Шешендік өнерді алғашқы зерттеушілер, жалғастырушы ғалымдар.
17ғ басында Ресейде шешендік өнердің теориясы қалыптасып, өркендей бастаған. Эпископ Макарияның «Риторика» оқулығын және М.И.Угасовтың 1699ж жариялаған оқулығын атауға болады. Орыс тілінде риторика оқулығын жазған әйгілі ғалым М.В.Ломоносов (1711-1765ж) болды. Оның шешендікке қысқаша басшылық атты оқулығы 1748ж басылған. Сондай-ақ ол шешендік дегеніміз ғылым деген еңбегінде мұның рухани қабілетпен ғылыммен, авторларға еліктеумен шығармашылыққа бейімдеумен басқа ғалымдарды меңгерумен және айқын күшті дауыс, мықты рух, кең кеуде тәрізді табиғи ерекшеліктермен біртұтас екендігі баяндалған.
Шешен сөзі тыңдаушылардың сезіміне әсер дарытуы қажет. Сөйлегенде даусың таза, мөлдір, кебірткісіз айтылуы ләзім деген екен.
Бұдан соң Харьков университетінің авторы ғылым академиясының орыс тілі мен риторика бойынша профессор И.С.Рыжевскийдің «Риторика тәжірибесі» атты еңбегі (1795, 1805, 1822ж) жарыққа шыққан. Бұдан соң тарихқа шыққан ақын және аудармашы А.Ф.Мерзляковтың (1778-1830ж) «қысқаша риторикасы» А.С.Пушкиннің ұстазы орыс және латын тілдерінің маманы А.И.Раманың прозалық туындыларының барлық текстеріне бағышталған шешеннің теориясы, философия докторы Н.Ф.Кегианскийдің (1781-1831ж) «Жеке риторикасы» 1832ж, «Жалпы риторикасы» 1854ж және АлександрІ заманындағы көрн\екті мемлекет қайраткері, математика, физика, философия және риторика пәнінің оқытушысы Михайл Михайлович Сперанскийдің жоғары шешендік теориясы 1844ж дейтін бағалы еңбектеріне ерекше атап өтуге болады. Сондай-ақ орыстың ұлы сыншысы
В.Г.Белинскийдің «Риториканың мазмұны мен міндеттері» деген мақаласында шешендіктің тұлғасына тоқталады. Ол шаршы топты өрнекті ойларымен иландырады, оның ұлылығы асқан шабытпен, құлшыныспен өлшенеді. Демек сөздің оттылығы мен жарқынымен, күшімен, көрнектілігімен баулап алады дейді.
Халқымыздың даналығық үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына. Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген.
Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен қатысты калыптасып, өркендей түсті. Шалкиз, Бұхар (XV-XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке билерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі – XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді. Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең-жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқалары – жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал-мәтелдердің орны ерекше.
Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: «Қазақтар… мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын», – деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған
Достарыңызбен бөлісу: |