Жыраулардың сөз жасаудағы әдіс-тәсілдері


Қазақтың би- шешендері сөзіндегі тапқырлық, ұтқырлық мәселелері



бет12/40
Дата31.12.2021
өлшемі74,94 Kb.
#23493
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40
Байланысты:
Документ (178)

Қазақтың би- шешендері сөзіндегі тапқырлық, ұтқырлық мәселелері.

«Өнер алды — қызыл тіл», — деп білген халқымыз ежелден сөз өнерін қадірлеген. Мұралардың ең қымбаты, асылы — сөз өнері. Қазақ халқы қымбат сөздің, киелі сөздің құдіретіне бас иген. Сөз өнерінен аяулы, ардақты өнер жоқ, өйткені ол — ұлтымыздың ақыл-ойы, ар-ожданы, абыройы.

Сөз өнерінің негізін, əрине, сөз түзеді. Қазақтың киелі де, қасиетті шешендік өнері «бар өнердің биігі» ретінде саналған. Оған тағы да бір дəлел «Қазақ халқы сөз өнерін жоғары бағалаған. Ол өнердің ұшар биігі де, қоңыр жайсаңы да — біздің қазіргі өміріміз деп білем», — деп жазады ғалым М.Б.Балақаев [1] «Қазақ əдеби тілі» атты еңбегінде.

Шешендік сөздер — мəн-мағынасы терең тəрбиелік мəні зор, кұнды дүние. Ең алдымен, шешендердің сөздері ауызекі айтылып, ауызша таралған, халық жадында сақталған.

Шешендік сөздер деп қазақ халқының өмірінде арғы-бергі кезеңдерде ғұмыр кешкен белгілі бір тарихи тұлғалар есімдеріне байланысты айтылатын өнегелік мағына-мазмұны терең сөздерді айтады. Шешендік сөздер өскелең ұрпақты ақылдылыққа, төзімділікке баулып, елді, жерді сүюге, батырлық пен елдікті, ізгілік-жақсылықты дəріптеп, əділдік үшін күресуге, ел қамын жейтін қамқор азамат болып өсуге тəрбиелейді.

Қазақ халқы шешендік өнерді, оны иеленуші адамды ерекше құрмет тұтқан. Шешендіктің арнайы мектебі дегенді білмеген қазақ даласында «би» мен «шешен» атанудың жазылмаған өзіндік қағидалары мен ережелері болған. Мəселен, «би шешен» дегендегі «би» сөзінің өзінің беретін мəні, атқаратын қызметі ерекше болған.

«Би» атанған адам қандай болуы шарт? Би сайланбалы қызмет емес, ел ақсақалдарының ұйғарымы, өзара келісімі мен шешімі бойынша елдің салт-дəстүрін білетін, шежіреден хабары бар, аузы дуалы, шаруасы түзу, ата тегі белгілі жəне елге беделді, сыйлы адам болған; би жас ерекшелігіне бағынбайтын қызмет.

Ертедегі ділмəр шешендердің көсем де, шешен сөздері кім туралы, кімге, не мақсатпен айтылғаны əр түрлі жағдайларда жүзеге асқан. Би-шешендердің құнды ойлары тегіннен тегін айтыла салмаған, орынды жерде, белгілі бір мақсатта жүйелі қолданыс тапқан. Мəселен, келелі мəселелер үлкен жиын-топтарды, тіпті отбасы, ошақ қасын да қамтыған. Онда тез арада шешімін табуы тиіс мəселелер дидактикалық ақыл-өсиетке толы философиялық ой-түйіндер де молынан кездеседі.

Қазақтың би-шешендері ғасырлар бойы ұрпақтарды сөйлеу мəдениетін игеруге қалыптастырды [3; 26]. Шешендік сөздер, негізінде, халық даналығынан туған асыл мұра, халықтың асыл қазынасы. Мазмұны халықтың бастан кешірген өмірін, арманы мен қиялын көрсетеді. Өмірге, дүниеге көзқарасын, ой-өрісін бейнелейді. Халық өзінің қиялдаған арманына қашан да жетемін деген сенімнен айрылмаған. Өмірдің сан алуан құбылыстарды бір-бірімен теңеп, салыстырып, болашағын болжап, қиялдап сөйлеген сөздер табысқа, жеңіске жетуге құлшындырып, рухтандырып отырған, қуаныш үстінде дем берушілік, реніш тұсында жұбатушылық қызмет атқарған.

Би — дау-жанжалға билік айтушы білікті адам. Би халықтың əдет-ғұрпын, салт-дəстүрін жақсы білумен бірге сөз таласында шешендігімен, даулы істі қарауда тапқырлығымен дараланып, ел ішінде белгілі жан болған.

Билер билік шығару, ол биліктердің орындалу əдістерін белгілеуде тең құқықтарын пайдаланған. Олар кіші, орта жəне ішкі орда хандарының кеңес құрамына кіріп, хандар саясатына елеулі ықпал жасаған. Ел ішінде «Билер соты» деген Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарына дейін болды.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет