Жыраулардың сөз жасаудағы әдіс-тәсілдері


Шешендік арнау және шешендік даудың турлері



бет38/40
Дата31.12.2021
өлшемі74,94 Kb.
#23493
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
. Шешендік арнау және шешендік даудың турлері.

Қазірде жаңаша ойлау диалектикасы тұрғысынан әдеби мұрағаттарымызды қайыра екшеп жатқан тұста билер функциясының аясын барынша кең арнада қарастырып жүрген еңбектердегі теориялық ой-пікірдің жоғарыдағы С. Сейфуллин еңбегінен бастау алатынын көреміз. Мысалы зерттеуші Мұқадес Есламғалиұлы би – көсем, би – шешен, би – ақын, би – заңгер, би – емші, мәмлегер, би – батыр, би – саясаткер, қоғам қайраткері, би – ойшыл-ғалым, би – психолог, әртіс, би – тәрбиеші деп қазақ билерінің халық өміріндегі, қоғам алдындағы он түрлі қызметін түстегенде, жоғарыдағы С. Сейфуллиннің пікіріне сүйгендігін байқаймыз.

Осылайша шешендік өнердің аясын айқындап, халықтық негіздері мен ұлттық сипатын бағдарлап, көркем сөз ретіндегі теориялық табиғатын тексере бастаған ғылыми-зерттеушілік ой-ағым отызыншы жылдардан кейінгі уақытта әдебиеттану ғылымындағы бел алып кеткен “тұрпайы социологизмнің” салқынына ұшырады. Сейфуллин зерттеулерінде табы сезіле бастаған бұл оңсыз теорияның ықпалы 1945 жылы қорғалған. Ә. Маметованың “Қазақ билерінің шешендік сөздері және оның әдебиеттегі тарихи орны” атты диссертациясына кері әсер етіп, кейін 1948 жылы шыққан “Қазақ әдебиеті тарихы” атты кітапта жал-құйрығы күзеліп, кейбір концепциялары алынып тасталды.

Ұлттық шешендік өнер, шешендік сөздер теориясының дамуының келесі бір кезеңі тікелей әдебиетші ғалым Балтабай Адамбаев еңбектерімен айқындалады. Балтабай Адамбаев М. Әуезов, С. Сейфуллин, Х. Досмұхамедов ұсынған “билер сөзі” терминін “шешендік сөздер” терминімен алмастырып, тақырып аясын айқындап, жанрдың ішкі үлгілерін мазмұнына қарай үшке, құрылысына қарай екіге бөледі.

“Шешендік сөздердің әлеуметтік және әдеби эстетикалық мәнін, жанрлық-көркемдік ерекшеліктерін ашып анықтау үшін сөз нұсқауларын талдаймыз және мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау деп үш салаға топтап зерттейміз”, - дейді [1].

Қазақ халқында белгілі бір мәселені талқылау кезінде шешен адамдардың тапқыр ойымен, шебер тілімен ауызша айтқан мазмұнды, көркем пікірін шешендік сөз дейміз.

Ақындық, шешендік өнердің өсіп-өркендеуіне қажетті жағдай еркін сөйлеуге бостандық, сөз бостандығы. Бұл жөнінде де қазақ қауымында сөзге тыйым салынбаған, сынға шек қоймаған. Тілімізде “би”, “шешен” деген сөздердің бір мағынаға бірігіп, кірігіп кеткені белгілі, би болу үшін бір ғана сөзге шеберлік жеткіліксіз. Бұл ең алдымен елдің шежіресін, тарихын ұлылы-кішілі ел басынан өткен уақиғаларды, тарихи қайраткерлерді, әсіресе дау-дамай, соғыс біткен мәселелеріне реттеу тәртібін екінші сөзбен айтқанда, әдет-ғұрып заңын жетік білуге тиіс. “Ойлансақ мың бір пәле тілден туған, шешендер топ ішінде белді буған”, - деп Шал ақын бекер айтпаса керек. “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” дегендей көп ішінен дарынды шешендер шыққан. Шешендердің басым көпшілігі билеуші тап өкілдері болған. Көбінесе шешендер жер дауы немесе жесір дауы немесе ердің құнымен байланысты айтылған билік төрелік сөздер. Шешендік сөздер, өнер көп жағдайда әншілік, күйшілік тіпті ақындық сияқты өнер танымай кейбір тыңдаушы адамдардың “жақсылар” мен жайсаңдардың жеке бастарының қасиеттері ретінде де бағаланған. Ақындар сияқты шешендер арнайы өнер жарысына түспеген, түсуге арналған, олардың шешендігі белгілі бір дауларды шешу үстінде көрінген, шешендік – тапқырлық сөздері белгілі бір мақсатпен байланысты туыған. Олардың дауласқан, айтысқан мәжілістеріне екінің бірі араласа алмаған. Алайда үстем тап өкілдері ру басы – билер шешендік өнерді өзінің шын иесі халықтан бөліп – жарып әкете алмаған. Нағыз кедей мен жарлы жалшыдан небір күміс көмей, жез таңдай халық шешендері шығып, әдеби тілімізді, тілдік қорымызды байытуға қалыптастыруға қазақтың алғашқы авторлары өлең-жырлары, аңыз-әңгімелері, шешендік сөздері әз Жәнібек хандығының төңірегінде дамыған. Қазақтың шешендік өнері үш жүздің басын қосқан Тәуке ханның тұсында, ханның ордасы Түркістан қаласында жанданған, ердің ұнына екі ауыз сөзбен бітірген даңқты дала Демосфендері ме Цицерондары, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би және қара жігіт Әйтеке шешендердің атақ-даңқтары да осы кезде шыққан.

Халық “Әйтеке бауыздап, Қазыбек іреп, Төле мүшелеп берер”- деп Әйтеке айтса “қандай қиқар даукесің де қалай құлақ аспасқа”, Қазыбек айтқанда төресі осы тығыла кетпеске лажы жоқ еді деп кесіп айтқан. Сондай –ақ халық тағы да “Әйтеке жорып жеткізіп айтады” деп үш биге байланысты бағасын беріп қойған.

Елімізде қалыптасқан шешендік сөздердің басқада қайталанбас өзіндік ерекшеліктері де мол. Бұлар – “аттың жалы, түйенің қомында” көшпелі өркениеттің мақсат-мүддесіне сай ауызекі, суырыпсалмалық дәстүрінде туған мұралар.

Суырыпсалмалық қазақ өнерінің қай-қайсысына болмасын тән, бірегейі құбылыс. Дәстүрлі қазақ өнерінің негізгі қасиеті сақталған жыраулық өнерді, ақындық өнерді, жалпы кең мағынасындағы ақындық өнерді импровизациясыз пайымдау аса қиын. Қазақ шешендік өнерінің бұл сипатын С. Негимов тілімен айтсақ: “Қазақ шешен билерінің импровизациялық қабілет қарымы шешендік өнердің ең жоғарғы биігіне шыққан деуге болады. Әрине қаумалаған қауымды дүр сілкіндіру, ой-қиял теңізіне жүздіру, ынта-ықыласын арттыру шешеннің табиғат сыйлаған қасиетінің үстіне табанды ізденістерімен, білім қорын үнемі жаңартып, түйінді қорытындылар шығарып, мәнерлі, әсерлі, әуезді тілмен жеткізумен ерекшеленеді”. Соңғы кезде қазақ балаларына арналған ауыз әдебиетінің үлгілерін, оның салаларын оқытуға ерекше көңіл бөлінуде. Оқу материалдарына аңыз әңгімелер, мақал-мәтелдер, жырлар, шешендік сөздердің түрлерін балалардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізу дүние танымын кеңейтуге, жан-жақты дамуына ықпал етеді. Жас ұрпаққа қазақтың би – шешендерінің өмірінен мәлімет беріп қызықты тұстарынан сөз қозғау өнегелі істерге апарар жол.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет