылып қалмай, санап 
Жүреді ылғи … . (күнделігім) 
Ой маржанын тере білген 
Әр жазушың, әр ақының. 
Әр сөзіңді емемін мен, 
Ана сүті – … . (Ана тілім) 
Достастырып әріптермен, 
Білімге жол салып берген, 
Алдымнан шам жағып берген 
Айналайын … . («Әліппеден») 
Мекендеген портфелімді, 
Беттер аппақ, ақ көңілді. 
Қызаратын қатем үшін 
Кірлетпеймін … . (дәптерімді) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет