Жіті респирациялық аурулар жедел және созылмалы бронхит. Фарингит



бет3/11
Дата07.02.2023
өлшемі488 Kb.
#65915
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Жіті респирациялы? аурулар жедел ж?не созылмалы бронхит. Фаринги

ЖЕДЕЛ БРОНХИТ ЖӘНЕ БРОНХИОЛИТ

  • Жедел бронхит — бронхтар кілегей қабығының диффузды бейспецификалық жедел (жедел эндобронхит), сирегірек -қабырғасының барлық қабаттарының бір мезгілде қабынуы (панбронхит).
  • Жедел бронхиолит — ұсақ, диаметрі 2 мм-ге дейінгі, бронхтардың және бронхиолалардың, яғни диаметрі 1 мм жіңішке тыныс жолдарының шеміршексіз бөліктерінің жедел қабынуы.

ЭТИОЛОГИЯСЫ.

  • Жедел бронхит пен бронхиолитті шақыратын себептер:
  • көбіне жедел респирациялық вирустық аурулардың асқынуынан дамиды, сондықтан инфекциялық аурулардың қатарына жатады.
  • Жедел бронхиттің 90%-да анықталатын қоздырғышы — вирус немесе микоплазма.
  • Кейде жедел бронхит қызылшаның, көкжөтелдің асқынуынан да болады.
  • Әр түрлі физикалық-химиялық ықпалдар (аса салқын немесе ыстық ауа, түрлі шаңдар, сілті, қышқылдардың булары, азот тотығы, күкірттің қос тотығы) әкеледі.
  • мұрын, көмекей инфекциясы
  • шылым шегу, ішкілікке салыну
  • ауаның аса ылғалдылығы,
  • өкпе тамырларындағы қан іркілісі.
  • Аурудың дамуында тыныс жолдарының ауаны физикалық тазарту функциясының төмендеуі аса маңызды.
  • Жедел бронхиолит, әдетте, балаларда кездеседі, оның қоздырушылары риносинцитиальдік, сирегірек парагриптік немесе аденовирустық инфекция.

ПАТОГЕНЕЗІ

  • Бронхтық эпителийге вирустардың енуінен, ондағы зат алмасуы бұзылып, эпителийлік жасушалар түлеп жойылады.
  • Бронхтық эпителий зақымдануының ауырлығы қоздырғыштардың патогендік қуатына тәуелді.
  • Вирустар бастаған қабыну процесіне бактериялар қосылады.
  • Әдетте, вирустық бронхиттің басталуынан 2-3 тәуліктен соң, бронхтардың қабырғасына тереңдеу ене алатын, қабыну процесіне бактериялық флора қосылады (көбіне пневмококк).
  • Инфекциямен зақымданып түлеген эпителий, сауыққаннан кейін өз қалпына қайта келеді.
  • Асқынбаған жағдайда жедел бронхит 7-14 күнге созылады. Бірақ, кей жағдайларда ұзаққа созылып, созылыңқы түріне айналуы ықтимал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет