Орта ғасырдағы шешендік өнердің дамуы.
Орта ғасыр ескерткіштерінің тарихи, теориялық мәні түркологияда бір ғасыр бойы жан-жақты айтылып келеді.
Басқа түркі халықтары сияқты қазақ халқының тарихына қатысты орта ғасыр жазба мұралары қазақ шешендік сөздерінің қалыптасуында елеулі роль атқарған. Орта ғасырда өмір сүрген ғұламалар жан-жақты энциклопедист ғалымдар, философтар болумен қатар, тіл өнерінің жетістіктерін меңгерген дарындаы шешендер болғандығы мәлім. Батыс пен Шығыс ғалымдары жетістіктерін ұштастырғанкемеңгер ғалым Аритотельден кейінгі екіші ұстаз «Әл мхұғалим ас-сани» атанған әл Фараби де заманында таланты да білімді, шешен тілді ақын болған.
“Оғыз-нама ”- түркі тек тес халықтардың ежелгі шежіресін генелогиялық аңыздар негізінде көркем тімен баяндайтын эпостық шығарма. “Оғыз-наме” -әрі көркем, әрі –тарихи туынды деуге болады.
“Оғыз-наме ” – де негізінен оғыз қағанның әскерри жорықтары, батырдың қан майдан соғыстағы ер лік істері мадақталады. Шығарманың негізгі идеасы – елді ауыз бірлікке, ерлікке адамгершілікке үндеу халықты сыртқы жауға қарсы күреске шақыру. Оғыз қаған немесе Оғыз хан туралы сан қилы аыздар түркі халықтарының арасында ерте кежден –ақ кең тараған. Ежелгі аңыз ертегілерді Оғыз- түркі халықтарының теңдесі жоқ алып батыры, Әскери қол басшысы, өз Еліні қамқоршысы ретінде бейнеленеді. Бұл көркем туындыны ауызша тараған нұсқалары негізінде кейінрек байта жазылған екі түрлі нұсқасы бар. Бірі – ұйғыр әріпімен көшіріліп жазылған. “Оғыз-наме ” –жырының осы нұсқасы Париждің ұлттық кітапханасында (қорында) сақталып келеді. Екіншісі- араб әріпімен жазылған. Оғыз батыр туралы аңыздардың араб әрпімен жазылған нұсқасының авторы – атақтықты тарихшы, белгілі әскери қол басшы, Хиуаның ханы Әбілғазы бин араб Мұхамммед хан (1603-1663).
“Оғыз-наменің ”-біз атап кеткен екі нұсқасынан басқада бір қатар вариантары бар. Мәселен, Оғыз жөніндегі деректер атақты тарихшы Хондамердің (1475-1535) “Хуласат ал -ахбар” (тарифи мәліметтер жинағы) атты еңбегінде де бар. Ал, енді Стамбул нұсқасында “Оғыз-наме ”-аңызы “Қорқыт ата ” кітабы мен біріктіріліп берілген.
Шынында да “Оғыз-наме” мен “Қорқыт ата” –кітабюының кейбір тұстары өзара үндесіп жатады.
“Олғыз-наменің” ұйғыр әріпемен көшірілген нұсқасы тарихи шежіреден гөрі көркем шығармағы жақын.
“Оғыз-наме” аңызының Париж ұлттық кітапханасында сақталған нұсқасы көлемі жағынан онша үлкен емес. Қол жаба небәрі 21 – парақ немесе 42-бет болып келеді. Әр бір бетке 9- Жолдак ғана жазылған. “Оғыз-наме ” өзінің композийиялық құрлысы жағынан “Күлтегін” жырына өте –мөте ұқсас друге болады. Оғыз батыр жөніндегі прозалық хикаяда композициялық құрылысы жағынан Күлтегін жырына ұқсас. “Оғыз –наме ” – 40- тан астам цикл – хикаяда тұрады. Әр бір циклда Оғыз қаған туралы белгілі бір оқиғалар баяндалады.Сон дай-ақ әрбір циклдың өзі үш элементі қамтиды, олар 1. Оқиғаның басталуы. 2. Оқиға желісінің ұлғайып, өрістеуі.
Достарыңызбен бөлісу: |