60 жастағы әйел адам қатты үй жинап жүргенде пайда болған бас аурумен және сол аяқ-қолдағы әлсіздігіне шағымданып түсті. Ұзақ уақыт бойы «Гипертониялық ауру» диагнозымен кардиологта бақылауда. Қарағанда: есі шатасқан, бет гиперемиясы, АҚ – 210/120 мм сын.бағ. пульс – 90 рет минуту, ырғақты. Неврологиялық статус: желке бұлшыұеттері ригидтілігі, сол жақ көру аймағының түсуі, сол аяқ-қолда қозғалыстың шектелуі, сіңір рефлекстерінің күшеюі, Бабинский оң сол жақтан, бетте, денеде, аяқ-қолда сол жақтан сезімталдылықтың барлық түрінің жоғалуы. Артынан жағдайы нашарлайды, ұйқышылдық және қылилық пайда болады.